kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды еңбекқор болуға тәрбиелеу.Адал еңбекпен табылған қаражаттың пайдасы туралы түсіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс іс-шара»

Мектеп: №4 жалпы орта білім беретін мектеп

Мерзімі:10.02.2017жыл

№ 23

Тақырып: Еңбектің наны тәтті.

Құндылық :Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Еңбекқорлық, татулық, шыдамдылық.

Мұғалім: Алекина А.Б

Сынып: 3

Оқушылар саны: 24

Сабақтың мақсаты:» Оқушылардың «еңбек» ұғымы туралы түсініктерін кеңейтіп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Білімділік:еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2Дамытушылық: еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.



Тыныштық сәті «Орманға саяхат»

Денелеріңді түзу ұстаңдар. Көздеріңді жұмып, терең тыныс алып елестетіңдер.

Қазір біз сендермен бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңдер, сендер орындарыңнан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңдар. Далаға шыққанда сендер таза ауаны сезіндіңдер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңдар. Орманға кіріп, жан жақтарыңа бір қараңдар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңдар. Қараңдашы сендер гүлді көрдіңдер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңдер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңдаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сен өзіңе бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақында. Ағашты ақырын құшақтап тұр. Ағаш саған өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отыр. Жан – жағыңа қара. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсың ба? Осы қалыпта біраз отыр. Бұл сенің ағашың. Бұл ағашқа сен қалаған уақытыңда келе аласың. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындал. Келген жолдарыңмен орманнан қайта шық. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезіді жүректеріңде сақтаңдар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Ақыл-жастан, асыл-тастан» тақырыбы бойынша әр оқушы шығармашылық жұмысқа 5 мақал жазып кел.

Әр топтан бір оқушыға оқыту.



  1. «Еңбек»» сөзжұмбақ.

Талапты ерге нұр жауар,

Талапсыз неме құр қалар.



Ақыл-мың оқудың баласы.



Ақылдыға жан қымбат,

Ақылсызға мал қымбат.



Ақыл тозбайды, алтын шірімейді.



Ақылы аздың ашуы көп,

Таяз судың тасуы көп.



4. Бейнежазба: «Әли мен Ая»

5..Дәйексөз.



Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

Халық мақалы

1 рет- ұлдар

1рет –қыздар

Бәрі бірге – 1 рет


6.әңгімелеу

Мұғалім сыйы.

Аудио жазбадан тыңдату.

« Ең қымбат» ертегі.

Баяғы заманда бір ауылда кемпір мен шал тұрыпты.Шал тал ағаштарының бұтақтарынан себет жасапты.Кемпір болса ұршықпен жіп иіріп,тоқыма тоқыпты.Олар осындай кәсіппен күн көріпті.


Бір күні кемпірі шалға: Атасы, біздің жұмыс жасауымыз қиындап кетті: Менің ұршығым сынып қалды, ал сенің пышағыңның сабы сынды. Сен орманға барып мықты ағаш кесіп жаңа, ұршық жаса, өзіңе пышаққа жаңа сап жаса.


Шал кемпірінің тілегін орындау үшін орманға келеді.Ең жақсы талды таңдап алып балтасын құлаштап сермеп қалған кезде,орман ішінен бір атай шықты.Ол орман иесі еді.


-Менің ағаштарыма неге,тиесің,-деді атай.Ағаштар орманның сәні емес пе? Олардың да жаны бар.Одан да менен не қалайсың соны айт-бәрін беремін-дейді.


Шал қуанып кетті. Үйіне кемпірімен ақылдасуға келді.


-Ал кемпірім орман иесінен не сұраймыз? Ақылдасайық дейді.Көп ақша сұрасақ қайтеді? Ол бізге береді. Бізге ондай көп болса оны қорушылар да көп болады.Ұйқымыз тынышсыз болады.Еңбектенбей тапқан ақшаның не керегі бар-дейді кемпірі.


-Онда табын-табын сиыр, отар-отар қой сұрайық,-дейді шал.


-Табын сиырға қалай ие боламыз? Үйде бір сиырымыз бар ғой сүті де мол, алты қойымыз бар жүнді мол береді. Одан артық не керек дейді.


-Ендеше кемпірім, мыңдаған тауық сұрайық.Қой,шала-ау

Оны қалай бағамыз?


Үш-төрт тауығымыз бар бізге сол да жетеді. Шал мен кемпір әрі ойланып, бері ойланып қалаған нәрсесінің бәрі өздерінде бар екенін, ал жоқ нәрсесін өздері еңбекпен таба алатынын түсінді.

-Бір кезде шал,кемпірім біз орман иесінен не қалайтынымызды таптым дейді.


Шал орманға кетті. Ал оның алдынан орман иесі шықты.


-Ал,шал не қалайтыныңды ойландың ба?


-Ойландым,-деді шал.


-Кемпірімнің ұршығы,пышығымның сабы ешқашан ескірмесе сынбаса,сонда өмір сүрумізге қажетті нәрсені өзіміз табар едік, өз сүйікті ісімізбен айналысып бақытты болар едік,өміріміздегі басты байлығымыз сол болар еді.


-Сенің айтқан тілегің болсын деп орман иесі кетіп қалады.


Шал мен кемпірі сонан бері бұрынғыдан да бақытты көңілдері шат болыпты. Кемпірі ұршықпен жіп иіріп керемет бұйымдар жасаса,шалы ағаш бұтақтарынан бұрынғыдан да керемет себеттер тоқыпты. Олар тамаша бақытты өмір сүріп келеді, өйткені адал еңбек етіп, өз сүйікті істерімен айналысыпты.


Әңгіме бойынша сұрақтар:

1.Не себепті шал мен кемпір орман иесінен құралдарының сынбауын сұрады?

2.Олардың тілегін орынды деп ойлайсыңдар ма?

3.Сендер олардың орнында болсаңдар орман иесінен не қалайтын едіңдер?

4.Үйде сендердің еш іспен айналыспай бос отыратын кездерің бола ма?

5.Еңбекқор болу үшін,еңбегінің нәтижесі болуы үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?



7.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



1-топ.«Еңбек бақыт бастауы» әңгіме жазу.

2-топ.«Еңбек» жайлы мақал-мәтелдер жазу.

3-топ. «Еңбек» жайлы сурет салу.

8. Топпен ән айту.

Әннің аты «Қырманға кел,қалқатай»

Сөзі: Т. Ысмайлов.

Әні: С. Мұхамеджанов.








9.Үй тапсырмасы.

«Еңбек түрлері» фото коллаж.


10. Қорытынды.

-Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап қадірлейік.

Соңғы тыныштық сәті:(Баяу музыка ырғағымен жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік)

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық ,тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Автор: Алекина Айгул Болатовна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391961


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства