kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

П?ні: ?дебиеттік о?у. Саба?ты? та?ырыбы: Ас?ар То?ма?амбетов «Т?лік туралы саба?».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: «Т?лік туралы саба?» ?ле?імен таныстыра отырып, ?ле?ді м?нерлеп о?у?а машы?тандыру. Т?рт т?лік малдарды? атауларымен таныстыру.

Дамытушылы?:О?ушыларды? а?ыл-ойын, есте са?тауын, ?иялын, зейінін, тіл байлы?ын, с?здік ?орын, м?нерлеп о?у да?дысын дамыту.

Т?рбиелік:Т?рт – т?лік малды к?тіп ба?у?а, ?ам?орлы? жасау?а, е?бекс?йгіштікке, ?лкендерге к?мек беруге т?рбиелеу.

?діс – т?сілдері: Хабарлау, с?ра?-жауап, т?сіндіру, ??гімелеу, баяндау, талдау.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

К?рнекілігі: Ас?ар То?ма?амбетовты? портреті, флипчарттар, кесте ?а?аздар.

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, д?ниетану

Саба? барысы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«П?ні: ?дебиеттік о?у. Саба?ты? та?ырыбы: Ас?ар То?ма?амбетов «Т?лік туралы саба?». »


Мерзімі: 11.04.2011 жыл.

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов «Түлік туралы сабақ».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру. Төрт түлік малдардың атауларымен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік:Төрт – түлік малды күтіп бағуға, қамқорлық жасауға, еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтың портреті, флипчарттар, кесте қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану

Сабақ барысы.

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық.

Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа-нақ

Дайындалдық бәріміз

1 – қатар жай отыр,

2 – қатар тез отыр,

3 – қатар сен де отыр.

Сабақ бастар кез боп тұр.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

Класс оқушыларын 3 топқа бөлу. Әр топта 3 оқушыдан. Үйге жеке – жеке оқушыларға тапсырма берілген болатын, сол тапсырмалар бойынша үй тапсырмасын сұрау..

1 – тапсырма: 1) Ғафу Қайырбековтің өмірбаяны (мазмұндау) 2) Ана тілі өлеңін(жатқа айту) 3)Ана тілім –тірлігімнің айғағы (әңгіме жазу) 4) ана тілі(жайлы өлең құрастыру )

ІІІ. Үй жұмысын бекіту.

1.Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? 2.Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

ІV. Автор туралы мағлұмат.

АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ (1905 – 1983) – ақын жазушы.

Қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ташкент политехникалық техникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы»(қазіргі «Сыр бойы»),  «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шыққан. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде  Отан қорғау, интернационализм тақырыбына арналған шығармалар жазған. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады:  ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.); елді, жерді қорғау, отансүйгіштік, ерлік тақырыбы («Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т. б.); халықтардың достығы тақырыбы («Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғытүнде», «Рейн жағасында» т. б.). Ақын поэмаларында қазақ халқының күрес жолындағы өмірі («Қара қыз», «Қанды жазу», «Терең толқын») мен кеңес адамдарының тыныс-тіршілігі («Күзетте», «Дария сыры», «Балдақты Оспан», т.б.) суреттелген. «Ақын тағдыры» поэмасын Сәкен Сейфуллиннің азаматтық, ақындық келбетін ашуға арнаған. Ақынның «Біздің Сәуле», «Тап қорғаны», «Буденный маршы», «Бір, екі, үш», «Қош аман бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», тағы басқа лирикалық өлеңдері әнге арналған. Таңдамалы шығармаларының жинақтары жарық көрген. Асқар Тоқмағамбетов  проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаев өмірін бейнелеген «Қыран тұғырдан ұшады»

( О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды.

Асқар Тоқмағамбетов -ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған. Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Жылқы –малдың патшасы. Жылқы-қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Дүние жүзінде жылқының 250 ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20 –ға жуық түрі өсіріледі.Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді. Жылқы малы халықты етпен,қымызбен қамтамасыз етті. Жылқыны салт мінуге, ауыл шаруашылықтарында күш көлігі ретінде пайдаланды.Жылқы өз аяғымен жыл бойы тебіндеп жайылады. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті,шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз- жылқы сүтінен алынатын, қышқыл сүт өнімі, халқымыздың кәделі сусыны.Қазақ халқы жүздеген жылдар көлемінде қымызды айрықша ыдыстары торсық пен сабада дайындаған.Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді.Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Мысалы: уыз қымыз, бал қымыз, дөнен қымызт.б.Қымыздың шипалық қасиеттеріне елімізде ерекше көңіл бөле бастады.

Түйе Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Түйенің терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқылды.Көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.Түйенің бірнеше түрі болады. Айыр түйе- қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.Аруана-сыңар, яғни жалғыз өркешті түйе.Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді,сүті де мол, бірақ жүні аз болады. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем.Радиациялық сәулелерді өткізбейтін қорғаныштық қасиеті мол түйе жүні ғарышкерлерімізге қорған болып ғарышты да шарлап жүр. Сиырдың сүті- тілінде. Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар. Ірі қара сиыр қолтұқымдары: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т.б түрлері өсіріледі. Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.Сиырдың сүті несеп ауруларына ем .Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады. Қой шаруашылығы. Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласы.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды. Кілем тоқылды.Қойдың қолтұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Арқар меринос қойы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі. Енді төрт түлік пірлері туралы не білеміз Қамбар ата .Жылқы қазақ халқының пір тұтатын жануары. Ерте заманда төрт түліктің пірлері болған.Жылқының пірі –Қамбар ата. Қамбар ата-жылқы баққан.Жылқы жыл санауында жетінші жыл. Ойсыл қара Қазақ халқы түйені төрт түліктің-төресі деп есептеген. Түйе шөлге төзімді мал. Түйенің пірі- Ойсыл қара. Зеңгі баба. Қазақта: «Сиыр малы-үйдің асыраушысы» деп тегін айтылмаған. Себебі: сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады. Мүшелік жыл санауда сиыр- екінші жыл. Сиырдың пірі-Зеңгі баба. Шопан ата. Қазақ халқы қой мен ешкіні қосып «уақ мал» деп атайды.Ешкі- өте өсімтал мал,ал қой төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Қой жыл санауында сегізінші жыл. Ешкінің пірі-Шекшек ата, Койдың пірі Шопан ата.Қой киелі түліктің бірі. Төрт түлік төлдері қалай аталады? Жылқы төлі- құлын деп аталады. Түйе төлі-бота деп аталады. Сиыр төлі-бұзау деп аталады. Қойдың төлі -қозы, ешкі төлі- лақ деп аталады Төрт түлік қалай дыбыстайды? (слайд ) Жылқы кісінейді. Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды, ешкі бақырады. Төрт түлікті қалай шақырады? (слайд) Жылқыны құрау-құрау деп шақырады. Түйені көс-қөс деп шақырады. Сиырды әукім-әукім деп шақырады. Қойды пұшайт-пұшайт деп, ешкіні шөре-шөре деп шақырады.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Мұғалімнің түсіндіре отырып мәнерлеп оқып беруі.

Төрт түлік


Қой Жылқы Ешкі Сиыр

қозы құлын лақ бұзау

VІ. Флипчартпен жұмыс.

Жылқы ------ Құлын ------ Жабағы (6 айдан 1 жасқа дейінгісі) ------ Тай (1 жастан асқаны) ------ Құнан (2 жастан асқаны) ------ Дөнен (3 жастан асқаны) ------Бесті (5 жастағысы) ------ Алты жасар


Түйе атаулары:

Түйе


Нар( жалғыз өркешті) Айыр (қос өркешті)


Нарбота ( жаңадан туған төлі) Бота (жаңадан туған төлі)


Нартайлақ (1 жастан асқаны) Тайлақ (1 жастан асқаны)


Қой атаулары :

Қой ------ Қозы ------Марқа ------Кепе ------ Тоқты ------ Саулық ------ Бойдақ қой (ұрғашы) ------ Құнан қой ------ Дөнен қой.

Ісек (еркегі) ------ Қошқар


Ешкі атаулары:

Ешкі ------ Лақ ------ Марқа лақ ------ Теке ------ Серке (Меркеш) ------ Шыбыш ------ Туша (ұрғашысы)


Сиыр атаулары:

Сиыр ------ Бұзау ------ Баспақ ------ Қашар.

Бұқа (еркегі) ------ Тана ------ Бұқашық

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

2. Оқушылардың іштей оқуы.

3. Дауыстап рөлге бөліп оқу.

VІІІ. Сөздікпен жұмыс

Сөзуар – сөзшең

Жобалауы - ойынша

Даурықты – таласты. (Шешімін таба алмады)

ІХ. Сабақты бекіту.

Оқушыларға жеке – жеке кеспе қағаздар беру.

Малдар

Төлдері

Атаулары

Қой








ешкі








Сиыр








Жылқы








Түйе








Х.Сабақты бағалау.

Жүйрік екен аттары ---------------------

Аяндамай желеді.

«5» қоямын мен оған

Бірінші орында келеді.

Білмей қалған жерлерін -------------------

Мықтап ойға тоқиды

Бүгін «4» – ке оқыса,

Ертең 5 – ке оқиды.

Айтқанына --------------------

Көңіліміз толмады

Сабаққа дайындалмай келіпті

Онысы дұрыс болмады.

ХІ.Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттау.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
П?ні: ?дебиеттік о?у. Саба?ты? та?ырыбы: Ас?ар То?ма?амбетов «Т?лік туралы саба?».

Автор: Алдабергенова Узилдик Жомартовна

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства