Сәлеметсіздер ме, балалар!Бүгінгі өзін өзі тану сабағын сендерге мен жүргіземін.Менің аты- жөнім Әмірғалиева Ақбота Мейрамқызы. (музыка қосу). Орманға саяхат Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер. Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыцздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезіді жүректеріңізде сақтаңыздар. Оқушылар бәріміз назарымызды тақтаға аударайық. Тақтада дәйексөз берілген. «Өмірге риза болып, алғыс айт» -Сендер осы сөзді қалай түсінесіңдер? -Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолыңдағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?( адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі.) Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?(жылы сөздермен білдіреді.) Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?(біреуге көмектескен жағдайда) Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?(сыйлық берген жағдайда) Сонымен балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: «Ризашылық пен алғыс» деп аталады бұл сабақта сендермен адамның бойындағы сыйластық,мейрімділік, ризашылық қасиеттерімен танысатын боламыз. -Оқушылар сендер «Ризашылық пен алғыс»дегенді қалай түсінесіңдер? -Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі -Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Окушыларға бейнесюжет көрсету арқылы, тақырыпты тереңдетіп ашу. -Оқушыларды 3 топқа бөліп жұмыс жасату арқылы тақырыпты ашу. Тапсырмаларды әр топқа бөліп беремін. Шығармашлық тапсырманы топпен, жеке орындауына болады. Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ параққа суреттерді жабыстыру арқылы өздері мәтін құрап, мазмұнын айту.
Алғыс Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне: -Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет!-деді. -Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар! Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға барып бас иіп,алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады: -Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар! Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты: -Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет! Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп: -Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді,-деді. Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде: -Рақмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!-деп айқайлады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді: -Ол алғыстарыңды маған айтаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар! Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспен: -Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейрімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көп-көп рақмет!-десті. -Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар,-деді күн күлімдеп тұрып. Қызанаты отырғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар! Қызанақты дәмді еткен-адамның еңбегі! Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып: -Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады,-деді. Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты? Қасым мен Хасен тағы қандай алғыстар айтты? Анасы балаларына алғысты не үшін айтты? Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер? Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер? Түйіндеу: Сыныптағы балалар 3топқа бөлінеді. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі. 1-топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау; 2-топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау; 3-топ: Балалар қарттар үйіне барып, қайырымдылық іс жасау сәтін сахналау; -Балалар дәптерлерімізді ашып мынау тапсырманы орындаймыз. Тапсырма: Қасен мен Хасен айтқан алғыстарын жазыңдар. - Балалар, қазір біз барлығымыз қосылып топпен ән орындаймыз. «Ризашылық» әнін айтамыз. Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге! Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамны, ризамын, ризамын қазірге. -Ризашылық алғыс тақырыбына сурет салып келу. Ал оқушылар сонымен біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік? Дұрыс айтасыңдар адамдардың бір-біріне деген ризашылық, алғыс білдірумен таныстық. Әрқашанда айналадағы адамдарға өз ризашылықтарыңды, алғыстарыңды білдіріп жүріңдер. -Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Терең жұтып терең тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. -Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар! |