kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәні. Тақырыбы: "Кешірімді бала-кішіпейіл бала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәні. Тақырыбы: "Кешірімді бала-кішіпейіл бала"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні. Тақырыбы: "Кешірімді бала-кішіпейіл бала"»

Мектебі: Благодар орта мектебі

Мерзімі: 30.11.2016ж сабақ №12

Тақырыбы: Кешірімді бала-кішіпейіл бала

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: кішіпейілділік,, кешірімділік,сыпайылық.

Мұғалімі: Қасымхан Лаура Сыныбы: 2 «а»

Оқушылар саны: 26

Мақсаты: «Кешірім» ұғымы туралы түміндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығы ның мәнін ашу

Міндеттері:

-кішіпейілділік, кешірімділік туралы ұғындыру,

-кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

-кішіпейіл, кешірімді ,сыпайы болуға тәрбиелеу



Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын сұрау: «Автобуста» әңгімесінің мазмұнын сұрау.


-Әңгіме қалай басталады?

-Әңгімеден қандай ой түюге болады?

-Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесің?

-Достарыңмен немесе жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай көңіл күйде боласың?

-Кешірім сұраған кезің болды ма?

-Сыпайылықты қайдан көре аламыз?


3. Дәйексөз .

«Кешірім-ізгіліктің белгісі»

Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.

Кешірімді болу үшін қандай болуымыз керек?

4. Әңгімелесу:

Бейне фильм «Соқыр ана»

* Анасы баласынан не үшін кешірім сұрады?

* Балсының анасына істеген қылығы дұрыс па?

* Не үшін анасы баласынан көзінің соқырлығын жасырып келді?


6.Шығармашылық жұмыс.

«Досым көп болсын десең....» тақырыбында өз ойларынан ойтолғау жазу.

7.Топпен ән айту:

Күн күледі

Сөзін жазған Қ. Толыбаев.

Әнін жазған И. Нүсіпбаев


Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Қайырмасы

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Жалбыр шашы-гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

8. Үй тапсырмасы. 13- сабақтан өсиет әңгімені оқып келу.

9.Тыныштық сәті:

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


5-т

Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.


Бейне ролик








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Өзін-өзі тану пәні. Тақырыбы: "Кешірімді бала-кішіпейіл бала"

Автор: Қасымхан Лаура Марсқызы

Дата: 29.01.2017

Номер свидетельства: 385275


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства