kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Паурочный план на тему "Қамқор болып өсемін"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • қамқорлық туралы түсінік беру;
  • адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
  • қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Паурочный план на тему "Қамқор болып өсемін"»




Сабақтың тақырыбы: «Қамқор болып өсемін»

Сабақтың міндеттер:

  • қамқорлық туралы түсінік беру;

  • адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

  • қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу;

Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу;

Шаттық шеңбері:

- Кәне балалар, бәріміз шеңберге тұрып, мына өлең жолдарын бірге қайталайық.

Қайырымды жүрекпен,

Мейірімді тілекпен,

Ізгілікті ниетпен

Қамқор болып өсемін.

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


- Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Мәтінмен жұмыс: «Балапан мен мысық»

Оқушылардың қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді.



Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.


  • Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

- Біз осы мәтін арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік.

- Қамқорлық - адамға, табиғатқа, жан-жанурларға жаңашырлықпен қарау, көмектесу.



Ойын ойнау. «Біз де»

Ойын шарты: Қайырымдылықты білдіретін әрекеттер айтылғанда балалар «Біз де» деп бірге жауап береді, қайырымдылықты білдірмейтін әрекеттер айтылғанда, үндемей қалады, ал ондай жағдайда «біз де» сөзін айтып қалған бала айып тартатын болады. Айыпқа не тақпақ, не жұмбақ айтады.


Суреттерге қарап, қандай қамқорлық жасау керектігін айтыңдар.



Тыныштық сәті. Өзіммен - өзім.

Бұл әдістемелік тәсіл балалардың қайырымдылық, қамқорлық сезімдерін дамытуға түрткі болады.

- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жаңашырлық, қамқорлық, аяушылық сөзімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерін жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, «Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» деген сауалға жауап айтады.

Мысалы:

  • мен қамқорлықты ешкімді режтпеу деп түсінемін.

  • Мен үшін қамқорлық – кішілерге көмектесу

  • Құстарға жаңашырлықпен қарау қамқорлық деп ойлаймын.

  • Мен үшін қамқорлық- табиғатты аялау.


Назар аударыңдар

Қамқорлық жасауды үйрен!

Шамаң келсе көмектес!


Қорытындылау

- Қамқорлық – адамның адамға, адамның табиғатқа, жан – жануарларғажақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.


Дәптермен жұмыс

  • «Қандай үй жануарларыңа қамқорлық жасағыларың келеді?» Солардың (күшік, мысық, тоты, құс, қоян, лақ, қозы, т.б) суретін салыңдар» - деген тапсырма ұсынады.


Жүректен жүрекке


Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Балалар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:


Күн нұрындай көңілім,

Даламды кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым,

Қайырымды баламын.






























Сабақтың тақырыбы:


Өзін - өзі тану пәні





2016-2017оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Паурочный план на тему "Қамқор болып өсемін"

Автор: Касенова Дана Мержакыповна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414173


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства