Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз әрбір адамның абыройын, адамгершілігі мен беделін бағалайтын, жоғары өнегелі, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет» деп баса айтты. Бұл талаптар өскелең ұрпақтың тәрбиесін және рухани-адамгершілік білім берудің артықшылығын күшейтуге бағытталған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы мақсатымен тоғысады. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени және жеке құндылықтардың үйлесімділігіне бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз рөлін ұғынуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, өзін тануға және өзін-өзі жан-жақты жетілдіруге мүмкіндіктерін дамытады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Бүгінгі қоғамның өміріндегі рухани-адамгершілік дамудың проблемалары ең маңыздылардың бірі. Оны шешуде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының орны ерекше. Қазақстан Республикасының білім беру тәжірибесіне енгізілген «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мақсаты – білім беру процесінің міндетін өзгерту, бірінші орынға ақиқаттың, мейірімділіктің, махаббаттың, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарына тартылатын адам тұлғасын қалыптастыруды шығару болып табылады. Қоғамның жалпы ізгілендіруі оқу-тәрбие жүйесімен тікелей байланысты. Себебі білім беру мемлекеттің адамгершілік, интеллектілік, экономикалық және мәдени мәселелермен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарлама өзектілігі арта түседі деп ойлаймын. Себебі қоғамның ілгері дамуы адамдардың сана-сезіміне, көзқарастары мен әрекеттеріне байланысты жүреді.
