kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока "К?згі таби?ат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: К?згі таби?ат.О?ушылар?а к?згі таби?атты? ?згертіні  туралы т?сініктерін ?алыптастыру.Ойлау ?абілеттерін дамыту,д?ниетанымын ке?ейту, с?здік ?орын  молайту.?з пікірін д?лелдей алу?а ?алыптастыру. Таби?атты ба?ылау, ??старды ?ор?ау,олар?а ?ам?орлы? жасау?а баулу.Саба?ты? формасы жеке-, дара,,ж?пты?. ?жымды? ж?мыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока "К?згі таби?ат" »

Аты – жөні Маралбаева Асемгуль Кунафияновна

Лауазымы мұғалім

Жұмысы өтілі 8

Санаты 2

Пәні Бастауыш сынып

Тақырыбы «Күзгі табиғат»

Сынып 1"Ғ"

Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың күзгі табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін қалыптастыру;ә) табиғат құбылыстары мен заттарының арасындағы.Ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту,сөздік қорын молайту,өз пікірін дәлелдей алуға қалыптастыру.Табиғатты бақылау,құстарды қорғау,оларға қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: сөздер жазылған парақшалар,АҚТ, оқулық, бақылау күнделігі, түсті қарындаштар

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, оқулықпен жұмыс,көрініс

Сабақтың формасы: жеке-дара, жұппен, ұжымдық

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:


1. Психологиялык дайындақ. Слайд №1 1мин.
Күннің көзі терезеден
Бізге міне қарап тұр.
Сондай жақсы көңіл - күймен,
Басталады бұл сабақ
Білімді ортаға саламыз
Жақсы баға аламыз.


II. Мағынаны тану


1.Қызығушылықты ояту


Слайд №2



-Балалар , интербелсенді тақтаға қарайықшы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!

1 мин.

2.(Жұппен жұмыс) 5мин.

  • Енді, балалар, алдарыңдағы парақшалардағы сөздерді әр жыл мезгіліне

қарай орналастырайық. 1-ші қатар- «қыс», 2-қатар – «жаз», 3-қатар- «көктем». («қар», «жаңбыр», «мұз», «ара», «күн қысқарады», «сары жапырақтар », «қар ериді», «аяз», «астық піседі», «бәйшешек», «боран», «ыстық күн», «мал төлдейді», «құстар ұшып кетеді», «күн ұзақ»

-Қандай сөздер қалып қойды?

-Олар қай жыл мезгіліне қатысты? (күз)

3.-Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Күзгі табиғат»

-Кім айтады, біздің сабағымыздың мақсаты қандай екен?

-Ендеше, күз мезгілінде неше ай бар?

4. 3 оқушы күзгі 3 ай туралы тақпақ айтады.

Слайд №3 «Күзгі айлар.» 5 мин

1. Бір - біріне жер аспан,(Әльфатима)
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен
2. Қазан айы болыпты, (Жасмин)
Қамбаға астық толыпты.
Сары даланы сәндетіп,
Думандатып әндетіп.
3. Күн суытып барады (Асанали)
Малдар қолға қарады.
Қараша ауыл даламыз,
Қысқа дайын қаламыз.

-Осы оқыған өлеңдердің қайсысы бүгінгі күнге сәйкес келеді?

(Қараша айы)

-Кәне, бәріміз терезе қарайықшы. Қараша айында табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

Енді күз айлары және күзгі табиғат туралы туралы толығымен мәтіннен оқып білеміз.

5.Оқулықпен жұмыс 5 мин.

А) Мұғалім «Күз табиғат» мәтінін оқиды.

Ә) Сөздік жұмысы: тоңазиды, сұрғылт, жалаңаштанып

Б) Оқушылар тізбектей оқиды.

В) Мәтін бойынша әр қатардың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды.


Сергіту сәті (музыка ойнап тұрады) Слайд №4 2мин

Табиғатым тамаша ғой, тамаша,тамаша.

Көз тоймайды оған қанша қараса, қараса.

Табиғатқа біз қараймыз, қараймыз, қараймыз.

Ешқашан да жаман бала болмаймыз, болмаймыз.


6.Бақылау күнделігімен жұмыс жүргізу. 3 мин.

Жұмбақ шешу.Жұмбақ шешуінің суретін салады.


АҚТ құстардың дауысы 5мин

1).-Балалар тыңдайықшы, ненің дауысы естіледі?
Б: Құстың дауысы.
Ж: Дұрыс айтасыңдар, бұл бізге сонау орманнан ұшып кетіп бара жатқан құстардың дауысы екен.

-Бұл қандай құстардың дауыстары?

-Құстар туралы не білесіңдер?

-Балалар, қай құс артық? (тоқылдақ)

-Ал, қай құстар бізде қыстап қалады екен? Слайд 5

2)Жануарлардың да күзгі тіршілігімен танысып кетейік. Слайд 6


ІІІ.Ойтолғаныс

1.Көрініс «Ағаштар» 3мин

- Менің киіміммен артық киім жоқ.Неге десен қызыл да,сары да,қызғылт түстері де бар.

-Менің ойынша, сен сияқты салмақты ағашқа, бұл киімің сай келмейді.Ал мен болсам,түсімді ешқашан ауыстырмаймын.

- Бұл жерде қандай ағашдардың диологы құрылған деп ойлайсындар?

- Қылқан жапырақты және шыршалы. (слайд №7)

- Күзде қылқан жапырақты ағаш қандай өзгеріске түседі?

- Жапырақтардың сарғаятын себебі неде деп ойласың?

- Ал шыршалы ағаштар қандай өзгеріске түседі?

2.Рефлексия:

-Күзде табиғатта тағы қандай өзгерістер болады екен?

-Бүгін сабақта не білдіңдер?

3.Мадақтау (сары, жасыл, қызғылт түсті жапырақтар таратылады)































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Разработка урока "К?згі таби?ат"

Автор: Маралбаева Асемгуль Кунафияновна

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162246


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства