Урок предлагается для учителей начальных классов по жизни и деятельности казахской национальной героини Алии Молдагуловой . На уроке учитель рассказывает о жизни и подвиге Алии. Школьники инсценируют отрывки из жизненных, патроиотических сцен подвига девушки по имени Алия. Она не боялась захватчиков и за свою Родину, не колеблясь, отдала жизнь. В начале урока преподаватель предлагает знания детям знаия о жизни и творчестве Саги Жиенбаева.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыпты бекіту: Мәншүкке сипаттама беру ( слайдттан көрсету)
Мұғалімнің сөзі: Гитлершілдер бүкіл елімізді жойып жіберіп, миллиондаған адамдарымызды құртуды, құлға айналдыруды көздеді. Бірақ сүйікті Отанға қауіп төнген кезде елін, жерін, бостандығын, тәуелсіздігін қорғау үшін бүкіл ел үлкен демей, кіші демей қолдарына қару алып, теңдесі жоқ ерлік жасады. Ер адамдармен бірге қыздар да соғысқа аттанды. Бұл соғыс адамзатқа көп қиыншылық әкелумен бірге, көптеген батыр аталарымыз бен апаларымыздың есімдерін қалдырды.
Кәне, кімдер еді олар:
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Сұлтан Баймағанбетов, Александр Иванович Соломатин, Төлеген тоқтаров, Леонид Беда, Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова т. б.
Дәл осындай жадыраңқы май күні,
Болса- дағы қай ғасырдың қай жылы .
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(1 минут үнсіздік)
III. Жаңа сабақ: Сағи Жиенбаев. Әлия.
а) Кіріспе сөз. Сағи Жиенбаев туралы мағлұмат беру (слайд)
(балалық шағы) Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. Әлия да біздер сияқты бала болды, ойнады. Анасы Маржан Әлия екі жасқа келгенде қайтыс болып, нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болды. Әлияны анасы Ақмоншағым деп еркелетіпті. Әлияның әкесі Сарқұлов Нұрмұқанбет, шешесі Молдағұлова Маржан. Әлия анасынан ерте жетім қалғандықтан өмір жолы Молдағұловтар отбасында жалғасады. Кейіннен отбасының жағдайына байланысты Әлия балалар үйінде тәрбиеленді.
(«Әлия оқушы» слайд)
Алғаш мектепке 1933 жылы Жамбыл қаласында барады. Нағашы ағасы Әубәкірдің әскери оқуға түсуіне байланысты Москва, Ленинград қалаларына, келіп тұрады. Әлия мектепте өте жақсы оқиды. Оны демалуға Артек лагеріне жібереді. Әлия шыншыл, ойшыл, өжет, зерек боп өседі.
( Соғыстың басталуы . Слайд).
Осындай бақытты балалық шағын Отан басына төнген қауіп бөліп кетті. 1941 жылы 22 маусымда Отан соғысы басталды. Отан үшін майданға бүкіл елмен бірге қазақ халқының ұл – қыздары да аттанды.
Әлия мектепте оқып жүр еді. Тұрған қаласы Ленинградты жау қоршап алады, бомылайды. Қаласын қиратып жатқан жауды өте жек көреді. Қолынан келгенінше балалық жәрдемін жасады. Ұзақ түндер бойы үйлердің төбесінде күзетте тұрды, қираған үйден бала-шаға, кемпір-шалды құтқаруға қатысып, оларды балалар үйіне, ауруханаға апарысты. Өртенген үйді, оқтан өлген баланы, ананы көрді. Әлияның жас жүрегінде жауды өлтіруім керек, оның жүрегіне оқ атуым керек деген кек берік орнады. Майданға барып, жаумен бетпе-бет шайқасқысы, елін қорғағысы келді.
(Слайд «Әлия мергендер даярлайтын училищеде»)
Ол мені майданға жіберіңізші деп әскери басқармаға күнде барды. Ақыры 21-рет барғанында ғана Әлияның өтініші ескеріліп, Москвадағы атқыштар мектебіне оқуға жіберілді. Мергендер әзірлейтін бөлімде нысана атудың барлық түрінен үздік тапсырыс шықты. Әлияға мергендігі үшін 956-мылтық сыйлады. Мылтықты сүйіп тұрып, жаудың көзін жоюға уәде етті, осы мылтығымен талай жаудың көзін жайды да.
(слайд «Әлияның майданға аттануы»)
IV. Шығармашылық тапсырма
I топ тапсырмасы: Бес жол өлең «Әлия»
I I топ тапсырмасы: соғыс кезінде қолданылған қару-жарақтар.
III тапсырмасы: Ұлы Жеңіс күніне сурет салу.
Автор: Әлия көкірегін кере дем алды. Ертең майданға аттанады.
Көрініс:
Командир: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде?
Әлия: Мен Молдағұловамын, Қазақстандықпын. Жасым 17-де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын.
Автор: Ерлік керек қайда да,
Іштей айтып осы әнін.
Барды Әлия майданға,
Қорғайын деп Отанын.
Автоматын ол атты,
Бір ысып, бір суынып.
Оқты қардай боратты,
Белін бекем буынып.
Қыршын кетті ол өмірден,
Дәл он тоғыз жасында.
Шықпайды естен, көңілден,
Өшпейді ерлік расында.
Қазақ қызы ғажайып,
Мерген болған аты аңыз.
Қаһарманы халықтың
Мақтанышы – апамыз.
«Әлияның Майдандағы ерліктерінен үзінді».
Автор: Әлияның майдандағы қаһармандығын мына хатынан байқауға болады:
(Хат жазып отырған Әлия! Көрініс.)
1943 жыл, 30 желтоқсан.
Қайырлы таң, қымбатты Сапура!
Қазір біз алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең окопта отырып жазудамын. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрмыз. Менің басымда каска, белімде граната оң қолымда винтовка бар. Мен жасқаншақ болармын деп ойлаушы едім, қазір олай емес. Қазір мені көрсеңіздер, менің осындай болғаныма сенбес едіңдер. Тіпті солдаттардың өзі де таң қалады.
Ертеңгісін сапта тұрғанымызда командирім мені бір қадам алға шақырды. Ол: «Мерген Әлия Молдағұлова үш күнде он төрт фашисті өлтірді. Осы ерлігі үшін командование атынан алғыс жариялаймын» - деді. Бұдан соң адамдардың алдында өзінің туған баласындай мені сүйді. Мен ұялғаннан тіпті қызарып кеттім. Кездескенше сау бол! Жеңіспен қауышармыз!
V. Поэзия минуты
Көркем сөз: Шығыстың қос шынары
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым,
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
«Мәңгілік от» ескерткіші алауы.
VI. Қызығушылығын ояту : «Қалпына келтір» -мақал- мәтелдерді аяқтау. VII. Рефлекcия «Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою»