kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Президент-ел тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты:  «Президент – ел тірегі».

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Мақсаты:Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
                               Жайнаған сансыз қаласы,
                               Ел - Отан біздің кең - байтақ,
                              Отанның біздер баласы.
- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы
- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекет-ң тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Ашық оқу іс - әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
Тосын сәт:  Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ:       Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім.

Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Томпақ:     - Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ж-і:  - Бала-р, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тоб-з туралы айтып өт-к.
1 - топ. «Астана»тобы.        - Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
2 - топ. «Алматы» тобы.         - Алматы – Қазақстанның әдемі қала-ң бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны,Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай ж/е апорт алмасы бар.
3 - топ. «Ақтау» тобы.            - Ақтау - Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын - дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын - сауық кешендері және Каспий теңізі бар.
Томпақ:  - Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?  - Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
- Н. Ә. Назарбаев Алматы обл-а дүниеге келген.Мектепті жақсы оқыған,ұшқыш болуды армандаған.

Ясмин:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
 

Аружан:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды

Нұрай:Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.

- Өте жақсы бала-р,келесі менің білгім келеті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Президент-ел тірегі»

Тәрбие сағаты: «Президент – ел тірегі».

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Мақсаты:Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.
- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы
- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекет-ң тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Ашық оқу іс - әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім.

Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Томпақ: - Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ж-і: - Бала-р, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тоб-з туралы айтып өт-к.
1 - топ. «Астана»тобы. - Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
2 - топ. «Алматы» тобы. - Алматы – Қазақстанның әдемі қала-ң бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны,Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай ж/е апорт алмасы бар.
3 - топ. «Ақтау» тобы. - Ақтау - Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын - дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын - сауық кешендері және Каспий теңізі бар.
Томпақ: - Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады? - Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
- Н. Ә. Назарбаев Алматы обл-а дүниеге келген.Мектепті жақсы оқыған,ұшқыш болуды армандаған.

Ясмин:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Аружан:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды

Нұрай:Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.

- Өте жақсы бала-р,келесі менің білгім келетіні,Қазақстан Республика-ң рәміздерін біл-р ме?
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ жігіттері» әніне билейміз.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік.
«Астана» тобы – Алдымызда киіз үйіміздің керегесі керіліп, уықтары шаншылып, шаңырағы көтеріп дайын тұрған макеті бар. Сол макетті қазақтың ою - өрнектерімен әшекелейік.
«Астана» тобының балалары киіз үйдің макетіне, алдымен керегесінің ою - өрнектерін жапсырады, содан кейін есігін орналастырады.
«Алматы»тобы - ақ қағаздың ортасына күнді, жан - жағындағы шуағына әр ұлттың суреттерін жапсырамыз.
«Алматы» тобының балалары ақ қағазға күнді, жан - жағындағы шуағына әр ұлттың өкілдерінің суретте - рін жапсырады.
«Ақтау» тобы - ақ қағазға трафаретпен қазақтың ою - өрнектерін басамыз.
«Ақтау» тобының балалары
Трапаретты пайдаланып, губкамен қазақтың ұлттық оюын жасайды.
Әлисейітқайыр:
- Томпақ, біз саған естелікке қазақтың ағаш үйін береміз.

Расул: - Ал біз Қазақстанда барлық ұлттың өкілдерімен тату - тәтті өмір сүріп жатқанымызды бейнеледік.
Аянат: Біз Томпаққа қазақтың ою - өрнектерін сыйлаймыз.
Томпақ: - Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.
Тәрбиеші: Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
Рефлексті коорекциялаушы
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпақ бізге риза болды ма?
- Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?
Балалар сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Ағаш үйді оюлар мен әшекейлей білді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Президент-ел тірегі

Автор: ВАКАСОВА МАЙГУЛЬ СЕИТБЕКОВНА

Дата: 22.01.2017

Номер свидетельства: 382257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства