kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалы? шеберхана. Авторлы? ж?мыс "С?йлеу м?нері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"С?йлеу м?нері" элективті курсыны? негізгі идеясы бастауыш сынып о?ушыларыны? тілдік ?орын дамыту. Б?л ба?дарлама негізінен 2 сынып о?ушыларына арнал?ан. С?йлеу м?нері факультативтік курс ретінде барлы? бастауыш сыныптарымызда ж?реді. Біра? бекітілген дайын ба?дарлама болма?анды?тан осы курсты? ж?мысты ?ол?а алып, сынып о?ушыларымен 3 жыл к?лемінде ж?мыс ж?ргіздік. Ж?ргізілген ж?мыстарды? ?орытындыларын сараптай келе, ба?дарлама бойынша ж?ргізілген ж?мыстар жа?сы н?тиже бергенін ба?ылап, ба?дарлады?. Содан кейін барып оны о?у ба?дарламасына кіргізе отырып, авторлы? ба?дарлама ретінде ?алалы? о?у б?лімінен лицензиялап, айма?та?ы бастауыш сыныптар? к?мекші ?дістемелік ??рал ретінде баспадан шы?арып, таратты?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогикалы? шеберхана. Авторлы? ж?мыс "С?йлеу м?нері" »

ПЕДАГОГИКАЛЫХ ШЕБЕРХАНА:

Авторлық жобалар бойынша:

CӨЙЛЕУ МӘНЕРІ


ғ.Ж.Әбдіқасымова

"Арқалық қаласының білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күнді жалпы білім беретін бастауыш гимназия "ММ.

Педагогикалық инновацияның тақырыбы: «Сөйлеу мәнері» элективті курс бағдарламасы мектептің бастауыш сатысының 2 сыныбына арналған.

Педагогикалық инновацияның өзектілігі: қазақ баласының жеке тұлға болып қалыптасуда ана тілінің артта қалмауын қадағалау, ұлыдан қалған ұлағат сөздерді саналы түрде түсіне меңгеруі, қазақ тілінің сан ғасырлар бойы қалыптасқан жүйесі мен заңдылықтарын бұзбай, ойымыздың айқын, сөзіміздің дәл, көркем болуын ес керу, мәдениетті, тілін құрметтейтін азаматты тәрбиелеуге бағыт беру.

Бұл элективті курстың мақсаты: оқушының әдеби сауатын ашу, оқырмандық мәдениетке баулу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті-елжанды тұлға тәрбиелеу.

"Сөйлеу мәнері" элективті курсын оқытудың міндеттері:

    • Көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

    • Көркем шығарма бойынша түсінік қалыптастыру;

    • Сөйлеу тілін жетілдіру;

    • Өзіндік әрекеттілікке баулу;

    • Оқушы тұлғасын тәрбиелеу.

Білім мазмұнын ашуда оқытудың әдіс-тәсілдері:

- балалардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске әсіру әдістері;

  • оқу-танымдық әрекеттіне қажеттілік тудыру, әсер ету әдістері;

  • оқу-танымдық әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.

Оқыту барысында дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге (түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, пікір білдіру, сурет салу) жаңа әдістемелермен оқытудың тиімді жолдары да қарастырылған.

"Сөйлеу мәнері" элективті курста жүргізілетін оқу әрекеттері:

  • оқу дағдысын (дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу);

  • жаттау (өлең, мәтіннен үзінді, халық ауыз әдебиетінен үзінді, көркем әдеби сөздер);

  • әңгімелеу (қысқартып, толықтырып, таңдауы бойынша);

  • жазба жұмысы (сөздік, тіл дамыту жаттығулары, эссе, шығарма, мазмұндама).

Педагогикалық инновацияны оқытуда оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Шығармаларды оқу

Оқу дағдысы.

Дұрыс оқу:

  • орфоэпиялық талаптарға сай оқу;

  • дыбысты, буынды, сөзді түсірмей, анық оқу.

Түсініп оқу:

  • сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу;

  • дауыс ырғағын сақтап оқу.

Мәнерлеп оқу:

- әуезді-сазды ерекшеліктерді сақтап оқу;

- сөз екпінін дұрыс қойып оқу;

- ой екпінін дұрыс қойып оқу;

- кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу.

Шығармаларды оқу барысында берілетін білім:

- ауыз әдебиеті үлгілерін білу;

- балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін білу (өлең, мысал, әңгіме, т.б.);

- бастапқы әдеби түсініктерді білу (пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор);

- әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш құралдарын қолдана білу (теңеу, эпитет, метафора);

Көркем шығармаларды мәнерлеп оқу белгілерін білу (интонация, логимкалық кідіріс, дауыс ырғағы мен мәнері, дауыс қарқыны).

Шығармаларды оқу барысында меңгерілетін біліктер:

  • дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқи алу;

  • әдеби-теориялық ұғымдардың негізгі белгілерін атап көрсете алу (мысалы, негізгі ой, композияция, сюжет, пейзаж, портрет, мінездеме);

  • әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш құралдарын қолдана білу (теңеу);

  • оқыған шығармасы, кейіпкер іс-әрекеті туралы айта алу;

  • оқығанынан алған әсерін шығармашылықпен көрсете алу;

  • жоспар құра алу;

  • шығармадағы оқиғалардың байланысын сақтап, әңгімелей алу;

  • кейіпкердің іс-әрекетінің себептерін анықтай алу;

Педагогикалық инновацияның дамытушылығы:

  • сөздік жұмысы: жаңа сөздер мен күрделі сөздерді жаттап, мәнін түсіне алу;

  • тұрақты сөз тіркестері мен сөйлеу оралымдарының мән-мағынасын түсіне алу;

  • ойын байланыстырып айта және жаза алу.

Зерттеу пәні: Сөйлеу мәнері

Зерттеу нысаны: Кіші мектеп жасындағы танымдық қабілеті жоғары дамыған, мүмкіндік деңгейде еркін жұмыс жасай алатын, шығармашылық қабілеті жоғары оқушымен жүргізілетін инновациялық технология.

Педагогикалық инновацияның теориялық негізі:

  • КР жалпы орта білім берудің мелекеттік стандарты;

  • ҚР «Білім туралы» Заңы,

  • Білім Министрлігінің «Қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүргізетін мектептер және мемлекеттік мекемелер ашу»(28.10.96) жөніндегі бұйрығы,

  • Бастауыш сынып оқыту бағдарламасы

Тіл дамыту тақырыбы оқушының сөйлеу мәдениетімен ұштасады. Ертеңгі күні халқымыздың асыл қазынасы, еліміздің болашағы үшін қасқиып тура сөйлеп, аузына ел қаратқан азамат тәрбиелеуді бастауыш сыныптан қолға алу керек.

Сөйлеу мәдениетін барлық пәндермен байланыстыра отырып, бір-бірімен дамыта жүргізген абзал. Сөйлеу мәдениетін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ғылыми-тәжірибелік және тәрбиелік маңызы зор. Сөйлеу мәдениеті пәнін басқа пәндермен байланыстра, ұштастыра оқыту – оқушының әр жақты білім алуына, дүние тануын кеңейтуге, сөз қорын молайтуға, өз ойын көркемдеп, әсерлі жеткізе білуге дағдыландырады. Пән мен пәнді бір-бірімен ұштастырып, байланыстырып отыру мұғалімнің алуан түрлі қолданған әдістері мен әр жақты кеңейтіп үйрете білу шеберлігінен туады. Ол оқушының сөйлеу дағдысында тілді дұрыс қолдану, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздерді тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем етіп қолдану, оларды дұрыс байланыстыра , орналастыра білу, сөйлемді қарапайым түсінікті етіп дұрыс құрастыра білуге әкеледі.

Оқытудың қазіргі кездегі жаңа принциптері оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына, нақтылы фактілерді өздері бақылап, саналы меңгеруіне, алған білімін жан-жақты зерттеп, кеңейтуіне, оның әр жақты дамуына жол ашатын ғылыми-тәжірибелік маңызы бар әдіс. Бұл оқушының шығармашылығын дамытады.

Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам үрдісінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау мен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттерді салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі. Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік мәдени мұрасы бар.

«Балаларға оқу, білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін», - деп Ж.Баласағұн айтқандай, еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуде, ғасыр бойы пайдаланып келген ауыз әдебиетіміздің тіл мәдениетімізідң асыл иректерін бүгінгі күнге дейін құнын жоймай келген мұраны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану көкейтесті мәселе.

Тіл – баланың өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.

Сол себепті біздің ұсынып отырған осы әдістемелік құралымыз ұстаздар, ата-аналар және шәкірттер үшін оқу-тәрбие үрдісінде тигізер үлесі мол деген ойдамыз.

Инновациялық тәжірибе нің мазмұны:

«Сөйлеу мәнері» мектептің бастауыш сатысының 2 сыныбына арналған элективті курс бағдарламасы бойынша 2 жылдық тәжірибелік жұмыс жүргізілді.

І –жыл :

Тәжірибе барысында 2 сыныпта эксперимент жұмыс жоспары құрылды. Жоспар бойынша тексеру жұмыстары, сауалнама, тестік жұмыс, сұрақ – жауаптар өткізілді. Әр жұмыс соңында қорытынды жасалды. Сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша келесі көрсеткіштерді ұсынамыз.


100

90

80

70

60

50

40

30

20

1


- сауалнама жауаптарының оң баға берген пайыздық көрсеткіштері


- тестік жұмыстардың оң баға берген пайыздық көрсеткіштері


-тексеру жұмыстарының пайыздық көрсеткіштері


- сұрақ–жауаптар арқылы тексерістің пайыздық көрсеткіштері

ІІ – жыл:

«Сөйлеу мәнері» гимназияда пән ретінде сабақ жоспарына кірді. Сабақ кестесінде жетісіне 1 сағат бөлінді. Әр сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар құрылып, бекітілді. Осыған орай бұл элективтік курстың алар орны зор. Пәннің мазмұны негізгі бөлімдерге бөлінді:

  1. Тіл мәдениетінің сипаты;

  2. Әдебитіл нормалары;

  3. Көркем әдебиет тілі мен тілдік норма;

  4. Сөйлеу этикеті және тіл мәдениеті.

Бірінші бөлім бойынша оқушыларға тіл мәдениетінің теориялық мәселелері бойынша нақты білім беру. Екінші бөлім бойынша пән бойынша іскерлік пен дағды қалыптастыру. Ал үшінші бөлім бойынша оқушылардың білім деңгейі бақылау сұрақтары мен тестік жұмыстар арқылы тексеріліп, бекітіледі.

ІУ.Қорытынды.

Элективтік курсты толық меңгеріп шыққан оқушылардың

- есте сақтау қабілеті;

- тілдік сөйлеу дағдысы;

- тіл мәдениеті;

- қарым-қатынас мәдениеті дамиды.


Бабамыздан, данамыздан қалған нұрлы да, сырлы тіліміздің бүгінде еңсесі көтеріліп, заң түрінде бекітілді. Осы мақсатпен оқушыларға заман талабына сай сапалы да жүйелі, терең де нәтижелі білім беру үшін пән мазмұнын оқытудың жаңа технологиясына негіздеу қажеттілігі туады. Жаңа технология – қоғам талабына сай нәтижелі білім берудің жолы. Жаңа қоғамның жаңа азаматын даярлау, ана тілімізді ұлттық нышанда сүйе білетін, құрметтейтін жаны таза, мәдениетті тұлға тәрбиелеуде әсері зор.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Педагогикалы? шеберхана. Авторлы? ж?мыс "С?йлеу м?нері"

Автор: Абдыкасымова Галия Жумановна

Дата: 23.02.2015

Номер свидетельства: 177724


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства