kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?лем берем ?лкенге!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: С?лем берем ?лкенге. С?йлеу м?дениеті.   26.02               Саба?ты? ма?саты:

       Т?рбиелік:О?ушылар?а с?йлеу м?дениеті жайында т?сінік беру, ?депті с?йлеуге машы?тандыру; ?лтты? ?асиетімізді балаларды? бойына ?алыптастыру, о?ушыларды инабаттылы??а, ?дептілікке т?рбиелеу.

        Білімділік:О?ушыларды с?зді? т?ркінін т?сініп,орынды с?йлеуге,?з ойларын толы? жеткізе білуге ?йрету,ізгілік негіздерін бойларына дарыту.

        Дамытушылы?: Шешендік с?здер, ма?ал-м?телдерді к?п білу ар?ылы ш?кірттерді адамгершілікке,имандылы??а,?ділдікке т?рбиелеу ж?не бала лексикасыны? ?орын одан ?рі молайту,ма??лмат арылы рухани байлы?ын, ойлау ?абілетін дамыту.

            Саба?ты? т?рі:аралас саба?

        ?діс-т?сілдері:баяндау,ма?ал-м?телді жат?а  айту

        Саба?ты? к?рнекілігі: Сюжетті суреттер,на?ыл с?здер,тірек-сызбалар.      

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?лем берем ?лкенге! »

Щучинск қаласы

П. И. Морозов атындағы №3 орта мектеп











Ана тілінен

ашық сабақ.

Тақырыбы:

«Сәлем берем үлкенге»











Өткізген: Байшалова А.Т.

1 «Ә» сынып















2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті. 26.02 Сабақтың мақсаты:

       Тәрбиелік:Оқушыларға сөйлеу мәдениеті жайында түсінік беру, әдепті сөйлеуге машықтандыру; ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру, оқушыларды инабаттылыққа , әдептілікке тәрбиелеу.

        Білімділік:Оқушыларды сөздің төркінін түсініп,орынды сөйлеуге,өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету,ізгілік негіздерін бойларына дарыту.

        Дамытушылық: Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке,имандылыққа,әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту,мағұлмат арылы рухани байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

            Сабақтың түрі:аралас сабақ

        Әдіс-тәсілдері:баяндау,мақал-мәтелді жатқа  айту

        Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер,нақыл сөздер,тірек-сызбалар.      

     Сабақтың барысы:

Қонақ күту салтымыз,

Оқып, біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Салем бердік жалпымыз.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ – жауап арқылы күннің көзі жасау)

Бәріміз күндей жарқырайық Бәріміз тату болайық!

Бағдарлау – мотивациялық кезең:

     -Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :

     -О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем  де , бұл күнде түйіні жоқ. Тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағымы халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіңе сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.

Сонда  ортаға бір қарияның шығып айтқаны:

     -Елің жауынгер болсын десең , таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер  болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой,- депті.

     Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.

    Ой тұжырымдамасы :

     -Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырқызыпты?

    -Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма? 

Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Сәлем берем үлкенге. Бүгінгі сабақтағы біздің мақсатымыз әдепті сөйлеуге, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрену.

Операционалдық – орындаушылық кезең: Оқулығымыздың 74 бетін ашамыз. 116-жаттығу. Сәлем берем үлкенге деген өлеңді бір рет оқып шығамыз.

Қазір мен оқып шығамын тыңдаймыз.

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

“Ассалаумағалейкум!”, - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп

Сәлемдесем сол тұста:

“Есенсіз бе, әжей!”, - деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге,

“Сәлеметсіз бе!”, - деймін.

                                                                     

 Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

- Өлең не жайлы?

- Өзің үлкендермен қалай сәлемдесесің?

- Сәлемдесуге қатысты қандай сөздерді білесің?

Сөздік жұмысы:  

Бөгелем – тоқтаймын

Кезіксе – кездессе

Есенсіз бе? – амансыз ба?

“Ассалаумағалейкүм” – Аланың нұры жаусын.



