Білімділік: Оқушыларға ақын Сәкен туралы мағлұмат беру, «Ақсақ киік»
өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын меңгерту, өлеңді
теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,
тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше зерттеу,
талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір
қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелілік: Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей
білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, музыка, тарих
Көрнекілігі: ақынның портреті, Қазақстан картасы, тест сұрақтары, киіктің суреті,
жаралы киіктің суреті, интерактив тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру, тест сұрақтары, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен амандасу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ерекше сабақ екенін ескерту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қане, балалар өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?
(Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны)
Қазір жыр алыбы Жамбыл және оның дастаны төңірегінде сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. Жамбыл кім? Қай жылы қай жерде дүниеге келді?
Жамбыл ақын, айтыскер, дастаншы. 1846 жылы Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
2. Жамбылдың әкесінің аты кім?
Жамбылдың әкесінің аты Жапа
3. Жамбылдың дастандарын атаңыз
«Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», «Саурық батыр»
4. Ақынға бата беріп ақындық өнердің қыр – сырын үйреткен кім?
Сүйінбай ұстазы
5. Жамбыл өмірінің соңында қай жерде тұрды, және мұражайы қайда орналасқан?
Жамбыл өмірінің соңында Алматыда тұрды, мұражайы Алматы облысы, Ұзынағаш ауданында орналасқан
6. Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?
Жамбыл 1945 жылы 99 жасында қайтыс болды
7. Жамбылдың қандай өлеңдерін білесің?
«Кедей күйі», «Жылқышы», «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой»
8. Өтеген батыр кім?
Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан. 15 жасынан соғысқа араласқан. Дастанда батыр, ақылды, қайырымды, күшті, намысшыл, уәдеге берік, туған жерін, халқын сүйеді.
9. Өтеген батырдың арманы не?
Еліне жайлы, шұрайлы, жақсы қоныс табу
10. Өтеген батыр неге ренжиді, қайда кетеді?
Елінің Жиделібайсын жеріне көшпегеніне ренжиді, елімен қоштасып Түркістанға кетеді.
11. Дастандағы халық арасына алалық салатын кейіпкерлер кімдер?
Байсары, Ерсары
12. Өтеген батыр еліне жайлы қоныс іздеп қанша жыл жүрді?
Өтеген батыр еліне жайлы қоныс іздеп 17 жыл жүреді.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Қызығушылықты ояту сатысы
Балалар мен сендерге бастауыш сыныпта өткен бір өлеңді оқимын. Сендер мұқият тыңдап, өлеңнің авторын еске түсіріңдер:
Кеңсің дала –
Туған ана,
Көйлегің кең, көк ала.
Жан беретін,
Тән беретін
Мейірімді ана – сен ғана.
Төсіңді емген,
Саған сенген.
Жан – жануар баласы.
Төсің сүтті,
Бауырың құтты,
Сен тіршілік анасы.
Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңі
Өте дұрыс. Ендеше, Сәкен туралы не білеміз? Ой шақырайық
ақын
жазушы сазгер
Сәкен
қоғам қайраткері драматург
Мұғалім киіктің суретін көрсетіп:
Балалар мына суреттегі қандай жануар?
Киік
Бүгін біз Сәкен ағамыздың осы бір сұлу жануар туралы «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.
Оқушылардың дәптеріне сабақ тақырыбын жаздырамын. Сәкен өмірі, шығармашылығы туралы айтамын.
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңін 1924 жылы жазған.
Мағынаны ажырату сатысы
Балалар бұл өлеңнің әні бар. Әнін де жазған Сәкен Сейфуллиннің өзі болатын. (ән тыңдау)
Өлеңде кездесетін жер, жануар, шөп атауларын дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Өлеңде Бетпақдала, Арқа туралы көп айтылады.
Балалар, Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөп даласы Арқа, яғни Сарыарқа (картадан көрсетемін) Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан Шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр. Батысы сазды, шығысы тасты құмды, шөлді жер. Бетпақдалада киіктер мекендейді. Киіктің мүйізі медицинада дәрі – дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті, мүйізі бағалы.
Балалар өлеңнің мазмұны туралы түсінігін кім айтады? (Оқушыдан сұраймын)
Енді, өлеңді сатылай кешенді талдаймыз. (Оқушыларға түсіндіремін)
Топтық жұмыс
І топ:
1) Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы
2) Өлеңде кездесетін жер, шөп атауы
ІІ топ:
1) Өлеңнен оқ тиген киік халін суреттеген тұстарды тауып оқы
2) Өлеңде кездесетін жануар атауы
ІІІ топ:
1) Киікті атқан адамға деген өз көзқарасыңды білдір
2) Табиғатты қорғау туралы мақал – мәтел айт
ІҮ. Сабақты бекіту, пысықтау
Сөзжұмбақ
С
ә
к
е
н
1. «Ақсақ киік» өлеңінде кездесетін шөп атауы (жусан)
2. Сәкеннің шын есімі (Сәдуақас)
3. Сәкеннің поэмасы (Көкшетау)
4. «Ақсақ киік» өлеңіндегі жер атауы (Бетпақдала)
5. Сәкен қай жерде дүниеге келген? (Қарағанды)
Тест сұрақтары
1. Сәкеннің анасының аты кім?
А) Зере Ә) Жамал Б) Ұлжан
2. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?
А) Құралай Ә) Ақбөкен Б) Бөкен
3. «Ақсақ киік» өлеңі қай жылы жазылған?
А) 1922 Ә) 1923 Б) 1924
4. «Ақсақ киік» өлең шумақтарында көп кездесетін ұйқас түрін атаңыз?
А) Қара өлең ұйқасы Ә) Кезекті ұйқас Б) Ерікті ұйқас
5. Сәкеннің әкесінің аты кім?
А) Сейітжаппар Ә) Сейфолла Б) Ахмет
6. Сәкен Сейфуллиннің романын ата?
А) Өткен күндер Ә) Тар жол тайғақ кешу Б) Асау тұлпар
Сабақты қорытындылау
(экраннан мына сөздер көрсетіледі де, мұғалім оқып беріп мағынасын түсіндіреді)
Алла тағала пендесіне «Жер бетіндегі барша тіршілік иесін қолыңа беремін: жазық дала, тау – тас, шалқар теңіз, айдын көл, ну орман. Қаптаған жануарларға да өзің иелік ет. Менен кейінгі жауапты – Сенсің. Жер бетіндегі өмір жақсы қалыптаса ма, жоқ әлде бүлініп ойраны шыға ма – саған байланысты. Түбі сенен сұраймын» деп аса зор міндет артып, шексіз билікті еркіне берсе керек.
Олай болса табиғатты аялау, оның әрбір бөлшегін қастерлеу, құрметтеу біздің еншімізде.