Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба? "?зімшілдік пен к?пшілдік"4 сынып»
А ш ы қ с а б а қ
Тақырыбы:
«Өзімшілдік пен көпшілдік»
Пән мұғалімі Омарова Г.А.
Тақырыбы:Өзімшілдік пен көпшілдік
Cыныбы: 4 сынып
Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту. Көпшілдік, өзімшілдік ұғымдары туралы түсінік беру. Көпшіл болуға тәрбиелеу.
Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті?
Мәтіннің идеясы не?
Жаңа сабақ
Құрметті оқушылар біздің мектепте қандай жаңалық болып жатыр?
- Өзін-өзі тану пәні апталығы өтіп жатыр.
-Өзін-өзі тану пәні сендерге ұнай ма? (ұнайды)
Ендеше осы пәннің негізін қалаған адамды білесіңдер ме?
Білсеңдер өте жақсы. Әрине, Сара Алпысқызы Назарбаева .
Білім беру саласындағы Бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние. Сара Алпысқызы биыл 75 жасқа толып отыр. Ол кісінің үш қызы бар қазіргі уақытта немере шөберелері бар әже атанып отыр. Ол кісі жетімдерге, әсіресе тасттанды балаларға өте жақын қамқор болып, соларға арнап мектептер, интернаттар салдырып, балаларға үлкен жомарттық танытты.
Балалар сендерге Сара Алпысқызының хаты бар екен оқиық.
Мәтінді слайдтан оқушыға оқытамын.
Мәтінмен жұмыс
Қызғаншақтың кесірі
Оқушылар сендерге мынадай сұрақ. Назым достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады? Мәтіннен нені түю керекпіз?
Ендеше Абай атамыз
«Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл», - деп айтқан екен. Осы дәйексөзді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Дәйексөз: Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл. Абай.
Дәптермен жұмыс. Өзімшіл бала мен көпшіл баланың бойларындағы қасиеттерді жазыңдар.
Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады. Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз жүруде де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адамға көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.
Жаңа ақпарат.
Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағыларғылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.
Жағдаяттар
№1 Бірінші сыныпта Гена деген бала оқыды. Ол өте талапты, үздік оқушы болды. Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, балабірден қолын көтеріп, толық жауап беретін. Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді. Ол өзін мен өте ақылдымын, маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпайтын. Оқу жылы аяқталды. Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді. Балалар қуанышты. Жорыққа алатынзаттарды екеуара бөлісетін болды. Лезде екі-екіден бөлісті. Ал Генамен ешкім болғысы келмеді. Гена жылап, мұғалімге келді.
-Мен ешкімге тіл тигізгем жоқ, мені неге жек көреді? – деді.
№2
Бекен жолдастарымен бірге серуенге шықты. |Үйлерінен дорбаға салып азық алды. Көл жағасында балық аулап, жидек терді, суға шомылды. Қарындары ашқан балалар тамақтанбақ болды. Балалардың бәрі әкелген азықтарын ортадағы дастарханға жайып тастады. Бәрі көңілді отырды. Қараса, орталарында Бекен ғана жоқ. Ол ағаштың түбінде жалғыз өзі әкелген тамағын алдына алып, жеп отыр екен. Достары оның бұл қылығына таң қалып қалды.
Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседіғ өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді. Көпшілдің жолдастары, достары көп, өзімшіл жалғыз. Сондықтанда көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен қашық болайық.
Тапсырма:
Өзімшілдік пен көпшілдік туралы мақалдар жинастырып келу
Өзімшілдік және көпшілдік туралы өмірден мысал келтіру
Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгендерін айтып, тақтаға стикер арқылы жапсырады.
Жүректен жүрекке.
Бір біріне сыйлықтар сыйлау. Оригами. Кшік жасап бір-біріне сыйлау.
Балалар бүгінгі сабағымыды «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтайық.
Бағалау:
Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларға алғыс айтамын.