kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Паурочный план по труду 3 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

паурочный план 3 класс уроков с первой каленьдарного плана оно сответствуйет по план

Жа?а материалды т?сіндіру кезе?і:  Ж?мыс  орнын дайындау ж?не е?бек ?ауіпсіздігін са?тау ережесі жайлы т?сінік беру.   -  саба??а арнаулы киіммен келу /алжап?ыш, же?се немесе халат, жаулы? немесе телпек/;  - ??рал жабды?тарды, сурет, сызба, жазу жазатын ж?мыс д?птерлерін ретке келтіріп отыру; - тек д?рыс ??ралмен ?ана ж?мыс жасау, оларды ?зіні? тиісті жерінде ?ана пайдалану;  - техника ?ауіпсіздігіні? ережесі б?зыл?ан жа?дайда, жаралан?анда  дереу м??алімге хабарлау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«паурочный план по труду 3 класс»

3 сынып

Еңбекке баулу

Мұғалім:


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе (оқулықпен таныстыру) Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.

Сабақтың мақсаты:

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.

ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру. - сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; - құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану; - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда дереу мұғалімге хабарлау.

Сергіту сәті.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей;

2. Сұрақтарға жауап алу .

3. Тапсырмаларды орындау.

Бекіту кезеңі:

Қорытындылау.

Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5бет түсініп оқу.2. Бағалау










3 сынып

Еңбекке баулу

Мұғалім:


Тақырыбы: Оқуға шақыру . Ахмет Байтұрсынұлы

Мақсаты: А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндірп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім?

Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып «Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс ( түсті бояумен ерекшеленген сөзерді теріп жазып, түсіндір) 4. Сөзік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалықбұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»

IV. Жаңа сабақты пысықтау:

1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс - әрекеті. б) даналық 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балалрды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.


V. Қорыту : Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір.

1.Даналық, оқу, білім, т.б сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?

2.«Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» қалай түсінесң? Сызба арқылы көрсете аласың ба?

VІ Үйге тапсырма: жаттап ал, «Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.






3 сынып

Еңбекке баулу

Мұғалім:


Тақырыбы: Өздік жұмыс. Схема бойынша көжек құрастыру.

Мақсаты: Көжек құрастыру жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.

IV. Мақсатын қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Схема бойынша көжек құрастыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:


  1. Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 – сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал – мәтелдер кіргізуіңе болады.

Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.

Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс. 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.

VІI Бекіту кезеңі:Қорытындылау .

VIII Үйге тапсырма: 1. 12 – 13 бет оқу. 2. Бағалау.







3 сынып

Уақыты:

Еңбекке баулу

Мұғалім:


Тақырыбы: Қарындаш жаңқаларынан жасалған мозайка.

Мақсаты:

1. Оқушыларға мозайка туралы тұсінік беру. Қарындаш жаңқаларынан мозайка жасау тәсілін көрсету.

2. Ой – өрісін,білімін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,қағаз,әр түсті қарындаш,бояу.

Сабақ барысы:

I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба

жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.

Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден,қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде – ақ құрастырған екен. 1,2,3 – сурет бойынша түсіндіру

Кез– келген пайдаланылған қарындаш жоңқаларын алуыңа болады. Жоңқа неғұрлым ұзын және бірдей болса, мозайка да соғұрлым әдемі болады. Жоңқаларды бояп, қиып, мозайка жасауға пайдаланамыз. 1.Оқулық бойынша жұмыс: 14-15 бет

  1. Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақ – жауап: 1.Негізгі жұмыс кезеңін ата? 2. Қарындаш жоңқалары немен боялғанын түсіндің бе? 3.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  1. Көрме ұйымдастыру.

VII. Қорыту:

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 15-16 бет оқу.

Бағалау





3 сынып

Уақыты:

Еңбекке баулу

Мұғалім: .


Тақырыбы: Дән тұқымынан мозайка құрастыру.

Мақсаты: 1. Оқушыларға дән тұқымынан мозайка құрастыру. 2. білімділікке тәрбиелеу. 3. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, дән тұқымдары, ермексаз, қағаз.

Сабақ барысы:

I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

    1. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:


1. Мозайка деген не?

Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет.

2. Ваза (1сурет ) мен табақшаны (2 сурет) қандай дән тұқымымен әшекейлеуге болады? (бидай, күріш, арпа).

3.Оқулық бойынша жұмыс 16 бет 1-5 суреттермен жұмыс

Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Өз ойыңа сүйеніп, дән тұқымынан көлемді мозайка құрастыр.

Алдымен қағаз бетіне мозайканың нобайын сызып ал. Одан кейін қатты негізге бір қабат ермексаз төсе. Оған дәндерді жасаған нобайдың бойынша орналастыр.



VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу. Жасалу ретін ата? Қазақстанда суда мекендейтін жануарларды ата?

VII. Қорыту.


VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 17 бет. 2.Бағалау













3 сынып

Уақыты:

Еңбекке баулу

Мұғалім:


Тақырыбы: Мозайка әлемі тарихынан.

Мақсаты:

1. Оқушыларға мозайка туралы түсінік беру. 2. Ой – өрісін,білімін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Сабақ барысы:

I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка – бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба

жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.

Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден,қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде – ақ құрастырған екен. 15 бет

Сергіту сәті.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты -еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.

-Мозайка деген не?

-Римде нені мозайкамен сәндеген?

VII. Қорыту:

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 15 бет оқу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
паурочный план по труду 3 класс

Автор: Филиппина Орынгуль Сиркбаевна

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260710

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Ручная  вышивка "
    ["seo_title"] => string(17) "ruchnaia-vyshivka"
    ["file_id"] => string(6) "205633"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429949092"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""20 лет Ассамблей народов  Казахстана" "
    ["seo_title"] => string(38) "20-liet-assambliei-narodov-kazakhstana"
    ["file_id"] => string(6) "206090"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430111982"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства