kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін ?зі тану 3-сынып Жылы ж?рек-жа?сы тілек

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін ?зі  тану  3-сынып

Саба?ты?  та?ырыбы: Жылы ж?рек-жа?сы  тілек.

Саба?ты?  ма?саты: О?ушыларды  ізгілікке,адамгершілік  ?асиеттерге  т?рбиелеу. Мейірімділік жасау?а  баулу.

Саба?ты?  к?рнекілігі: Интер  та?та,электронды?  о?улы?

Саба?ты?  барысы:

Саба?ты «К??ілді балалар»  ?нін  шыр?ау

О?ушыларды?  ?ызы?ушылы?ын  ояту.

*Адамдар?а  жылы  ж?рекпен жа?сы  тілек  тілеген  кезде  ?андай  сезімде  боласы??

*Ал ?зі?е жылы тілек  айт?ан  кезде  ше?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін ?зі тану 3-сынып Жылы ж?рек-жа?сы тілек »

Өзін өзі тану 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек-жақсы тілек.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізгілікке,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Мейірімділік жасауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Интер тақта,электрондық оқулық

Сабақтың барысы:

Сабақты «Көңілді балалар» әнін шырқау

Оқушылардың қызығушылығын ояту.

*Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімде боласың?

*Ал өзіңе жылы тілек айтқан кезде ше?

(Оқушылардың ойын ортаға салып,тыңдау)

Сабаққа мақсат қою.

Негізгі кезең:

Оқулықпен жұмыс.

Электрондық оқулықтан «Жақсы ата » әңгімесін тыңдау.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»

Топпен жұмыс

Әр топқа ақ қағаз таратылады. Сол қағазға балалар алақандарын салып, алақанға жылы тілектерін жазып,қиып сыйлайдй.

1-топ. Екінші топ оқушыларына жылы тілектерін білдіреді

2-топ. Үшінші топқа жолжайды

3-топ Бірінші топқа жылы тілек айтады

Дәптермен жұмыс

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдаң?Сенің өз пікірің?

«Бала тілігі» әні орындалады.

Үйге тапсырма : Адамгершілік тақырыбына «мақал-мәтел» жаттап келу.









































14.01.15ж

Сабақтың тақырыбы: Фигураның бөліктерінің ауданын табу
Сабақтың мақсаты: 1. Фигураның ауданын есептеуді пысықтай түсу
2. Ауызша есептеу жылдамдықтарын, логикалық ойлау дағдыларын дамыта түсу
3. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу
Сабақтың көрнекілігі: кесте, саяхатқа арналған плакат, текше, деңгейлік тапсырмалар, жалау, бағалау таблосы, ауызша есептеуге арналған кесте.
Сабақтың әдісі; сұрақ - жауап, ойын, оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (1мин)
Психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру(1)
3. ауызша есептеу жүргізу(5)
4. Көркем жазу минуты(1)
5. Оқулықпен жұмыс(18)
6. Сергіту сәті(1мин)
7. Тақтамен жұмыс(8мин)
8. Деңгейлік тапсырмалар(8мин
9. Бағалау(1мин)
10. Үйге тапсырма беру(1мин)

Сабақтың барысы. 0қушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне және жанындағы достарына іштей жақсы тілектер тілейді.
Сабақтың мақсатын хабарлау:- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Ол үшін 3 - топқа бөлінеміз.(А, В, С) Берілген тапсырманы дұрыс орындаған топ мүшесі текшені иіре лақтырады. Текше қай санды көрсетсе саяхат картасы бойынша сонша қадам алдыға жылжитын боласыңдар. Осылайша қай топ мәреге 1 - ші болып жетсе, сол топ жеңіске жететін болады. (Әр топтың жетекшісіне бағалау таблосын беремін)
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үйден өз үйлеріндегі кез келген бір бөлменің еденінің ауданын есептеп келгендерін оқиды. Ауданды өлшеу бірліктерін пысықтау.
3. Ауызша есептеу ретінде жасырынған сөзді тапқызу
С -------Ә---------- Т ----- С --------А ------П ------А --------Р
540 ----1130 -----72---- 680 ----940---- 10 -----36 ------112
Тақтаға 9 оқушы шығып әр әріпке сәйкес өрнекті тауып қояды. Дұрыс жауап берген оқушы текшені» лақтырып кесте бойынша сәйкесінше алдыға жылжиды. Топ жетекшілері бағалап отырады.
Көркем жазу минутын жүргізу
135671 цифрын жаздыру. Осы санда неше ондық, неше жүздік, неше мыңдық, неше ондық мың, неше жүздік мың бар екенін айтқызу.

5. Оқулықпен жұмыс
№1 есепті «А» тобы шығарады. Қабырғалары 4дм және 8дм тіктөртбұрыштың ауданын және периметрін тап.
№2 есепті «В» тобы шығарады. Қабырғасы 5дм шаршының ауданын және периметрін тап.
№3 есепті «С»тобы шығарады. Сынып тақтасының биіктігі 10 дм. Оның сол және оң жақтағы бөліктері шаршы тәріздес. Тақтаның ортадағы бөлігінің ұзындығы 30дмТақтаның әр бөлігінің ауданын есептеп тап.
Әр топтың жұмысын тексеру.; дұрыс жауап бергендері өз тобын карта бойынша жылжытады.

6. Сергіту сәтін жүргізу. Бастарын қозғамай көзге арналған жаттығулар жасайды. 7. 3 - топтың оқушыларына тапсырмалар беру. 3оқушы тақтада орындайды.
1 - топ: Екі қаладан бір мезгілде жеңіл машина мен жүк машинасы бір - біріне қарама - қарсы шықты. Жеңіл машина 80 км/сағ, ал жүк машинасы 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп, олар 5сағаттан соң кездесті. Бастапқыда екі машинаның арасы неше км болған? Осы есепке кері есеп құрастыр және шығар.
2 - топ. Саяхатшылар 1 - ші күні 28 км, ал екінші күні 35 км жүріп, барлық жолға 9 сағат уақыт жұмсады. Егер олар бірдей жылдамдықпен жүрсе, әр күні жолда неше сағат болды? Осыған кері есеп құра және шығар.
3 - топ. Екі бекеттің арасын жүк машинасы сағатына 60 км жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Қайтар жолды ол осы жолды 5 сағат жүрді. Жүк машинасының қайтар жолдағы жылдамдығын тап. Кері есеп құр, шығар.
Жұмыстарын тексеру, кері есептерін оқыту. Дұрыс орындаған топ мүшелері текшені лақтырып карта бойынша жылжиды.
8. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
9. Кесте бойынша қай топ бірінші болып мәреге жеткенін хабарлау. Бағалау таблосы бойынша оқушылардың белсенділігін айту, деңгейлік тапсырма нәтижесін және жинаған ұпайларын есепке ала отырып бағалау. Жеңімпаз топқа ауыспалы туды табыс ету.
10. Үйге тапсырма:













Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Керуенмен саяхатқа шығу арқылы оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау.
Дамытушылық: Кестелік көбейту және бөлу, ауызша қосу және азайту амалдарымен байланысты берілген есептерді тез және дұрыс есептеуге дағдыландыру. Таным-белсенділіктерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқушылар бойына сіңіру. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды қонақжайлылыққа, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.

 


Сабақтың түрі: саяхат сабақ. 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән-күй, еңбекке баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: ҚР картасы, ауылдар макеті, асықтар, қоржын, жануарлар суреттері.
Техникалық құралдар: магнитофон.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
– Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
(Оқушылар орындарына отырады).
– Балалар, бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз.
– Қазіргі уақытта саяхатқа немен шығуға болады? (ұшақпен, пойызбен, автобуспен...).
– Ал біздің ата-бабаларымыз бұрынғы кезде түйемен, ат арбамен бір ауылдан екінші ауылға той-думанға барып тұрған. Бүгінгі таңда біз ата-бабаларымыздың дәстүрін, салттарын жалғастырушы ұрпақ болғандықтан, біз де саяхатқа керуенмен шығамыз. (Керуеннің суретін тақтаға ілу).
– Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Керуенге орнығып отырып алайық. (Мұғалім және оқушылар өз фотосуреттерін түйелердің үстіне жапсырады).
– Халықта “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бар. Ол біздің еліміздің қонақжайлылығын білдіреді. Осы керуенмен біз көптеген ауылдарға қонаққа барамыз және әр ауыл дайындаған тапсырманы орындауға тырысамыз. Балалар, Қазақстан Республикасы неше облысқа бөлінген?
(Балалардың назарын облыстарға бөлінген картаға аудару. Қандай ауыл қандай облыста орналасқанын анықтау. Неліктен?)
Сәбит ауылы – Солтүстік Қазақстан облысында.
Ыбырай ауылы – Қостанай облысында.
Абай ауылы – Шығыс Қазақстан облысында.
– Жолымыз ұлы ақын атымен аталып отырған Жамбыл ауылынан басталады. Жолға шығып, Абай ауылына бет алайық. Абай атамыздың қандай өлеңін білеміз?
(“Білім таппай мақтанба...”).
– Өлеңді жатқа кім айтып береді?
Абай ауылы керуенді қарсы алады (магнитофон қосылады):
– Керуен, керуен, көш керуен
Көкшедегі көш керуен.
Ата салтын сақтаған
Қош келдің, көш керуен.
2. Ауызша есептеу.
– Абай ауылына келіп жеттік. Абай ауылының тұрғындары бізге арналған тапсырманы қоржынға жасырып қойыпты.
Қоржын ішінде сандар. Бұл сандар өз орнын табу керек.
Тақтада:

12+3+8

7+4+7+4

4+5+16
(Оқушылар кезекпен шығып әйнекшелерді толтырады. Сандар жазылған қағазды желімдеп жапсырады).
– Ауыл ақсақалдары жауаптарыңа риза, сендерге өз сәлемдемелерін жолдады. (Оқушыларға дұрыс жауап үшін жұлдызшалар тарату).
3. Геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту.
– Даланың жарық жұлдызы – Ыбырай ауылына бет алайық. Ыбырай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?
(“Кел, балалар, оқылық...”). 
– Кім жатқа айтып береді?
(Ыбырай ауылы керуенді өлеңмен қарсы алады).
– Ыбырай ауылында үлкен той-думан. Тойға келген әйел затына дорба, қалта таратылады. Ер адамдарға жол беріледі. Бізге бұл тойдан не бұйырады?
– Ыбырай ауылының қоржынында көптеген әріптер бар екен.
Тақтадағы геометриялық фигураларды әшекейлейміз – әріптермен белгілейміз.
Тақтада: кесінді, нүкте, үшбұрыш, тік төртбұрыш, бесбұрышты, жетібұрышты көпбұрыштар бейнеленген.
(Оқушылар кезекпен тақтаға шығып фигураларды әріптермен белгілейді. Оқиды. Орнында отырған оқушылар дәптерге сызып белгілейді).
Геометриялық фигураларды көрсетіп бұрыштар санын анықтау.
– Қазақ халқында 3, 4, 5, 7 сандары қасиетті, киелі деп саналады. Неліктен?
Оқушылардың жауаптары: (Білмеген оқушылар дәптерлеріне жазып алады)
3 – үш жүз, 3 – үш би, ...
4 – төрт түлік мал,...
5 – бес асыл, бес дұшпан, бес қару,...
7 – жеті күн, жеті ата,...
– Не дөңгелек? Киіз үй, жер, күн, Айгөлектің жүзі.
– Бұл ауылдың тапсырмасын да орындадық. Ауыл тұрғындары сендерге риза. (Оқушыларға қол орамалдар тарату).
– Керуеніміз Мұхтар ауылына қарай бет алды. Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
( тоғызқұмалақ, асық, теңге алу...).
– Мұхтар ауылының қоржынына қол салайық.
Қоржын ішінде нөмірленген асықтар.
Топтық жұмыс.
(Сыныпты үш топқа бөлу: Балаларға қиылма қағаздар ұсынылады. Сыртына сандар жасырылған. Балалар қиылма қағаздарды таңдап алған соң оларды топтарға бөлу.
1-топ: 2 санына бөлінетін сандар (4, 8,...); 2-топ: 5 санына бөлінетін сандар (5, 25,...); 3-топ: 3 санына бөлінетін сандар (9, 27,...). (Топ мүшесі бір асықты лақтырып екінші асықты қағып алады. Қағып алынған асықтың нөмірі аталады).
Нөмір бойынша геометриялық фигура беріледі:
1 – шаршы;
2 – тік төртбұрыш; 
3 – текше. 
Тапсырма: 1. Берілген фигура туралы не білесіңдер? (ауызша айту)
2. Берілген фигураның периметрін, ауданын (1, 2-топ), көлемін (3-топ) табу.
– Қосу мен көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандыңдар?
(Оқушылар кезекпен жауаптарын айтады. Топтарды бағалау).
– Сәкен ауылының тұрғындары жауаптарыңа риза. Балалар, ұзақ жолдан шаршадыңдар. Демалып, бойымызды жазып алайық.
4. Сергіту сәті: Кәне, түзу тұрайық
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
5. Сөзді есеп шығару.
– Шөлдедік, сусағанымызды Сәкен ауылына барып басайық. Қазақ халқының қандай сусындарын білесіңдер?
(қымыз, шұбат, айран, шалап...)
(Ауыл өлеңмен қарсы алады).
– Сәкен ауылының қоржынындағы тапсырма – сөзді есеп.
“Сәкеннің тойына әрқайсысы 3 литрден 7 ыдыс шұбат және 5 литрден 10 ыдыс қымыз әкелінді. Сәкеннің тойына барлығы неше литр сусын әкелінді?”
(Бір оқушы тақтаға шығып шығарады)
Шұбат – 7 ыдыс 3 л.-ден ? л.
Қымыз – 10 ыдыс 5 л.-ден
(3*7)+(5*10)=71(л.)
Жауабы: Сәкеннің тойына барлығы 71 литр сусын әкелінді.
Жақсы білім көрсетіп бұл ауылдың да тұрғындарын қуанттық. 
6. Теңдеу шешу тәсілдерін қайталау.
– Сәкен ауылынан шығып Сәбит ауылына барайық. Өз ауылымызға жақындадық. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
(Қырқынан шығару, бесікке салу, соғым сою,...).
– Қандай сайыс түрлерін білесіңдер?
(Бәйге, көкпар,...).
(Сәбит ауылы өлеңмен қарсы алады).
Сәбит ауылында да той-томалақ қызып жатыр. Біз де тыс қалып қоймайық. Бір сайысқа қатыса кетейік.
Қоржында екі жылқы, жігіт пен қыздың суреті.
“Қыз қуу” ойынына қатысамыз. Ұл бала мен қыз бала жарысады. Егер ұл бала қалса, қыз бала оны қамшымен ұрады, қыз бала қалса, ер бала бетінен сүйеді.
Теңдеулер шешу: с*4=360 450:а=5
х:4 =80 х*3=210
“Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар” дегендей, біз барлық ауыл тұрғындарының дайындаған тапсырмаларын орындадық. Әрине, ол білімнің арқасы.
Сәбит ауылынан шығып үйге қайтайық. Жамбыл ауылына жеткенше, үй тапсырмасын жазып алайық.
7. Қорытынды.
Тапсырмаларды орындау үшін не білу керек болды?
(Көбейту кестесі, геометриялық фигуралар туралы білім, теңдеу шешу тәсілдері, периметрді, ауданды, көлемді табу тәсілдері,...).
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу.
Бағалау: Ал енді ауылдар тұрғындары кімнің біліміне өте риза болғанын анықтайық.
Жұлдызшалар жинаған бала 5 алады.
Шаршылар жинаған бала 4 алады.
Үшбұрыштар алған бала 3 алады.
– Осымен Жамбыл ауылына келіп жеттік.
“Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас” дегендей, өз ауылымыз бізді құшақ жая қарсы алды. Саяхатымыз ұнады ма?
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?зін ?зі тану 3-сынып Жылы ж?рек-жа?сы тілек

Автор: Смгулова Бакытжан Какимовна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154853


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства