Мұғалімнің аты-жөні | Пәні | Сыныбы | Сабақтың тақырыбы | Күні |
Избасова Ұлмекен | Ана тілі | 4 а | Б. Бұлқышев «Ана» | 2015 |
Сілтеме | 4-сынып Ана тілі оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова Ана туралы нақыл, мақал сөздер, суреттер, презентация |
Жалпы мақсаттар | Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету. Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу. |
Оқыту нәтижесі | Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу |
Негізгі идеялар | Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу. |
Қолданылған модульдер | Сұрақ - жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, ойын. |
Сабақ бойынша жазбалар |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | уақыты |
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Топқа бөліну Бағдаршам түстеріне орай | «Бүгінгі күнге ізгі тілек» (Күн бейнесі) Табиғатқа жан бітіріп, жерге сәуле төгіп, айналаға шуақты нұрын шашатын не? (Күн.) Олай болса «Тіршілік нәрі, өмір мәні, көңіл сәні, табиғат жаны, бар бала әні» күнмен сәлемдесіп алайық. Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Қызыл, жасыл, сары түстер арқылы үш топқа бөлінеді | 2-минут |
І.Үй тапсырмасы Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтіні берілді және әжемізге хат жазып келу тапсырылды. Әжемізге жазып келген хаттарын оқыту (3-5 оқушыдан сұрау) Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою. Автордың апасына берілген мінездемесі. Қандай? Автордың балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен? Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінін оқимыз. | Балалар үй тапсырмасына жауап бере отырып, сұрақтарға жауап береді. Смайлик тарату арқылы ынталандырылып отырады. | 10-минут |
Ана дегенде ойымызға не оралады? Соны айтып шығайық Олай болса,балалар, біз бүгін, Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінімен танысамыз | Оқушы жауабы Топтастыру қадірлі қамқоршы Ана аяулы жарық өмір сыйлаушы | 8 минут |
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс. | Анаға қатысты әдемі де, әсерлі сөздерді түртіп алу Білемін Білмеймін Менүшін жаңа | 5-минут |
Қолдану Топпен жұмыс. Сұрақ-жауап оқулықтағы. Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық. Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу. Ойымызды толықтыра түсейік. ІІІ. Ой толғаныс. 5 жолды өлең құрастыру. 1. Зат есім. Кім? 2. Сын есім. Қандай? 3. Етістік. Не істейді? 4. 4 сөзден құралған сөйлем. 5. Балама сөз. | Анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың Ана Қадірлі,аяулы Тербетеді,әлдилейді, жұбатады Ана-жарық өмір сыйлаушы Шеше | 7 минут |
Талқылау Бүгінгі сабақта «Ана» мәтінімен таныстық Тізбектеп оқыту Топпен жұмыс Сергіту сәті «Кірпі Қаражорға» | Топпен жұмыс: Жалғасын тап ойыны І топ Ананың көңілі... Баланың көңілі.... ІІ топ Әке- Ана- Бала ІІІтоп Анаға қарап.... Әкеге қарап.... | 5 минут |
Жинақтау. Дәптермен жұмыс Эссе «Ана» | Ана тақырыбына эссе жазады | 3минут |
Үйге тапсырма беру | Б.Бұлқышев «Ана».мәтінін жаттап келу | 2-минут |
Бағалау | Формативті бағалау бағалау парақшасы арқылы баға қою | 2 минут |
Рефлексия Анаға тілек | Тілек ағашына аналарына тілектерін жазып жапсырады | 1 минут |
Сабақтан кейінгі рефлексия | Не сәтті өтті? Неліктен? | Не сәтсіз өтті? Неліктен? | Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін? |
Сабақтан кейін оқушылар топпен өткізген сабақтың қызықты екенін айтты. Әсіресе зерттеуге алынған оқушылармен сұхбат жүргізілді. Осындай сабақтар жалғасын тапса екен деп өз ойларын ортаға салды | Оқушылар топпен жұмыс кезінде ана туралы өз жүрекжарды тілектерін бір-бірімен таласып айтып жатты. Мирас-менің анам бәрінен де жақсы деп жауап берді,Гүлайна-мен анамды өте қатты жақсы көремін, Жұлдыз-анама ұзақ өмір тілеймін деді. Барлығы өз ойларын айтты. Үндемей қалған оқушы болмады. | Топқа бөліну кезінде аздаған қиыншылықтар кездесті. Себебі оқушылар үшін бұл алғашқы сабақ болатын. | Қиындықтарды жеңу үшін оқушылармен топтық жұмысты жүргізе отырып, топқа бөлінудің көптеген тәсілдерін үйрете отырып, өздеріне де қалай бөлінуге болатынын ойластырып келуге тапсырамын. |
Мұғалімнің аты-жөні | Пәні | Сыныбы | Сабақтың тақырыбы | Күні |
Избасова Ұлмекен | Ана тілі | 4 а | Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая» | 2015 |
Сілтеме | 4-сынып Ана тілі оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова Ана туралы нақыл, мақал сөздер, суреттер, презентация |
Жалпы мақсаттар | Өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңдегі өзекті түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Мейірімділікке, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижесі | Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу |
Негізгі идеялар | Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу. |
Қолданылған модульдер | Сұрақ - жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, ойын. |
Сабақ бойынша жазбалар |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | уақыты |
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 1,2,3- ке санау арқылы топқа бөлу | Бір-бірімізге шаттық шеңберін құра отырып, жақсы тілектерімізді білдірейік
Оқушылар сол шаттық шеңберінде тұрып, 1,2,3- ке санау арқылы топқа бөлінеді. | 2-минут |
І.Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы сұралады. Б.Бұлқышев "Ана" мәтінін жатқа сұрау. Сонымен қандай қорытынды шығаруға болады. Ассоциация жасау 1-топ Ана кім? 2-топ Ана көңілі қандай? 3-топ "Апамның астауы " мәтіні бойынша Апа қандай? Сонымен ана игермеген кәсіп, ана көтермеген жүк, ана алмаған асу жоқ екенін білдік Ой қозғау Ф.Оңғарсынова портреті арқылы сұрақ. Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? Фариза апа жөнінде мен не білемін? Ф.Оңғарсынова ана тақырыбында лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақындарының бірі. Ол көптеген өлең кітаптардың авторы. Бүгін біз Фариза апамыздың "Қанат туралы хикая" өлеңін оқып танысамыз. Сөздік жұмысы. ХИКАЯ--әдебиет жанрының бір түрі. Сюжетке құрылған оқиға желісі. Повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Қанат сөзін нелерге байланысты айтамыз?. /Ұшақ қанаты, құс қанаты, киіз үй қанаты/ | Оқушылар топтық жұмысты орындайды. | 10-минут |
Жаңа сабақ. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін. Тізбектеп оқыту Өлеңді оқығанда қандай көңілде болдың?. Балапанға не болды ? Көмек берілді ме? Бала балапан қанатын көріп қандай ойға қалды? Өлең шумақтарымен жұмыс. 1-ші шумақты мән беріп оқы. Обал дегеніміз не? Обал-қазақ халқының жас ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымы. Обал ұғымы қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген мағынаны білдіреді. 2-ші шумақта бойынша. Автордың балапанға көрсеткен көмегі не? Балапан қанатының нәзіктігін көрсету. 3-ші шумақта балапан қанатына қарап бала қандай ойға қалды? Не ойлады? 4-ші шумақты мән беріп оқы. Неге автор осы екі сөзді тандаған деп ойлайсың? (Әке, ана) Қатер деген сөзді қалай түсінесің? 5-ші шумақты оқи отырып өзіңе ұнамаған сөзді тап. Ол сөз "мүгедек". Осы сөзді өмірде болдырмау керек.6-шы шумақ. Бала не деп тіледі? | Оқушы жауабы Ренжідік, Аядық қуандық, таң қалдық Оқушылар өлеңді тізбектеп оқи отырып, өлең шумақтарын сұрақтар арқы талдайды. | 8 минут |
| | |