 Топтастыру   

Амансыз ба Сәлем Сәлеметсіз бе          

Ассалаумағалейкум Сәлемдесу түрлері:



Қайырлы таң Қайырлы күн Мал-жаныңыз аман ба



     Қазақ тәрбиені амандасудан,есен-сау сұрасудан бастаған.Кейбір бейтаныс адамдар Ассалаумағалейкум дегенінен-ақ кім екеніңді білдім деп жатады.Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенмен, адамның ішкі мәдениетін де біраз көтеріп тастайды. ”Сәлеміңнен жаңылма”, ”Сәлемің дұрыс болсын” деген талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің, адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.

Сергіту сәті (шырша)

 Дәптермен жұмыс.

 Дәптерімізді ашайық Қолға қалам алайық Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық 

Бүгінгі күнді жазамыз. Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

Көркем жазу

Әдеп

  • Көркем жазуда жазған әдеп деген сөз туралы не айтуға болады? 

117-жаттығу. Суретте атаның, әженің, мұғалімнің суреттері берілген. Жаңағы оқыған тақпақтың ішінен олармен қалай амандастық, сол сөздерді тауып жазамыз.

Ойын «Әдепті сөздер» 
    Балар шеңберге отырып, допты лақтырып – қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздерді айтады. 
-    Рақмет. 
-    Сәлем! 
-    Қалың қалай?
-    Сәлеметсіз бе? 
-    Амансыз ба? 
-    Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын! 
-    Кешіріңіз! Өтінемін. 
-    Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше!

Қосымша мәлімет «Бұл өте қызық»



Әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Тибет Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады.  Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда. Тувалу Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады. Монғолия  Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде монғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте, оның түсі ақ. Кейдесе көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі. Жапония Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады.




Кения

халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Гренландия

Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.

Қытай

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. 



Филиппины

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктерге байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады. «Мано» - қол, «по» -құрмет деген мағына береді.


Топпен жұмыс (оқушыларды екі топқа бөліп, әдептілік туралы ертегі беремін. Оқушылар өздігінен дайындалып, сахналау керек)

Шығармашылық жұмыс (Әдептілік деген сөздің әріптерін пайдаланып сөз құра)

Бекіту  Сендер әдептілік туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Атам менің әманда,

Әдепті жан  бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап  кісінің,

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп қол берем.

Анам маған-үлкенді сыйла- деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

 

Сыйлап сәлем береміз,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп біліміз,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Ребус шешу

  • Қандай сөз шықты? (Сәлем берем үлкенге)

 Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Сәйкестіндіру тесті: (карточка)

Екі бағандағы сөздерді қолданылуына қарай сәйкестендіруді толықтыр:

  1. кешіріңіз                                         а. Халіңіз қалай?

  2. сәлеметсіз бе?                                 ә. Кітапты алып бересіз бе? 3. реңжімесеңіз                                  б. Кіруге болады ма ?

Мақалдың жалғасын тап:

Сіз деген әдеп                                         Иіліп сәлем бергені

Әдептілік белгісі                                  Әдепсіз бала-сорлы бала,

Әдепті бала-арлы бала.                         Біз деген көмек

Есіңде болсын:
• Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге, сонан соң жолдасыңа амандас
• Сыныпқа үлкендер кіретін болса, орындарыңнан тұрып амандас
• Көршілеріңмен жылы амандас
• Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе

Қорытынды:

Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді, Ең үлкенін жақсысын, Саған таңдап әперді Не деп барып жеу керек?

«Рахмет» деу керек

Әжең сенің түскі асқа, Қант – кәмпит алды Жұрттан бұрын ыдысқа, Өз бетіңмен салдың қол Не деу керек апаңа?

«Жеуге болама» деу керек

Естіледі айқай, шу Сен де шықтың, сөреден, Қағып кеттің байқамай Мұндайда не деу керек

«Кешіріңіз» деу керек 

Мына кестені ауызша айтайықшы.

Білемін

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?







  • Міне, балалар осының бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ. Сәлем беру – кішіліктің белгісі «Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені» Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.

Бағалау.

  • Балалар, қазір мен сендерге өзін-өзі бағалау парағын таратамын. Сендер өздеріңді бағалау керексіңдер.


Өзін-өзі бағалау парағы



5

4

3

1

Үй тапсырмасын тексеру




2

Өлең оқу




3

Дәптермен жұмыс




4

Топпен жұмыс




5

Шығармашылық жұмыс




6

Сұрақ-жауап







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
С?лем берем ?лкенге!

Автор: Байшалова Айсулу Туяковна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179416


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства