Просмотр содержимого документа
«Разработка урока по самопознанию "Мейірімділік- асыл ?асиет. Мейірімділікті анадан ?йрен" »
Сабақ тақырыбы : Мейірімділік- асыл қасиет.Мейірімділікті анадан үйрен.
Мақсаты: Оқушылардың бойына ананың мейірімділігін,қайырымдылығын жоғары деңгейде түсіндіру, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;ананы қадірлеуге тәрбиелеу. Балалар, біз сендермен бүгін бар әлем сыйынатын,бас иетін асыл адам , мейірімге толы жанардың иесі кім екенін табамыз ?. -Жарай ма! Шаттық шеңбері - Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім анадан тарайды. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік .
Тапсырмалар. Әңгімелесу
Ана — осынау үш әріпті сөздің иесі сиқырлы жан деп білемін. Адамға өмір сыйлап, өмір бойы ұл — қызының тілегін тілеп отыратын ардақты жан. Шыр етіп жерге түскен сәтіңмен сен анаңа бақыт сыйлайсын. Ана- қайталанбас тұлға, мейірімге толы жанардың иесі. Әрбір адам ана алдында қарыздар. Анаңды меккеге үш арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың. Ана баға жетпес адам, анаға айтар мадақтау, марапат те жеткіліксіз, себебі ана — ол әлемді тербетуші!Жұмақтың кілті анаңның табанының астында деп те айтады қазақ даналығы. Ана — дана!Ана — дара! Ана — жердегі бар асылдың жиынтығы!
І тапсырма : Осы мәтін арқылы әр топ сұрақтар шығарып,бір-бірімен пікірлеседі.
ІІ тапсырма : Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар
ІІІ тапсырма : Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырып көрейік. «Ана» туралы мақал-мәтелдерді интерактивті тақтадан құрастыру.
Оқушылар хормен айтады.
- Күлімдеген- күн мейірімді! - Кіршіксіз ақ қар мейірімді - Таза мөлдір су – мейірімді! - Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді! - Аяулы анам мейірімді! - Қадірлі әкем мейірімді! - Әлпештеген әжем мейірімді! - Еркелеткен атам мейірімді! - Жылы жүзді ұстазым мейірімді! - Тату-тәтті достарым мейірімді! - Егіні мол жер мейірімді! - Қамқор апам мен ағам мейірімді! -Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз. Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін. - Кең пейіл далама тыныштық тілеймін. - Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін. - Талапты достарыма табыс тілеймін. - Сыныптастарыма амандық тілеймін. - Отбасыма бақыт тілеймін. Топтық жұмыс: - Анаға мейірімділікті қалай көрсетуге болады? - Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? - Өмірдегі,отбасындағы ана орны
Тыныштық сәті Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық. Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі,оның ішінде аналарың сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.
Оқушыларға Ана туралы өлеңдер оқыту. Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ.
Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.
Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.
Анашым
Асыл ана! Түсімде көрем сені,
Бұрынғыдай емессің неге еңселі?
Мен білсем, саған деген сағыныштың,
Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.
Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,
Елжіреп елесіңді құштым тағы.
Хат байлап қанатына жіберер ем,
Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.
Не таптым, белден кетіп бетегелі?!
Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.
Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,
Он жылдық білімім де жетер еді.
Дүние шыр айналып шарайнадай,
Жолыма қала бердің қарай-қарай.
Қайырымсыз қалаға, мейірімді,
Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!
Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,
Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.
Ардақтап арнамасам саған өлең,
Адыра қалатындай ақындығым.
Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?
Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.
…Тарылған көшелері тас қаладан,
Тарыдай бір мейірім таппағанда,
Сені сағынып кетем, анашым!
Аналарға. Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар. Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар. Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
******
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Асыл ана
Жүрегіме жылуыңды құясың. Кенже балаң келді өзіңді сағынып, Аман жүрші, соның өзі сый асыл.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған, Аналардың үмітінен жаралған. Сәби едік, енді қазір ер жеттік, Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Сен туған жер бақша менен бау ма екен, Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен? Ержетсем де еркелегім келіп тұр, Балалық кез қай жерлерде қалды екен.
Жаның мөлдір жанарындай ботаның, Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын. Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар, Сағынышпен мен жолыңды тосамын.
Бекіту: Ал енді сабағымызды ең мейірімді жан туралы әнмен аяқтайық «Ана».
Үй жұмысы: Ойтолғау «Ана-әлем жарығы»
Бағалау.
№ 5 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мейірімділік- асыл қасиет.Мейірімділікті анадан үйрен.