kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Республика р?міздері ?н?ран. Елта?ба Бізді? ту. Т.Молда?алиев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Республика р?міздері ?н?ран. Елта?ба

Бізді? ту. Т.Молда?алиев

Республика р?міздері ?н?ран. Елта?ба, Бізді? ту. Т.Молда?алиев та?ырыптарын о?ыту.   М?нерлеп о?ып ма?ынасын ашу,ма?л?маттар алу

-Ойлау, с?йлеу ?абілеттерін жетілдіру с?здік ?орларын арттыру

Елін,ел р?міздерін ??рметтеу

Ел р?міздері суреті,о?улы?, ?н?раны,с?зж?мба?,?нтаспа,видеоролик,

Ойын «жал?асын тап»

Топты? ж? мыс,жеке ж?мыс

Психологиялы? дайынды?

«Ж?ректен - ж?рекке» ше?бері

Музыка  ты?дап,сезіне  білу, ?німен ?имылдар жасау.

  • Топ?а  б?ліну

Та?да?ан  т?стері  ар?ылы «Б?йтерек»

«А?  орда» 

топтарына  б?лінеді

О?ушылар ше?берде жиналып,м??аліммен бірге б?гінгі саба??а с?ттілік тілейді.

-б?л  не  сурет?  Нені?   бейнесі? Не білеміз?

 «Т?уелсіздік  монументі»

Уй тапсырмасын  пысы?тау. ?на?ан  шума?ын м?нерлеп айту

О?ушылар  ба?алайды.

  • С?зж?мба?

             ?аза?стан                        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Республика р?міздері ?н?ран. Елта?ба Бізді? ту. Т.Молда?алиев»

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

9.12.15

Кабинет:

2 4 «а» сынып

Мұғалім

Искакова А.А

Сабақтың атауы


Республика рәміздері Әнұран. Елтаңба

Біздің ту. Т.Молдағалиев

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Республика рәміздері Әнұран. Елтаңба, Біздің ту. Т.Молдағалиев тақырыптарын оқыту. Мәнерлеп оқып мағынасын ашу,мағлұматтар алу

-Ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру сөздік қорларын арттыру

Елін,ел рәміздерін құрметтеу

Қолданылатын материалдар

Ел рәміздері суреті,оқулық, Әнұраны,сөзжұмбақ,үнтаспа,видеоролик,

Ойын «жалғасын тап»

Әдіс тәсілдер

Топтық жұ мыс,жеке жұмыс

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Музыка тыңдап,сезіне білу, әнімен қимылдар жасау.

  • Топқа бөліну

Таңдаған түстері арқылы «Бәйтерек»

«Ақ орда»

топтарына бөлінеді

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын

пысықтау




ассоциация



-бұл не сурет? Ненің бейнесі? Не білеміз?

«Тәуелсіздік монументі»

Уй тапсырмасын пысықтау. Ұнаған шумағын мәнерлеп айту

Оқушылар бағалайды.

  • Сөзжұмбақ



қазақстан


Жаңа

Сабақ




Топтарға тапсырма


Топтық жұмыс

Жеке жұмыс



Топтарға мәтін және сурет тарату





ҚР Туы



























Елтаңба








































Әнұран

































Тақырып таңдау


Өлеңмен














Шығармашылық












Үйге тапсырма




Рефлесия


  • Біздің мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіз екендігін айқындайтын не бар?

Жер бетіндегі барлық дерлік мемлекет атауларының бәрінде мемлекеттігінің  белгілері, мемлекеттік рәміздері бар.

  1. Мәліметті өздері алу

  2. Жұбымен бөлісу

  3. Топта талқылау

  4. Спиккер және көмекшілер




-   


 

Әр топ жұмысы


Қазақстан Республикасының Ту ы-Президент сарайымен Үкімет орналасқан үйден бастап, барлық мемлекеттік орындарда ілулі тұрады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – негізгі рәміздердің бірі.Мемлекеттік тудың авторы-/ суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері..Мемлекеттік ту - көгілдір түсті көк тік бұрышты кездеме. Оның ортасында шұғылалы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста қазақ халқының ұлттық оюларымен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың көгілдір түсі- адалдық,кіршіксіз тазалықтың белгісі .Ежелгі түркі тілінде

«көк» сөзі - «аспан»деген ұғымды білдіреді.Бұлтсыз аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштықтың нышаны. Күн бейнесі – байлық пен берекенің белгісі.Өрнек – қазақ халқының негізгі нақыштары яғни қазақ халқының дәстүрі сәндік өнері,мәдениеті.Қанатын жайып көгілдір аспанда қалықтаған қыран құс - билік,көрегендік,кеңдік,күш қайрат деген түсінік береді

.

Тудың алдында әскер адамдары Отанға адал қызмет етуге ант қабылдайдды

.

Мемлекеттік туды салтанатты жиындарда алып шығады.


Елтаңба – бүкіл ілем мойындаған мемлекттік ерекше маңызды нышан. «Герб» сөзі – неміс сөзінен аударғанда, «мұра» немесе «енші» деген мағынаны білдіреді.Мемлекеттік Елтаңбаны Туға,мөрге,металл ақшаға,мемлекеттік ғимараттарға, төлқұжаттарға салынады.

Елтаңба Отанымыздың тәуелсіз,егеменді,дербес ел екендігін айқындайды.

ҚР ның Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз,ал төменгі жағында « Қазақстан» деген жазу бар.Елтаңбаның негізгі түсі – алтын және көгілдір түсті. Рәміздік тұрғыдан Елтаңбаның негізі – шаңырақ. Шаңырақ – елтаңбаның жүрегі,отбасының негізі,күн шеңбері.Шаңырақ- қазақ елі үшін тіршіліктің,шексіз өмірдің нышаны.

Қазақта»Шаңырағың биік ,керегең кең.босағаң берік болсын» деген тілек сөздер бар.

Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген немесе алтын алтын пырақты ай мүйізді арғымақ бар.Қанатты пырақ – мәңгіліктің белгісі,ал қыран қанатты мүйізді пырақ- бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін,рухани байлығын өсіп өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді. Маңдайшасындағы бес бұрышты жұлдыз еліміздің жұлдызы жанып әрқашан жарқырай берсін деген мағынаны білдіреді.


Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы Жандарбек Мәлібекұлы, Шот- Аман Уәлиханов.Бұлар атақты сәулетшілер.

Елтаңба Қазақстан Республикаының азаматы екендігін көрсететін төлқұжаттарда болады.


Тұрақты орнатылған жері,Республика Президенті жұмыс бөлмесінде,Парламент өтетін залда,мемлекеттік мекемелер басшысының бөлмелерінде орнатылады.


Рәміз деп нені айтамыз? Рәміз не үшін қажет?

Рәміз - деген - белгілі бір нәрсені сиаттап көрсетуден туатын сыр- таңба,шартты белгі.Қазақстан мемлекеті тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгі бар. Олар/ Елтаңбасы,Туы, Әнұраны

Сондай-ақ елімізде тұрып жатқан әрбір азамат Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992жылы 4 маусымда қабылданды Рәміздерді дайындауға талқылауға мыңдаған адамдар қатысты.Озып шыққандарға мемлекеттік сыйлықтар берілді.Рәміздерден Әнұранына тоқтала кетейік.

Мемлекеттік Әнұранының маңызы зор. Себебі,Республикалық,мемлекетаралық ірі бас қосулар мен халықаралық спорт жарыстары ашыларда міндетті түрде қатысушы елдердің Мемлекеттік Әнұрандары ойналады.Әнұранды жиылған жұрт орнынан тұрып,жүрегіне қолын қойып, лауыстап айтады,Әнұран сөздері мен әні әр айтушыны жігерлендіріп,өз Отанына деген мақтаныш сезімге билейді.

