Балалар, ??старды? т?рі ?те к?п. Оларды біз ?лкен екі топ?а б?леміз?
1.Жабайы ??стар
2.?й ??стары.
- Жабайы ??стар –таби?атта ?з алдына тіршілік етеді. ??старды? пайдасы ?те к?п. Олар таби?атты? байлы?ы а?аштарды, ?сімдіктерді зиянкес ж?ндіктерден ??т?арады. ??стар бір орныда т?рмайды. Оларды? бір жерден екінші жерге ?шып – ?онып ж?реді. Барлы? ??стар?а орта? ?асиет: ?шады, ?анаттары, мамы?тары, т?мсы?тары болады. Олар ж?мырт?алайды, балапан басады.
О?ушылар ?й ??стары мен жабайы ??старды? ??састы?ы бар ма?
Венн диаграммасы
?й ??стары жабайы ??стар
Осы заманда тіршілік ететін к?старды? тісі болмайды. Оларды? ?ызметін ?оректерін ?армап ?стау?а к?мектесетін, сырты м?йізді затпен ?аптал?ан ?атты т?мсы?ы ат?арады. ?рбір ??старды? ?оректену т?сіліне ж?не ?абылдайтын азы?тарыны? т?ріне ?арай т?мсы?ыны? формасы да т?рліше болады. Мысалы, жырт?ыш ??старды? т?мсы?ы т?мен ?арай иілген, т?мсы?ыны? к?пшілік жері ?алы? м?йізді затпен ?аптал?ан. Д?нмен ?оректенетін ??старды? т?мсы?ы д?нді шо?ып, теріп жеуге икемделуді? н?тижесінде біз т?мсы?ты болып келеді.
?аздарды? т?мсы?ы жалпа?, сырты м?йізді пластинкамен ?аптал?ан.
Балалар мынау ?андай ??сты? суреті?
То?ылда?. То?ылда?ты? т?мсы?ы ?ашау сия?ты ?ткір, мы?ты болады. А?ашты тесіп, ?абы?ты? астынан неше т?рлі а?аш?а зиянды ж?ндіктермен ?оректенеді.с?йтіп ол а?аш?а бір шетінен пайдасын тигізеді. Ал, жерге т?скен ?алды?тарын шымшы?тар мен тор?айлар теріп жейді. То?ылда? ?ара?ай, шырша б?рлеріні? ?атты ?абырша?ын ша?ып, д?нін алу ?шін ?ура?ан а?аш ді?ін ?н?ып ?я жасайды.
Құстардың табиғатта қандай пайдасы барын білеміз бе?
Көлдің сәні Орманның көркі
Құстар
Орман емшісі табиғаттың әні мен сәні
Бүгін оқушылар үш топқа бөлініп отырамыз.
Топ – «Тоқылдақ»
Топ – «Сауысқан»
Топ – «Қарлығаш»
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қысты күні болғандықтан, құстарды балалар жасаған ұяға қондырайық.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әр құсқа өз тұмсығы қажет».
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу
Түсінік жұмыстарын жүргізу
Балалар, құстардың түрі өте көп. Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз?
1.Жабайы құстар
2.Үй құстары.
- Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады. Құстар бір орныда тұрмайды. Олардың бір жерден екінші жерге ұшып – қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет: ұшады, қанаттары, мамықтары, тұмсықтары болады. Олар жұмыртқалайды, балапан басады.
- Үй құстары – тауық, күрке тауық, үйрек, қаз. Бұлардың бәрі де қорегін тұмсығымен шоқып жүріп жейді.
Оқушылар үй құстары мен жабайы құстардың ұқсастығы бар ма?
Венн диаграммасы
үй құстары жабайы құстар
Ұшады далада
Қанаты бар ұялары бар
Тұмсығы бар шөптің
Жұмырқалайды арасында
Балапан басады мекендейді
Үйде,
Қорада,
Үйшікте
мекендейді
Осы заманда тіршілік ететін кұстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін қүстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді.
Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған.
Балалар мынау қандай құстың суреті?
Тоқылдақ. Тоқылдақтың тұмсығы қашау сияқты өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, қабықтың астынан неше түрлі ағашқа зиянды жәндіктермен қоректенеді.сөйтіп ол ағашқа бір шетінен пайдасын тигізеді. Ал, жерге түскен қалдықтарын шымшықтар мен торғайлар теріп жейді. Тоқылдақ қарағай, шырша бүрлерінің қатты қабыршағын шағып, дәнін алу үшін қураған ағаш діңін ұнғып ұя жасайды.
Тоқылдақ ұясын немен ұнғиды деп ойлайсыңдар?
Әрине тұмсығымен.
Ал, бүркіт жемін аулағанда шүйіліп келіп, оның мойын омыртқасын осып жібереді. Сондықтан бүркіттің тұмсығы мықты, орақ тәріздес болады.
Ал, бірқазанның суретіне қараңыздаршы?
Бірқазан топ балыққа кездескен сәтте аузын кеңінен ашып, балықтарды бір-ақ көсіп алады. Сонда тұмсығында қалта созылады, ішіне көп балық сыйып кетеді екен.
Ал жылқышы деген құсқа назар аударайық.
- Орман төсеніші арасынан ұзын тұмсығымен топырақты шұқып, құрттармен, әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Тұмсығының ұшында жүйкелері шоғырланған, сол арқылы топырақтың ішіндегі жемтігінің аз қозғалысын сезіп қояды. Өте сақ құс , ерекше осқырған дыбыс шығарады.
- Қарлығаш. Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығынын түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қарлығаштың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр.
- Ителгі. Маңғыстаудың тауы мен Үстіртінде кездесетіндерінің көбінің арқасы сұрғылт-қоңыр, бауыры қоңыр, қара дақты, тамағы ақшылтым сары келеді. Танау тесігі дөңгелене, өткір тұмсықтарының имегі доғалдау біткен жыртқыш құстың негізгі жемтігі-саршұнақ, ұсақ зиянды кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар, жәндіктер. Ішінара кептер, қарға, торғайларды да аулайды. - Қарға- қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
- мінеки балалар, біз кейбір құстарға тоқталып өттік.
- Әр құсқа өз тұмсығы қажет пе?
- Не үшін қажет?
- енді оқушылар серігіп алайық.
Сергіту сәті
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық
Ойын. « Қай құс қалай дыбыстайды?»
Шарты ; Құстардың қалай дыбыстайтынын сәйкестендіру
Қарға шырылдайды.
Сауысқан сайрайды.
Торғай қарқылдайды.
Бұлбұл шаңқылдайды.
Халқымыз құстардың ұшуы, қонуы, келуіне қарап ауа райын болжаған.
1. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, төмен, суық болады.
2. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
3. Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады.
4. Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады.
5. Тауық жауыннан тығылса, жаңбыр ұзақ жауады.
6. Тырналар биіктеп ұшса, ауа райы өзгереді.
7. Құс жүнін үрписе, жаңбыр жауады.
8. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Ситуациялық сұрақтар.
1. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен не істер едің?
3. Егер бірнеше бала ағаштағы құстың ұясын алып, бұзып жатса, сен не істер едің?
Ойын «Жем шашар»
Шарты: Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, құстың ұясына барып құстарға жем шашады.
1. Әр құсқа тұмсығы қажет пе екен? Не үшін?
2.Құстардың қоректенуіне өз тұмсықтары қандай қолайлы жағдай туғызады?