kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану –?мірді тану.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану –?мірді тану.

Саба?ты? ма?саты: Балаларды? ?зін-?зі тану, ?мір ??ндылы?тары  туралы т?сініктерін                                   ке?ейту.

Міндеттері: 1. 4-сынып?а арнал?ан  п?нні? мазм?нымен таныстыру;

                     2.адамгершілік ??ндылы?тарын білуге, ?зін, ?згелерді тану?а                                                   ?ызы?ушылы?тарын арттыру;

                     3.Сыйласты??а, ізгілікке, кішіпейілділікке т?рбиелеу;                

К?рнекілігі: электронды о?улы?, алтын са?а /асы?/, д?птер

Тынышты? с?ті: Толы? тынышты?та баланы? ж?рек со?у ыр?а?ы мен тыныс алуы  

                               реттеледі,           денесі же?ілденеді. Ол ?з ойын жина?тай алу м?мкіндігіне   

                               ие болады, ?зіні? ішкі «Менін» т?сіне алады, ?зіні? сезімі мен к??іл к?йін

                               жа?сы сезінеді. М??алім          балалар?а осы жатты?уды орындату

                               барысында оларды? дене ?алпына, тыныс алуы     мен денесін бос ?стай

                               білуіне баса назар аударуы тиіс.

?зін-?зі тану бойынша 4-сыныпта?ы о?у ??ралдарымен таныстыру.

 ??гімелесу:3-сыныпта  ?зін-?зі тану п?нінен не ?йрендік?

v  Жаз?ы демалысты ?алай ?ткізді?дер?

v  Сыныптастары?ны? бойынан ?андай ?згерістер бай?ады?дар?

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану –?мірді тану. »

Сабақ:1 Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы:Өзін-өзі тану –өмірді тану.

Сабақтың мақсаты: Балалардың өзін-өзі тану, өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: 1. 4-сыныпқа арналған пәннің мазмұнымен таныстыру;

2.адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін, өзгелерді тануға қызығушылықтарын арттыру;

3.Сыйластыққа, ізгілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: электронды оқулық, алтын сақа /асық/, дәптер

Тыныштық сәті: Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы

реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне

ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін

жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату

барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай

білуіне баса назар аударуы тиіс.

Өзін-өзі тану бойынша 4-сыныптағы оқу құралдарымен таныстыру.

Әңгімелесу:3-сыныпта өзін-өзі тану пәнінен не үйрендік?

  • Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

  • Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?



Е.Өтетілеуов. «Мақтай неге мақталар?» бірлесе оқу

  • Өз бойларыңнан мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

  • Жазғы демалыста осы қасиетті қай әрекетіңнен байқадың?


Ойын: «Алтын сақа» ойыны.Сақаны алған бала жанындағы баланың жақсы қасиеттерін атайды.


Аңыз. «Екі дос және қария»

  • Неліктен адамдар екіншісі туралы естеріне алмады?

  • Екі достың әрекетіне көзқарасың...



Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану.

Б.Фонтенель.



Өзін-өзі тану -өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдеріс.




Дәптермен жұмыс:Мен кіммін?

Менің мінезім қандай?

Мен қандай болуым керек?

Қорытындылау: 4-сыныпта біз білім, ұжым, арман, өнер, тіл Отан т.б. жайында оқып білеміз.

Тыныштық сәті: Оқушылар өз әлеміне ойша үңіліп, бүгінгі сабақтан алған әсерін өзі іштей

түйіндейді.

Сабақ:2 Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы:Білімге құштарлық


Сабақтың мақсаты: Балалардың білім құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері: 1. Білім, даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

2.білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;

3. білімді бағалауға тәрбиелеу;


Көрнекілігі: электронды оқулық, дәптер

Тыныштық сәті: Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы

реттеледі, денесі жеңілденеді.

Әңгімелесу:

  • Білім туралы мақал айтыңдар. Мағынасын түсіндір

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

  • Білімді қалай жинауға болады?


Қ.Толыбаев «Білімге құштарлық» бірлесе оқу

  • Талапты баланың білімге құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  • «Оқу инемен құдық қазғандай» дегенде нені түсінесіңдер?

  • Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер?



Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы



Адам білім арқылы қоршаған ортаны, айналаны танып біледі.



Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне» /өлеңді оқу/

  • Мақсатыңа жету үшін өз білімдерің жеткілікті деп ойлайсыңдар ма?

  • Біліміңді шыңдау үшін не істеу керек?




Шетелде оқып жатқан Аружанға хат жазу.



Ойын-жаттығу:Мақалдың жалғасын тап: Білімнің басы бейнет, соңы-...

Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің ...

Өнер-ағып жатқан бұлақ,

Білім-жанып...

Тіліңмен жүгірме-...

Дәптермен жұмыс: 1-тапсырма: Жұмбақты тап

2-тапсырма:Әріптерден даналық сөз құра.

Қ,Н,І,Қ.Т.А.А.З.П.Ы.А.Н.Л,А,Т,Ы


Тыныштық сәті: жайлы музыка тыңдап, өз әлеміне үңілуге ықпал ету.

Сабақ:3 Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы:Ойлы бала озар


Сабақтың мақсаты: ой ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу

Міндеттері: 1. Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2.ойлай білу іскерліктерін дамыту;

3. ойлылыққа тәрбиелеу;


Көрнекілігі: электронды оқулық, дәптер

Тыныштық сәті: Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы

реттеледі, денесі жеңілденеді.

Мультфильм көру:

Ы.Алтынсарин. «Асан мен Үсен» әңгімесі

Сөздікпен жұмыс:

Шақаттау жер-

Парасы-

Сортаң-

Ойлы бала






  • Сендердің ойлылық танытқан сәттерің болды ма? Естеріңе түсіріп көріңдерші?


Адам ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады.



Терең ой-асыл іс.

Абай.




Ойлау арқылы адамзат қандай жетістікке жеткенін айтып бер.


Ойын: Конкурс. Адами қасиеттерді атау, соған байланысты мақал айту.

Сабыр түбі-сары алтын

сабыр




Дәптермен жұмыс: /кестені толтыру/

Қасиеттер

Асан

Үсен







Қорытындылау: Ойлылық-бұл ақылдылық т.б.


Тыныштық сәті: жайлы музыка тыңдап, өз әлеміне үңілуге ықпал ету.



Сабақ:4 Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы:Менің сыныбым- менің ұжымым


Сабақтың мақсаты: оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері: 1. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2.өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

3. бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу;


Көрнекілігі: электронды оқулық, дәптер

Тыныштық сәті: Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы

реттеледі, денесі жеңілденеді.

  • Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Өз сыныбың несімен ұнайды?


М.Гумеров. «Күмән»

  • Әңгімедегі сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

  • Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар?

  • «Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады ?»-дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма?


Ұжымда болу-бақыт.

Ә.Табылдиев.




Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір-біріне көмектессе, ұжымда бірлік, сыйластық болады.




  1. Сенің сыныптасың спорттық сайыстан бас жүлдемен оралды.Оның қуанышын қалай бөлісер едің?

  2. Сыныптасың сайыстан жеңіліп қалды.оған қалай көмектесер едің?

  3. Сынып балаларының тәртіпсіздігі үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды. Қандай шешім шығарар едің?

Дәптермен жұмыс:Өз сыныбыңның үлгі тұтар жақтарын жаз.

Қорытындылау:Сабақта ұжым екендігін сезіне алғандығын білу, сабақты қорыту.


Тыныштық сәті: жайлы музыка тыңдап, өз әлеміне үңілуге ықпал ету.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?зін-?зі тану –?мірді тану.

Автор: Рыщанова Д?мелі

Дата: 09.01.2015

Номер свидетельства: 151918


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства