kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әржыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Мақсаты: Балаларға жаз, күз, қыс, көктем мезгілдері жайында түсініктерін кеңейту және өздіктерінен әңгімелеп беруге үйрету. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу және ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, орманның макеті.

Сөздік жұмыс: жаз, күз, қыс, көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер.

Билингвалды компонент: жыл мезгілі- время года, жаз-лето, күз-осень, қыс-зима,  көктем-весна.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әржыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?»

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Надирбекова Н.Б.

Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Мақсаты: Балаларға жаз, күз, қыс, көктем мезгілдері жайында түсініктерін кеңейту және өздіктерінен әңгімелеп беруге үйрету. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу және ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, орманның макеті.

Сөздік жұмыс: жаз, күз, қыс, көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер.

Билингвалды компонент: жыл мезгілі- время года, жаз-лето, күз-осень, қыс-зима, көктем-весна.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық жаттығу

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп аталады.

Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.


Балалар жылулық шеңберіне тұрып, өлеңді бірге айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жыл мезгілдері туралы кіріспе әңгіме

-Балалар қанша жыл мезгілдерін білесіңдер?

-Жаз, күз, қыс және көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

(Кенеттен топқа сиқыршыкіріп келеді.)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендердің жауаптарыңды естіп, алыс жақтан ұшып келдім.

Мен сендерді сиқырлы таяғымның көмегімен төрт жыл мезгіліне саяхатқа шығуға шақырман.

Сиқыршы жыл мезгілдері жайлы бейнефильм арқылы түсіндіріп өтеді.

Күзде күн суыта бастайды. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Күзде егін піседі. Егінді адамдар жинайды.Күзде барлық жеміс-жидектер пісіп, жерге түседі. Жан-жануарлар да қысқа азық жинайды.

Қыста күн суық болады. Қар жиі жауады. Ағаштардың бұтақтарын қар басып, бұтақтар иіліп тұрады. Айнала аппақ қарға оранады. Боран соғып, үскірік аяз болады. Аюлар апанында ұйқыға жатады. Өзендер мен көлдердің бетіне қалың мұз басады.

Көктемде күн жылына бастайды. Қар еріп жылғалардан су ағады. Жыл құстары өз мекендеріне ұшып келе бастайды. Келе сала ұя салып, балапан басып шығарады. Ағаш бұтақтары бүршік жарады. Құрт-құмырсқа, аралар оянады.

Жазда күн ыстық болады. Жаз бойы балалар демалады. Жаз мезгілінде жеміс-жидектер пісе басайды. Жаз мезгілінде айнала жасыл желекке еніп, әртүрлі гүлге толады.

«Бұл қай кезде болады?» ойыны

Бөлмеде жыл мезгілдері бейнеленген орманның макеті тұр.

Осы макетте төрт мезгілдің өзіне тән белгілері шатастырылып қойылған. Сол қатені түзеулері керек.

Сегіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта шапалақ

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші балаларға жұмбақтар шешкізеді.

«Қыс белгілері»

Аязды күні ағашта тұрады.


Өзі аппақ, үлпілдек,

Көктен түсер үлпілдеп


Көрінбейтін суретші,

Салды әйнекке суретті


Көктем тезірек келсін десеңдер, оның белгілерін жақсы білулерің керек. Оны тексеріп көрейік. Көктемнің жұмбақтарын шешіңдер


Көктемде көгілдір,

Тұп-тұнық, мөп-мөлдір


Түткен жүні апамның,

Сәні болды аспанның



Күн жылынса бір тынбайды,

Былдырлайды, сылдырлайды


Жылу беріп көптен,

Құйылады көктен.

Мейірленіп күліп,

Келді,-дейді-,Көктем!


«Жыл мезгілдері»тулалы фонетикалық жаттығу

Қыс туралы

Ыс – ыс – ыс,

Келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар,

Жауады қар.

Яз – яз – яз

Сақылдаған сары аяз.

Ран – ран – ран,

Соғады боран.

На – на – на,

Зулайды шана.


«Не артық?» дидактикалық ойы


Қар, шөп, сүңгі, қырау.


Жапырақ, шана, бәйшешек


Кемпірқосақ, ыстық,кар,гүлдер.


Жапырақтардың түсуі, жаңбыр, суық, мұз, гүл.





Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.











Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.
























Балалар бір-бірден шығып, қате кеткен жерлерді түзейді.





Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап орындайды.















Қырау


Қар



Аяз









Аспан



Бұлт




Бұлақ





Күн













Шөп


Шана


Қар


Гүл






Рефлексивті-түзетушілік

Сиқыршы:

-Балалар сендер жыл мезгілдері жайында көп біледі екенсіңдер. Мен өте ризамын.

Сиқыршыбелсенді қатысып отырған балаларға жыл мезгілдерінің сыйларынан береді.

Күз мезгілінің сыйы саңырауқұлақ пен жемістерінен. Қыс мезгілінің ақ ұлпа қарларын. Көктем мезгілінің бәйшешек гүлдерінен. Жаз мезгілінің көбелектерін сыйға тартады.

Сиқыршы балалармен қоштасып кетеді.








Балалар берген сыйларына риза болады. Сиқыршымен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жыл мезгілдерінің табиғат құбылыстарын.

Нені игереді: жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер мен жануарлардың өмірі жайлы игереді.

Нені біледі: тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әржыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Автор: Надирбекова Назым Болатовна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389585


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства