kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

П?ні: ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: «Етістік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: ?аза? тілі.

Саба?ты?  та?ырыбы: «Етістік»

Ма?саты:

1. Білімділік: О?ушылар?а етістік туралы толы? ма?л?мат беру.
2.Дамытушылы?: О?ушыларды? с?здік ?орын молайтып, ойын, тілін, шы?армашылы?ын дамытып, дербес ж?мыс жасау?а ?йрету. ?з ойын тез ?рі ж?йелі жеткізуге да?дыландыру.
3.Т?рбиелік: О?ушыларды ??ыптылы??а, жина?тылы??а, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«П?ні: ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: «Етістік»»

Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Етістік»

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттер: Сөз таптары. Етістік туралы білімдерін жетілдіру

Күтілетін нәтиже Етістік туралы білімдерін нығайту

Тапсырмалар Оқулықта және wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, таблица, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.

Сабақты өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Үй тапсырмасының орындалуын қадағалап, бағалау. .
ІІ. Ой шақыру
Сұрақ - жауап әдісі:

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыбы: «Етістік»

- Психологиялық дайындық
- Білімдерін жинақтау мақсатында: дидактикалық ойын ойнату
- "Тез ойла, сөз ойла" ойыны:
Не? Қоздайды
... құлындайды
... лақтайды
... боталайды
... бұзаулайды

Кім? Емдейді
... оқытады
... ұшады
... тігеді
Заттың атын білдіретін сөзді - зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар


Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!
Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
- Сәйкестендіру тестін орындаймыз: Адасқан сөздерді орнына қой.
Арыстан - боздайды
Түйе - ақырады
Жылқы - маңырайды
Қой - мөңірейді
Аю - бақырады
Сиыр - кісінейді

- Етістіктің ережесін жаттату
- Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту

Сөйлем құрастыру, етістіктерді тізіп жазу, ережесін еске түсіру


Топтық жұмыс

І-топ. Сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктерді тап.


ІІ-топ. «Ақылды, сауатты бала» дәптерге қалай жазады? /Етістік сөздерді жазу/


ІІІ-топ. «Торғай» сөзіне бір шумақ өлең құрастыр. Өлеңнен етістікті тап


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану

Топпен жұмыс: І,ІІ,ІІІ топ
1, 2, 3- жаттығуларды орындау.
Дарынды оқушымен жұмыс:

  1. Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырып жаз
    Шығармашылық тапсырма:

жаттығу:
Сурет бойынша болымды болымсыз етістіктермен сөйлем құрастырып жаз.

ІV. Ой толғаныс.
Кубизм стратегиясы:
Оқушыларға куб лақтырылады. Ол кубтың беттерінде сұрақтармен тапсырмалары бар.
Ә - етістік дегеніміз не?
Ө - етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
І - етістіктерге мысал келтір
Ү – оқыды- сөзін қатыстырып сөйлем құра
Ұ- барды -сөзін қатыстырып сөйлем құра
Қ – биледі-сөзін қатыстырып сөйлем құра


- Шығармашылық диктант
1 - топ. Тоғайда түрлі аңдар...
Терең шатқалға қояндар...
2 - топ. Қызыл түлкілер тоғайда...
Тиіндер ағаштан - ағашқа...
- Өзіндік жұмыс
жаттығу
- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды, жауды, жүзді, тасыды.
Мысалы: Қар қалың жауды.
- жаттығу
- Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.

Ой қозғау.

Интерактивті тақтадан кесте көрсету. Етістік туралы өз білетіндерін топтастырып жазуға нұсқау беру.


Кесте арқылы етістік туралы мағлұмат беріп, білімдерін дамыту.






- Терме диктант
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексер

ІІІ. Ой қорытынды

Оқушылар бүгінгі өткен тақырып бойынша алған білімдерін бағандарға тиісінше жазады.
Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы


Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

1

2

3

4


Сабақты бекіту.
1.Қандай тақырыпта сабақ өттік?

2.Сабақта нені білдіңдер?

3. Етістік дегеніміз не?

4. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
5. Мысал келтір






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
П?ні: ?аза? тілі. Саба?ты? та?ырыбы: «Етістік»

Автор: Сегизбаева Ляйлим Абилкасымовна

Дата: 15.11.2015

Номер свидетельства: 253647


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства