Разработка урока по предмету самопознание: «Жа?сы с?з - жан?а ?уат».
Разработка урока по предмету самопознание: «Жа?сы с?з - жан?а ?уат».
Ендеше, балалар, мен сендерге ?азір тентек, д?рекі мінезді бала туралы бір ??гіме айтып берейін. ??гімені? аты – «Шегелер» деп аталады.
«Бая?ыда бір тентек, ?рі ?ызба мінезді бір бала болыпты. Бір к?ні ?кесі ?лын жазалама?шы болып, бір ?ап шеге сатып алады. Баласыны? ?рбір тентек ісіне есік алдында?ы ?а?па?а бір шегеден ?а?тырып отырады.
?а?па?а бір к?нде 37 шеге ?а?ылады. Келесі аптада баласы ?зін-?зі д?рыс ?стап, тентектік, ?ызбалы? мінезі т?зеле бастайды. Я?ни ?а?пада?ы ?а?ылатын шеге саны да азая береді. Ол шеге ?а?а бергенше ?зін-?зі ба?ылау керектігін т?сінеді.
Бір к?ні бала ?зіне-?зі ?бден ие болып, ?а?па?а шеге ?а?пайтын к?н де туыпты.Ол осы ісін ?уанышпен ?кесіне келіп айтады. Ал ?кесі осы жолы баласына «?зі?ді-?зі? д?рыс ?стай білген сайын ?лгі ?а?пада?ы шегелерді бір-бірлеп ж?лып отыр» деп тапсырма береді.
Уа?ыт ?тіп жатады. Бала бір к?ні ?кесіне келіп ?а?пада бірде бір шегені? ?алма?анын айтады. ?кесі баласыны? ?олынан ?стап, ?лі ?а?па?а алып келеді де былай дейді:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекіліктер: суреттер, түрлі тақырыптағы слайдтар.
І. Шаттық шеңбері.
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Бір-біріне сиқырлы таяқшаны беру арқылы жақсы тілектер айтып, жылы лебіздер білдіреді.
Барлығы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Балалар, біз жаңа неліктен қуандық? Жаңағы бір-біріңе айтылған жақсы сөздерден қандай әсер алдыңдар?
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Ендеше осы жақсы сөздер кім-кімге болмасын қуаныш, шаттық, жылулық сыйлайды екен. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы жақсы сөз туралы болады. Яғни, «Жақсы сөз – жанға қуат» деп аталады.
ІІ. Ойланайық, пікірлесейік.
Балалар, сендер қандай кезде жақсы жақсы сөздерді қолданасыңдар?
(Қуанғанда, алғыс білдіргенде, тілек айтқанда, кешірім сұрағанда, т.б)
Ал осы жақсы сөздерді естігенде қандай сезімде боласыңдар?
(Көңіл-күйіміз көтеріледі, қуанамыз, шаттанамыз, өзімізді жақсы сезінеміз, т.б)
Ал жаман, дөрекі сөздерді естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Ендеше, балалар, мен сендерге қазір тентек, дөрекі мінезді бала туралы бір әңгіме айтып берейін. Әңгіменің аты – «Шегелер» деп аталады.
«Баяғыда бір тентек, әрі қызба мінезді бір бала болыпты. Бір күні әкесі ұлын жазаламақшы болып , бір қап шеге сатып алады. Баласының әрбір тентек ісіне есік алдындағы қақпаға бір шегеден қақтырып отырады.
Қақпаға бір күнде 37 шеге қағылады. Келесі аптада баласы өзін-өзі дұрыс ұстап, тентектік, қызбалық мінезі түзеле бастайды. Яғни қақпадағы қағылатын шеге саны да азая береді. Ол шеге қаға бергенше өзін-өзі бақылау керектігін түсінеді.
Бір күні бала өзіне-өзі әбден ие болып, қақпаға шеге қақпайтын күн де туыпты.Ол осы ісін қуанышпен әкесіне келіп айтады. Ал әкесі осы жолы баласына «өзіңді-өзің дұрыс ұстай білген сайын әлгі қақпадағы шегелерді бір-бірлеп жұлып отыр» деп тапсырма береді.
Уақыт өтіп жатады. Бала бір күні әкесіне келіп қақпада бірде бір шегенің қалмағанын айтады. Әкесі баласының қолынан ұстап, әлі қақпаға алып келеді де былай дейді:
Балам, сен жақсы жұмыс істепсің, бірақ қақпадағы тесіктерді көрдің бе? Бұл қақпа енді бұрынғы қалпына келмейді. Егер де сен адамға жүрегіне ауыр тиетін дөрекі сөз айтсаң, оның жүрегінде тура осы тесіктердей сызат қалады. Осыдан кейін сен қанша рет өзгерсең де, жүректегі сызат қала береді».