Қолдану Топпен жұмыс. Сұрақ-жауап оқулықтағы. Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық. Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу. Ойымызды толықтыра түсейік. ІІІ. Ой толғаныс. 5 жолды өлең құрастыру. 1. Зат есім. Кім? 2. Сын есім. Қандай? 3. Етістік. Не істейді? 4. 4 сөзден құралған сөйлем. 5. Балама сөз. | Анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың Ана Қадірлі,аяулы Тербетеді,әлдилейді, жұбатады Ана-жарық өмір сыйлаушы Шеше | 7 минут |
Талқылау Топтық жұмыс 1-ші топқа тапсырма: Өлеңнің 4-ші шумағындағы жолды қайта қарастырып мүмкіндігіңше өзгерт, не толықтыр. Оң қанатым-........... Сол қанатым-......... Бірі түссе қатерге, .............................. 2-ші топқа тапсырма: Ұйқас бойынша өлең шығар. ......................... боламын, ............................ аламын ......................................... Әкем менен анамның. 3-ші топқа тапсырма: мақал-мәтелді толықтыр 1.Ана сүтін ақтамағанды, ..---------------- 2.Әкеге қарап ұл өсер,---------------- 3.Баланың білегі ауырса,-------------- 4.Әке көрген - оқ жонар --------------- | Топпен жұмыс: 1-топ Оң қанатым-әкешім Сол қанатым-анашым Бірі түссе қатерге Қайырылады қанатым 2-топ Мен әдепті баламын, Кілең «5»-тік аламын Айтқан тілін аламын Әке менен анамның 3-топ Ана сүтін ақтамағанды-ешкім жақтамайды Әкеге қарап ұл өсер Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер | 5 минут |
Жинақтау. Ата-анамызға тілек жазайық Алдымен оң қолыңды қағаз бетіне қой да сыз, ішіне "Анама тілек" деп жаз. Сол қолынды қағаз бетіне қой да сыз, ішіне "Әкеме тілек" деп жаз. Сендердің шын жүрекпен тілеген ақ тілектерің орындалсын. Сендердің ата-аналарың туралы айтқан тілектерің маған ұнады. Әр оқушы шығармашылықпен жұмыс жасады. Сыныпта көптеген оқушылардың ақындық қабілеті бар екені байқалды. Шын ризашылығымды білдіремін. | Оқушылар ата-аналарына өз жүрекжарды тілектерін білдіреді. | 3минут |
Үйге тапсырма беру | Ф. Оңғарсынова «Қанат туралы хикая» | 2-минут |
Бағалау | Формативті бағалау Медальдар арқылы бағалау 5- алтын 4- күміс 3- қола | 2 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? | Тілек ағашына Стикерге өз ойларын жазып жапсырады. | 1 минут |
Сабақтан кейінгі рефлексия | Не сәтті өтті? Неліктен? | Не сәтсіз өтті? Неліктен? | Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін? |
Сабақтан кейін оқушылар топпен өткізген сабақтың қызықты екенін айтты. Әсіресе зерттеуге алынған оқушылармен сұхбат жүргізілді. Осындай сабақтар жалғасын тапса екен деп өз ойларын ортаға салды | Оқушылар топпен жұмыс кезінде ата-ана туралы өз жүрекжарды тілектерін бір-бірімен таласып айтып жатты. Сонымен бірге топтық жұмыс өлең құрастыруда да оқушылар шеберлік көрсетті. Мақал-мәтелдердің де жалғасын таба білді. Сабақ қызықты өтті | Өлең шумақтарын талдаған кезде қиыншылықтар кездесті.себебі оқушылар сыни ойлауға көп уақыт жұмсады. Уақытпен санаспады. | Қиындықтарды жеңу үшін оқушыларға топтық жұмысты жүргізе отырып, тапсырма орындаған кезде уақытты үнемдеу керек, шапшаңдық керек екенін ескертемін және үйретемін. |
Мұғалімнің аты-жөні | Пәні | Сыныбы | Сабақтың тақырыбы | Күні |
Избасова Ұлмекен | Ана тілі | 4 а | С. Мұқанов «Жылқы» | |
Сілтеме | 4-сынып Ана тілі оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова Жылқы туралы нақыл, мақал сөздер, суреттер, презентация |
Жалпы мақсаттар | 1. Жылқы жайында толық мағлұмат бере отырып,оны бағып баптауды үйрету. 2. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын,бапкерлігін,шапшаңдығын дамыту. 3. Оқушыларды зейінділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі | Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу |
Негізгі идеялар | Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу. |
Қолданылған модульдер | Сұрақ - жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, ойын. |
Сабақ бойынша жазбалар |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | уақыты |
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Сары, қызыл, жасыл стикерлер арқылы топқа бөлу | Бір-бірімізге шаттық шеңберін құра отырып, жақсы тілектерімізді «өрмекшінің торы» арқылы білдірейік
Стикерлер түстеріне орай топқа бөлінеді | 2-минут |
І.Үй тапсырмасы Үй тапсырмасын сұрау “Бақшада” әңгімесін сұрау 1. Портрет дегеніміз не? 2. Мінездеумен қандай айырмашылығы бар? 3. Балалар бақшада не істеді? 4. Серік не нәрсеге таңданды? 5. Картоп ауруы қалай аталады екен? 6. Оны қалай емдеуге болады? 7. Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? Ой қозғау Жылқы туралы не білесіңдер? Білемін | Білгім келеді | үйренгенім | Мінсе-көлік, жесе-тамақ, еті, сүті пайдалы | | | Білемін бағанын толтырады. | Оқушылар топтық жұмысты орындайды. | 10-минут |
Жаңа сабақ. Жаңа сабақ: Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жылқы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық Жылқы малы туралы мағлұмат беру Жылқы жасына орай атаулары Құлын,тай, құнан, дөнен, бесті Әңгімені оқып беру Тізбектеп оқыту Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма? 2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде. Жылқының пайдасы Дәлел | Оқушы жауабы Ренжідік, Аядық қуандық, таң қалдық Оқушылар әңгімені тізбектеп оқи отырып, сұрақтарға жауап береді. | 8 минут |
Қолдану Топпен жұмыс. 1 топ Топтастыру “жылқы” 2 топ Бес жолды өлең 3 топ Жылқы туралы мақал-мәтелдер | Бес жолды өлең «жылқы» Жылқы Қасқа, жирен Жүгіреді, тулайды,жүйткиді Жылқы-төрт түліктің бірі Жануар Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы. Жақсы атын мақтар, Жаман қатынын мақтар Жақсы аттың тісін ашпа, Жақсы адамның жасын сұрама. Жақсы аттың жалын сатқанша, Жақсы жігіттің арын сақта. | |
Білемін | Білгім келеді | үйренгенім | Мінсе-көлік, жесе-тамақ, еті, сүті пайдалы | Жылқы туралы көптеген деректер | Жылқының пайдасының көп екенін. | | Білгім келеді және үйренгенім бағандарын толтыру | 7 минут |
Талқылау . Әңгіме кімнің атынан баяндалған? 2. Қос дегеніміз не? 3. Жылқы етінің қасиеті қандай? 4. Жылқы терісі жөнінде не делінген? 5. Әңгімеден табиғат көрінісін беретін жолдарды тауып оқы. 6. Мәтіннен жылқының аналық мейрімі жөнінде айтылған тұсты тауып оқы. 7. Әңгімеден Мақан сөзін тауып оқы. 8. Үлкендер сендерді еркелетіп жақсы көргенде неге «ботам», «құлыным», «қозым» деп жақсы көретінін түсіндір
| Сұрақтарға жауап береді | 5 минут |
Жинақтау. Жылқы малы қандай мал? Жылқы мінезді деп қандай адамдарды айтады? Сыныпта жылқы мінезді оқушылар барма? | Сұрақтарға өз ойларын айтады.. | 3минут |
Үйге тапсырма беру | С. Мұқанов «Жылқы» мәтінін оқып, жылқы туралы тың материал жинақтап келу | 2-минут |
Бағалау | Формативті бағалау Бағалау парақшасы арқылы бағалау | 2 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? | Тілек ағашына Стикерге өз ойларын жазып жапсырады. | 1 минут |
Сабақтан кейінгі рефлексия | Не сәтті өтті? Неліктен? | Не сәтсіз өтті? Неліктен? | Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін? |
Сабақтан кейін оқушылар топпен өткізген сабақтың қызықты екенін айтты. Әсіресе зерттеуге алынған оқушылармен сұхбат жүргізілді. Осындай сабақтар жалғасын тапса екен деп өз ойларын ортаға салды | Оқушылар жылқы туралы бұрыннан білетіндерін айтты, 5 жолды өлеі, топтастыру жұмыстары сәтті өтті. | Жылқы туралы мақал-мәтелдер жазу қиыншылық келтірді. Бағалау кезінде кейбір оқуышылар әділ бағаланбады.Асыра бағалау болды. | Бағалау парақшасын бағалау критерийлері арқылы бағалауды үйрету |