kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өзін-өзі тану белестері" Уроки

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақта тиімді әдіс-тәсілдер таңдалынып алынған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өзін-өзі тану белестері" Уроки»

Өзін – өзі тану сабағының жоспары



Тақырып: Өзін – өзі тану белестері

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Адалдық,адамгершілік, мейірімділік.

Мұғалім: Баянбаева К.Т. Сынып – 3сынып



Сабақтың мақсаты: «Өзін – өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

• 3 сыныпқа арналған «Өзін – өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру.

• Адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру.

• Оқушыларды сыйластыққа, кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы ,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өзін – өзі танудан үйренемін» тақырыбында шағын әңгіме жазу.



2.Дәйексөз

Өзін – өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі.

С.Алпысқызы

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Жаңа тақырыпқа дайындық.

Мәтінмен жұмыс «Мақтай неге мақталар?» өлеңінде аталған жақсы қасиеттерді атап, оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқиды.



3.Әңгімелеу

Алтын балық

Ертеде сіңірі шыққан кедей болыпты.Шиеттей баласы көп екен.Күндердің бір күні әлгі кедей дертке ұшырайды.Тәуіптен тәуіп, балгерден балгер қоймайды.Бір де бірі оны емдеп жаза алмайды.Тірліктен үміті үзілген кедей ұзақ сапардан шаршап – шалдығып бір қарияның үйіне мейман болып қонады.Қария қонағын жылы қарсы алып, барын алдына тосады.Кедейден жөн сұрайды.Кедей өзінің дертті екенін, оған ем қонбағанын айтады.

Қария біраз отырып:

  • Осыдан бір тәулік жерде бір түпсіз терең өзен бар, сол өзеннің балығының сорпасы сенің ауруыңа шипа болады, - деді.

Кедей қуанып кетеді.Бір тәулік жүріп,түпсіз терең өзенге келеді.Өзенге ау құрып, күніне үш рет қараумен болады.Балық ілінбейді.Бір күні ерте тұрып, ауын қараса,кішірек шабақ түсіпті.Шелегіне салып жатқанда көзі түсіп еді,алтын балық екен.

«Бұл өзеннің балығы алтын болады екен ғой.Сондықтан қасиетті балық дертке шипа болуы мүмкін», - деп ойлайды кедей.

Балыққа тіл бітіп:

  • Мен біреудің жалғызы едім.Ая, анам сорлап қалады ғой, - деп зарлана бастайды.

.....Кедей балыққа мейірімі түсіп, суға қоя береді.

«Жазықсыз жалғызды зарлатып жазылғанша, үйге барып, ақадал ажалға бас иемін», - деп ойлап,ауын жия бастайды.

Осы кезде өзеннен бір үлкен алтын балық шыға келеді.

  • Ей, адамзат, - дейді әлгі алтын балық. - Сен мейірімді, ақ көңіл жан екенсің.Менің көзімнің қарасы, жалғызымды ажалдан құтқардың. Мен де саған борышты болып қалмайын, үш тілек айт, соның орындалады.

  • Бірінші тілегім деніме саулық бер, - дейді кедей.

  • Екінші тілегім – ақ көңіл, адал ниет бер, - дейді.

  • Үшінші тілегім – үйде үйелмелі – сүйелмелі, әліпті таяқ деп білмейтін балаларым бар, соларға таудай талап бер, - дейді кедей.

......Кедей дертінен арылып, үйіне келеді. Адал еңбек етіп, ісі алға басып, дәулеті өсе бастайды.Балаларының бәрі талапты: бірі – асқан әнші, екіншісі – атақты күйші, үшіншісі – зергер болып ер жетіпті.

1.Неліктен балық қарияның тілектерін орындады ?

2.Алтын балықтан өздерің қандай тілек тілер едіңдер ?


4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Өзін – өзі тану» тақырыбына ребус жасау.


5.Топпен ән айту

Жас ұландар жыры

с:А.Байғожаев

ә:Ә.Молдағайынов

1.Аялап туған ел,

Даңқымыз шырқады.

Атандық жас ұлан,

Бабалар ұрпағы.



2.Қырандай түлеттің,

Асқақтап самғаймыз.

Алғысын жүректің,

Өзіңе арнаймыз.



3.Жазира өңірде,

Сайраған біздің жол.

Құмартқан Өмірге,

Боламыз құрыш қол!



4.Көгілдір аспаны,

Бақытты боламыз.

Өмірдің дастаны,

Еңбеккер боламыз.


6.Үй тапсырмасы

«Өзін – өзі тану» сөзіне ребус жасап әкелу.


7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Өзін-өзі тану белестері" Уроки

Автор: Баянбаева Карлагаш Токташевна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379192

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "урок на тему "?аза?стан Ассамблеясына 20 жыл" "
    ["seo_title"] => string(49) "urok-na-tiemu-k-azak-stan-assamblieiasyna-20-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "205843"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430042012"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Конспект урока на тему: "?аза? даласыны? ?лттары мен ?лыстары""
    ["seo_title"] => string(65) "konspiekt-uroka-na-tiemu-k-azak-dalasynyn-u-lttary-mien-u-lystary"
    ["file_id"] => string(6) "302233"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457095058"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства