Демек, балалар пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді Кез келген затты түріне, түсіне, сапасына, пішініне қарай сипаттайды екенбіз. Ендеше,балалар пайымдау мәтінін меңгеруге байланысты оқулықтағы жаттығу жұмыстарына назар аударып,білімімізді кеңейтейік... 154-жаттығу Пайымдау мәтінін көшіріп жаз. Итбалықтың еті, майы, терісі пайдалы. Қазір оның саны күрт азайып кетті. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған. 155-жаттығу Балалардың бәрі сабақта. Ал Ермек болса ауырып үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті. Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті. Ермектің осындай достары бар. 156-жаттығу Ребустың шешуі: тоқылдақ. Тоқылдақ – орман құсы.Ол әр-түрлі жәндіктермен қоректенеді.Әсіресе,ағаштағы құрттармен қоректенеді. Тоқылдақты «орман емшісі» деп бекер айтпаған.Себебі тоқылдақ орманды құрттардан,ұсақ жәндіктерден тазартады. Олардың тұмсықтары ұзын,әрі қатты болып келеді. 157-жаттығу Еңбекқор құмырсқа Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек. Өйткені құмырсқа еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп-оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Бір отырып ,бір тұрып Біз тынығып алайық, Алақанды соғамыз , Орнымызға қонамыз. - Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Несімен ұнады?
158-жаттығу, 58 бет Оқушыларды бағалайды. | Оқулықта берілген жаттығуды орындайды. Сергіту сәтін қимылмен орындайды. Сұрақтарға жауап береді. |