Балалар, осы әңгімедегі әкесінің баласына қанша өзгерсең де жүректе сызат қалады деп, нені меңзеді?
Сонда кімдердің жүректерінде сызат қалды деп ойлайсыңдар?
( Айналасындағы адамдардың, қарым-қатынас жасаған адамдардың, достарының, туыстарының)
Сонда қақпада қалған тесіктер тәрізді айналасындағы адамдардың жүректерінде қалған сызат, дақ олардың жанын ауыртты ма?
(иә)
Яғни, дөрекі әрі жаман сөздер адамның бойына жағымсыз әсер қалдырып, көңіл-күйін бұзады.
ІІІ. Дәйексөз.
Енді тақтадағы нақыл сөзге назар аударайық.
«Жүректен шыққан сөз – жүрекке жол табады»
Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
( Адамның шын жүректен айтылған сөзі басқа адамның жүрегіне де, жанына да жақын болып, үнемі есінде қалады).
Жүректен шыққан сөздер адамдарға қалай әсер етеді?
(Жүректен шыққан сөз адамдарды достастырады. Ондай сөздер адамдарды сабырлы болуға үйретеді. Жүректен шыққан сөз адамның денсаулығын сақтауға, көңіл-күйін көтеруге ықпал етеді. Ашуланған адамдарға сабырлы көмегі тиеді).
Дұрыс айтасыңдар, балалар, жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.
ІV. Шығармашылық жұмыс.
Топ бойынша жұмыс.
Ендеше, балалар, жақсы сөз бізді қуанышқа бөлесе, біз де бірге қуанайық. Қазір бәріміз бірлесе отырып, «Қуаныш» тортын жасауға өз үлесімізді қосып, ойын ойнайық.
Торт қандай тағам? Сендер оны жақсы көресіңдер ме?
Торттың құрамына қандай тағамдар кіреді?
Ал біздің «Қуаныш» тортымыз ерекше болғалы тұр. Аты «Қуаныш» торты болғандықтан, оның құрамында да бәрімізді қуантатын жақсы сөздер ғана болу керек.
Балалар, мына торттың әр бөлігінде жақсы сөздердің түрлері берілген. «Қуаныш» тортын пісіру үшін сендер оның бөліктерін бояп, кем дегенде үш сөзден жазуларың керек.
(Алғыс сөздер, тілек сөздер, кешірім сөздер)
Міне, балалар, біздің «Қуаныш» тортымыз да әзір болды.
V. Сахналау.
Оқушыларды үш топқа бөліп, оларға тақырыпқа байланысты 3 жағдаятты сахналап көрсету тапсырылады.
Тақырыптары: 1. «Сабаққа кешігіп келген оқушы».
2. «Дүкендегі оқиға».
3. «Әжесі мен немересі».
VІ. Жағдаяттарды талдау.
Оқушылар қойылған көріністер бойынша өз пікірлерін, ойларын ортаға салады.
Сабаққа кешігіп келген оқушы туралы не айтасыңдар?
Дүкенге келген оқушы қандай қателік жіберді? Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Әжесін тыңдамай кетіп қалған немересі туралы не айтар едіңдер?
Осы жағдаяттар бойынша түйінсөз.
Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп халқымыз бекер айтпаған. Шынында да, жақсы сөз сенің жаныңа серік болып, әрқашан үйде де, түзде де, достарыңның арасында да тигізер пайдасы мол. Қазір Сейілханов Айбол жақсы сөз туралы өлеңін оқып береді.
Балалар, жақсы сөздер тағы қандай әсер береді?
(Жақсы сөз отбасындағы күнделікті қуаныштарды да көріктендіріп, жандандырып жібереді; Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі).
Сондықтан да бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
VІІ. Тапсырма.
Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер бізге не сыйлайды?
Ал Жер бетіне жылылық қайдан келеді? (Күн көзінен)
Егер жылылық күн сәулесінен тараса, бәріміз бірігіп, ортаға шығып, мына ортадағы күн көзінің әрбір сәулесіне барлық аталған жақсы сөздерді жазайық.
VІІІ. Жүректен жүрекке.
Оқушылар шеңбер құрып, ортаға шығады. Ортаға «Ғажайып сандық» әкелінеді.
Балалар, мына «Ғажайып сандықтың» ішінде сендерге қуаныш сыйлайтын сыйлықтар бар. Енді осы сыйлықтарды бір-біріңе жылы лебіздеріңді білдіре отырып, сыйға тартыңдар.