Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналған психологиялық жаттығулар
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлеуге
жаттықтыру; қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Ойлау мен сөйлеуді дамытатын жаттығулар.
Әр сөзге қарама-қарсы сөз тап.
Ақ-қара
Көңілді-...
Кең-...
Биік-...
Мейірімді-...
Қатты-...
Салқын-...
Шапшаң-...
Жас-...
Жеңіл-...
Қараңғы-...
Қымбат-...
Құрғақ-...
Үлкен-...
Аласа-...
Суреттеу бойынша тап
Сары,қызғылт,күзгі( жапырақтар)
Жасыл сопақша, бүртіктер бар(қияр)
Ақ,жеңіл,қалқып тұрады(бұлт)
Кішкентай,сұрғылт, ұзын құйрықты,үркек(тышқан)
Жасыл,тікенекті жапырақты(шырша).
Көне,екі қабатты,кірпіштен салынған(үй)
Тәтті дәмді,ақ ,салқын(балмұздақ)
Қызыл,тәтті,піскен(алма)
Жаңа,әдемі,қызықты(кітап)
Жұмсақ,мұртты,қара ала (мысық)
Қараңғы,ну ,шыршалы,ағашты(орман)
Заттарды көбейтіп айт.
Мысалы, орындық-орындықтар.
Ағаш-
Көз-
Терезе-т.б.
Жаңа сөз жаса
Шыршасы көп орман-шыршалы орман
Баласы көп отбасы-
Жібектен тігілген көйлек-
Ағаштан жасалған сандық-
Бір сөзбен ата
Көбелек,маса,шегіртке,-насекомдар
Қайың,шырша,емен-..
Үстел, шкаф, диван-...
Бәтеңке, крассовка , туфли-
Ірімшік, қаймақ, йогурт-...
Бүлдірген, таңқурай, құлпынай-...
Футбол, гимнастика, жүзу-
Таң, күндіз,кеш-...
Сейсенбі,сәрсенбі,жұма-...
Қыркүйек,мамыр,маусым,-...
Пушкин,Абай,Мағжан-...
Марал,серік,Ұлжан-...
Қызанақ,сәбіз,қияр-...
Өрік,апельсин,алма-...
Сиыр, түйе,ит,-..
Доп,қуыршақ,лото-...
Сөйлемді жалғастыр.
Егер тас мақтадан ауыр болса,онда мақта жеңіл.
Егер анасы қызынан үлкен болса,онда
Егер Жанат Самалдан бойшаң болса, онда...
Егер жылан құрттан ұзын болса, онда...
Егер жолбарыс тасбақадан шапшаң болса, онда
Егер мұхит теңізден үлкен болса, онда...
Егер бес тоғыздан аз болса, онда...
Қалай ойлайсың, мыналар бір-бірінен несімен ерекше:
Жылға мен шалшық
Ағаш пен томар
Тақтай мен әйнек
Қыз бен қуыршақ
Құс пен ұшақ
Мультфильм мен кинофильм
Ін мен ұя
Күн мен түн
Қай сөз артық? Неліктен?
Сүт, қаймақ, айран, ет, ірімшік
Шортан, жайын, сазан, шаян
Үстел, орындық, теледидар, шкаф
Таң, күндіз, кеш, таңғы ас,түн.
Болат, Самат, Гүлнар, Абзал, Жоламан
Қоңыз, балық, құмырсқа, көбелек
Қаз, аққу, тауық, тоты, қоян
Алмұрт, қарабүлдірген, таңқурай, қарақат.