Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру, ата-баба өнері туралы түсінік | Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті Тыныштықта отыру. Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. -Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар. | Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
2. Үй тапсырмасын тексеру | |
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Дәйексөзді талдау | Халық мақалы |
Шығармашылық жұмыс: | Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
Топпен ән айту: «Қазақтың дастарханы» | Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту | Күнделіктеріне жазады. |
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | Оқушылар көздерін жұмып демалады. |