kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен жоспар: "Жылы ж?рек-жа?сы тілек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану п?нінен бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан "Жылы ж?рек-жа?сы тілек"
мейірімділік, ?айырымдылы? ??ндылы?тары туралы т?сінік ?алыптасады. Жа?сы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы балалар біліп алады. Бір-біріне деген досты?ы ны?аяды. Шы?армашылы? ?абілеті артады.Бір-біріне жа?сы ?асиеттерін к?тері?кі к??іл-к?ймен айтады. Жа?сы ?асиетті жаман ?асиеттен ажырата біледі. Жаманды?тан ары болады, жа?сылы??а жаны жа?ын болады. Д?йекс?здерді жаттау ар?ылы балаларды? ойлау ?абілеті дамиды. Тілек тілей отырып, с?здік ?оры дамиды. Эссе жазады, ?н айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен жоспар: "Жылы ж?рек-жа?сы тілек"»

3 «Ә» сынып ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

ТАҚЫРЫБЫ: Жылы жүрек – жақсы тілек

МАҚСАТЫ: Мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсінік..

Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктер, қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктері Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

- жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

- қайырымдылық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

КӨРНЕКІЛІГІ: дәптер, оқулық, суреттер, карточкалар.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді

ұсынады:

- Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:

- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.

Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.

Мұғалім оқушыларға ризашылығын білдіріп:

- Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар төңірегінде әңгімелеседі.

. Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

. Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Тыныштық сәті

Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

Топпен жұмыс

Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі, әр топқа бір-бір жүрекше береді қай топ көп жылы сөз біледі? (бес минут уақыт беріледі)

Әр топ басшысы кезекпен оқиды.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс

Жылы жүрек, жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Жақсы ата

Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам көбіне-көп табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян.

Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді. Ол:

- Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.

Әкесі:

- Өзің ойнасаңшы, - деп сылап-сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. « Қырсыққанда қымырын іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:

- Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін,- деді.

Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмара қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:

Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.

Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, - деді мейірленіп.

. Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

. Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?

. Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездерінді еске түсіріп көріңдер.

Дәйексөз.

Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Жақсы сөз – жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:

- Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

Оқушылар дәйексөзді дәптеріне жазып алады.

Тапсырма

Оқушылардың сабақта алған білім- біліктерін тиянақтау үшін тапсырма беріледі. Тапсырмада ілінген ана мен бала суреттерге қарап кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсы сөз, жылы тілек айту ұсынылады.

Сергіту сәті

Балаларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:

- Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.



Дәптермен жұмыс.

Тілек

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпыпсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға бүгінгі күнді жазғызып, "Ана "тақырыбына эссе жазғызады.





ЖАҢА АҚПАРАТ.

Қорытынды:

Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды:

- Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шатыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.


ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ.



.Балалар шеңбер құрып тұрып Әр бала ата-анасына,бауырларына тілегін айту.

Ән: «Бала тілегі»


Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып келу.





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен жоспар: "Жылы ж?рек-жа?сы тілек"

Автор: Дадыбаева Фатима Бекназаровна

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290880


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства