Просмотр содержимого документа
«П?ні: ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: «С?з ??рамы ж?не оны? ма?ыналары»»
Пәні: Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы және оның мағыналары»
Мақсаты:
1. Білімділік: Сөз құрамы туралы білімдерін жетілдіру. Түбір мен қосымшаның айырмашылығын ажырата білуге үйрету, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін нақты танып білуге баулу.
2.Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Міндеттер: Сөз құрамы туралы білімдерін жетілдіріп, тиянақтау
Күтілетін нәтиже Алған білімдерін іс жүзінде, күнделікті сөйлеу барысында, қолдана алуға үйрету
Тапсырмалар Оқулықта және wiki беттерінен жүктелген дереккөздер
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, таблица, үлестірмелі қағаздар Сабақты өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: - Сынып оқушыларын түгендеу. - Үй тапсырмасының орындалуын қадағалап, бағалау. . ІІ. Ой шақыру Сұрақ - жауап әдісі: - Сөз мағынасына қара қандай түрлерге бөлінеді? - Тура және ауыспалы, мағынасы қарама - қарсы сөздер және мәндес сөздер, көп мағыналы сөздер. ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Сөз құрамы және оның мағыналары
ә) Сөздің құрамы екі бөліктен тұрады. Түбір - қосымша Жұрнақ Жалғау б) Жасырылған жұрнақтарды тауып көрсет балық + = күй + = оқу + = ас + = ғарышкер + = Тапсырма бойынша ереже құрастыру: Түбір сөзге жалғанатын бөлікті жұрнақ деп атаймыз. Жұрнақ арқылы жаңа сөз құрастыруға болады.
Қолданылатын әдіс: СТО сұрақтары
Сабақ барысында жүргізілетін жұмыс түрі
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
жалғау түбір жұрнақ
Мысал келтіріп оны сөз құрамына талда ауызша.
2. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Осы сөздерден туынды сөздер жасауға болады ма?
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
ІІ. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс: І,ІІ,ІІІ топ 1, 2, 3- жаттығуларды орындау.
1. Берілген сөздермен сөйлемдер құрап, сөз құрамын ажырат.
Сазгер, көшбасшы, сауыншы, емші, саяхат.
2. Сөз құрамына талда. Оқушы, оқулық, жолаушы, кітапханашы, басшы, жұмысшы, қойшы, ойыншық. 3. Жұмбақты көшіріп, қосымшалы сөздердің астын сыз. Әрі шешен, әрі әнші әрі күйші. Әр үйде бар, тапқышым, кәне тапшы.
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
ІІІ. Ой қорытынды
. Сөз құрамы неден тұрады? 2. Қосымша неше түрге бөлінеді? 3. Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады? 4. Түбір сөз дегеніміз не? 5. Түбірлес сөздер дегеніміз не?
Сабақтыбекіту. 1. Сөз құрамы неден тұрады? 2. Қосымша неше түрге бөлінеді? 3. Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады? 4. Түбір сөз дегеніміз не? 5. Түбірлес сөздер дегеніміз не?