Әнұран мәтінін жаттап алап, салтанатты жағдайларда қосылып айту әрбір адамның парызы...

Біз күн сайын Қазақстан телеарнасының бағдарламасы басталғанда, аяқталғанда мелекеттік Әнұранды естиміз.

Көңілді толқытады,шаттық сезімге бөлейді. Елімізге деген қуаныш сезімге бөлейді.


Әннұранның сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов.

-**сонымен бүгінгі тақырыбымыз не деп атасақ?

ЕЛ РӘМІЗДЕРІ



** Оқулықпен жұмыс

  • Мәнерлеп оқу


БББ КЕСТЕСІ


БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ







ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


Топтар «бәйтерек» «Ақ Орда» « Пирамида»

1 топ


ЭССЕ

Егер мен президент болсам ...


2 топ Өлең шығар, аяқта



3топ

Отан, жер, туған ел туралы мақалдар жаз


Өлеңдерді жаттау . авторлар туралы мәлімет

Мақалдар. Өздерің өлең жазып көріңдер

Жұмыстары бойынша бағалау.


Бағалау кестесі

Оқуш/тапсырма

1

2

3

4

5

6

Қуаныш

-

+





Ерсайын


+





































































  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата?

2.      Қазақстанның туының түсі қандай? Авторын ата? Онда қандай суреттер бейнеленген?

3.      Елтаңбаның авторы кім? Елтаңбада қандай белгілерді көрдің? Олар саған таныс па?

4.      Қазақстан Республикасының Әнұранының сөзін және әнін жазғандар кімдер? Өлеңнің мағынасын білесіңдер ме? Әнұран қандай кезде айтылады?                                        

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған: Ту, Елтаңба, Әнұран жататынын білеміз. Сондай-ақ, елімізде тұрып жатқан кез-келген азамат Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.














Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы

4 маусымда қабылданды.Республика

Ту  Президент сарайымен Үкімет орналасқан үйден бастап, барлық мемлекеттік орындарда ілулі тұрады.

кімет орналасқан үйден бастап, барлық мемлекеттік орындарда ілулі тұрады.

Мәселен, өзіміз оқып жүрген мектептерде, шетелдердегі   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көк аспан аясында желбірейді. Сондай-ақ, Мемлекеттік Әнұранның да маңызы орасан. Олай деуімнің де, өзіндік  себебі бар, мәселен, Республикалық, мемлекетаралық ірі бас қосулар мен халықаралық спорт жарыстары ашыларда міндетті түрде қатысушы елдердің Мемлекеттік Әнұрандары ойналады. Әнұранды жиылған жұрт орнынан тұрып, жүрегін қолына қойып, дауыстап айтады. Әнұран  сөздері мен әні әрбір адамды, яғни айтушыны жігерлендіріп, оз Отанына деген мақтаныштыққа, махаббат сезіміне бөлейді. Мектеп қабырғасында оқылатын кітаптардың барлығы Мемлекеттік Әнұраннан басталаны айдан – анық. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздерін дайындауға, талқылауға мыңдаған адам қатысты. Өйткені, бұл мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел –жұрттың  алдымен тұрғын тарихының ұшқындары бейнеленуі керек еді. Оған қоса мемлекеттің, қазақ халқының мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысын өрнектеуі тиіс еді. Әлемдік өркениетке қол созған қазақ халқының ақ пейілі де аңғарылуы тиіс еді. Мемлекеттік белгілердің бәрінің үлгісін жасауға бәйге жарияланып, озық шыққандарға мемлекеттік сыйлықтар берілді.


Елтаңбаға 245 жұмыс түскен. Бәйге комиссиясының шешімі бойынша Жандарбек Мәлібекұлы жасаған Елтаңба бірінші орын алды. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы және Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы.

        Елтаңба - бүкіл әлем мойындаған мемлекеттің ерекше маңызды нышаны. «Герб» сөзі- неміс сөзінен аударғанда,«мұра» немесе «енші» деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаны Туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға, сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының азаматы екендігін айқындайтын төлқұжаттарда да салынады. Тұрақты орнатылатын жері: Республика Президенті жұмыс бөлмесінде, Парламент мәжілістері өтетін залда, мемлекеттік мекемелер басшысының бөлмелерінде орнатылады.

Елтаңба Отанымыздың  тәуелсіз, егеменді, дербес ел екендігін айқындайды. Елтаңба - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмперіп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты  жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізгі түсі – алтын және көгілдір түсті. Рәміздік тұрғыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол –елтаңбаның жүрегі. аңырақ – мемлекеттің түп –негізі, отбасының негізі, күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі.  Шаңырақ бейнесі -  бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік  болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген немесе алтын пырақты ай мүйізді арғымақ десек те болады. Қанатты пырақ – мәңгіліктің белгісі, ал қыран қанаты, мүйізді пырақ – бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстан халқының  бірлігін, рухани байлығын, өсіп –өркендеуінің  өмір шеңдігін көрсетеді. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістіктің өлшеміндей. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған. Жұлдыз еліміздің жұлдызы маңдайы әрдайым ашық, жарқын, жарық болсын деген мағынаны білдіреді.

Қосымша мәлімет: Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы: Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Уәлиханов.

Жандарбек Мәлібекұлы 1924 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Бұлар - атақты сәулетшілер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – негізгі рәміздердің бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы.

Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Мемлекеттік ту – көгілдір түсті көк тік бұрышты кездеме. Оның ортасында шұғылалы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста қазақ халқының ұлттық оюларымен кестеленген тік жолақ өрнектелген.  Тудың көгілдір түсі- адалдық , кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі – «аспан» деген ұғымды білдіреді.  Бұлтсыз аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштықтың нышаны.  Күн бейнесі - байлық пен берекенің белгісі. Өрнек – қазақ халқының негізгі нақыштары, яғни қазақ халқының дәстүрлі сәндік өнері, мәдениеті. Қанатын жайып көгілдір аспанда қалықтап ұшқан қыран құс- әдетте билік, көрегендік пен кеңдік, күш-қайрат ұғымдары арқылы айқындалады.  Мемлекеттік Ту- Республика Президенті сарайында, Парламеттің, Үкіметтің, Министрлердің ғимараттарында және мемлекеттік мекемелерде орнатылады.

 Тудың алдында әскер адамдары Отанға адал қызмет етуге ант қабылдайды. Әнұран мәтінін жаттап алып,салтанатты жағдайларда қосылып айту әрбір адамның парызы.

        Біз күн сайын Қазақстан телеарнасының бағдарламасы басталғанда, аяқталғанда мемлекеттік Әнұранды естиміз. Әуені көңілді толқытады,жаныңды шаттыққа бөлейді, елімізге деген қуаныш сезіді толтырады. Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, шет елдің мемлекет басшыларын қарсы алғанда және шығарып салғанда орындалады. Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, оң қолымызды көкірегімізге қойып тыңдаймыз. Бұл деген елімізге деген зор құрмет.

Әнұранның сөзің жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов.

Ой толғаныс

І топ: Алғырлыр.  ІІ топ: Білгірлер.  ІІІ топ: Жүйріктер.   IV топ: Тапқырлар. V топ: Сұңқарлар. 

0Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту - әрбір азаматтың парызы.   Тапсырма:

  1. Қазақстан Республикасы туралы жалпы мәліметтер.

  2.  Мемлекеттік рәміздерді неліктен құрметтейміз?

  3. Ту, Елтаңба қай жерлерде орнатылады?

  4. Әнұранды естігенде қандай күйде боласыңдар?

Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы түсіндіру. Елтаңба , Тудың суретін салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Республика р?міздері ?н?ран. Елта?ба Бізді? ту. Т.Молда?алиев

Автор: Искакова Айгуль Алибековна

Дата: 14.01.2016

Номер свидетельства: 276855


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства