kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зен ж?не к?л

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып?а арнал?ан д?ниетану п?нінен ?зен ж?не к?л та?ырыбында?ы ашы? саба?та о?ушылар?а ?аза?станда?ы ?зендер мен к?лдерді таныта отырып, слайдтар ар?ылы оларды к?рсетіп. экологиялы? т?рбие беру. ?аза?стан картасымен ж?мыс жасау.Саба?ты? ма?саты: ?аза?станда?ы ?зен к?лдер мен таныстыру оларды? атауларын атай отырып картадан таба білуге ?йрету. ?зен к?лдер туралы о?ушыларды? білімдерін толы?тыру. Суды? пайдасы мен суды ?ор?ау жолдарын т?сіндіру.Ой ?рісін ж?йелі с?йлеуін дамыту. Таба?атты аялай білуге отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру?а т?рбиелеу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зен ж?не к?л »

Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл.


Сабақтың мақсаты:

1) Қазақстандағы өзен көлдермен таныстыру, олардың атауларын атай отырып, картадан таба білуге үйрету.

2) Өзен, көлдер туралы оқушылардың білімдерін толықтыру, судың пайдасы мен

суды қорғау жолдарын түсіндіру, ой-өрісін, жүйелі сөйлеуін дамыту.

3) Табиғатты аялай білуге, Отанға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, картамен жұмыс, тест, тәжірибе жасау.

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілігі: слайд, карта, суреттер, үнтаспа.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

- ҚР егемендік алғалы бүкіл әлемге танылды. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9-шы орында.

Ендеше, осынау ұлан-байтақ қазақ жерін, табиғаты мен өзен-көлдерін ластанудан сақтау келер ұрпақ сендер екендіктеріңді есте мықтап ұстағандарың жөн. Сондықтан бүгінгі сабағымызды осындай байтақ өлкенің тәуелсіздік күніне арнаймыз.

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаңның

Өлмейтін мәңгі ұраны.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

- Үйге қандай тапсырма берілді?

«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату (2 – 3 бала)

Тәжірибе: Судың еріткіштік қасиетіне байланысты.

Ас тұзын стакандағы суға салып, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналғандығын тәжірибе арқылы анықтау.

Сұрақ-жауап:

1) Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

2) Су неше түрде кездеседі?

3) Жердің неше бөлігін су алып жатыр

4) Судың қандай кереметі бар?

5) Жер асты суларының қандай маңызы бар?

6) Минералды сулар қалай пайда болады?

7) Шипалы су дегенді қалай түсінесің ?

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе

Үнтаспадан сылдырлап аққан су дыбысы әуенінде Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі оқылады:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанған жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады.

Ел қыстап күн көреді жанабында

Дәм болар алуан-алуан балығында.

Тас таста, алтын тас та сынамаққа

Сонда да аққан өзен қалыбында.

- Үнтаспадан кімнің, қандай өлеңін тыңдадық?

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өзен және көл».

2. Мақсаты айтылады.

1. Мұғалімнің түсіндіруі.

2. Дәптермен жұмыс.

2. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.

3. Сергіту сәті:

Өзен мен көлдерге байланысты жұмбақтар жасырып, әрбір жауап суреттерінде жазылған сұрақтарға жауап беріп, тақтаға ілу, картадан көрсету.

Мойны сұрақ белгісі,

Бұлқандай көл құсы ? (Аққу)

Сурет артындағы сұрақ: Каспий теңізі Қазақстанның қай тұсында орналасқан?



Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз)

Сурет артындағы сұрақ: Арал теңізі Қазақстанның қай тұсында орналасқан?



Суға батпайды, қолға ұстатпайды. (Балық)

Сурет артындағы сұрақ: Балқаш көлі Қазақстанның қай тұсында орналасқан?



Тәулік бойы бақалап,

Мезгілімен жатпайды. (Бақа)

Сурет артындағы сұрақ: Зайсан көлі Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады.

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді. (Шағала)

Сурет артындағы сұрақ: Есіл өзені Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

ҮІ.Пысықтау
1.Сұрақ-жауап:.

Қазақстан жерінде қандай өзендер мен көлдер бар?

Слайдтан көрсету.




Балқаш Есіл




Жайық Іле






Каспий теңізі Арал



Ертіс

2. Картамен жұмыс.

Атаған өзен көлдерді картадан көрсету.

3.Топтастыру.





Каспий

Тобыл

Есіл

ҚР өзендер мен көлдер



Ертіс



Ертіс

Балқаш

Арал Жайық





Ү. Бекіту кезеңі.

Өзендер мен көлдердің адам өміріндегі маңызын кім айтады?

Қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп орындары өзен маңына таяу салынады.

Үлкен өзенде аса маңызды қатынас жолы болады.

Өзен суымен егістіктер суарылады.

Су күшінен электр қуаты өндіріледі

Қазақта «судыңда сұрауы бар» деген мақал бар, тағы да суға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?.("суға түкірме", "суға дәрет сындырма", "суға қоқыс төкпе", т.б.)

ҮІ. Қорытындылау

1. Тест жұмыстары.

1. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін Б) екіден бірін

Ә) үштен екісін В) төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш Б) түссіз, дәмсіз

Ә) аққыш В) иісі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) тұщы Б) қышқыл

Ә) минералды В)салқын

4. Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Байкал В) Зайсан

5. Өзен сулары қандай болады?

А) тұзды Б) шипалы су

Ә) тұщы В) минералды су

6. Су қанша күйде кездеседі?

А) 4 Б) 2

Ә) 3 В) 1

7. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) теңіздің тасуынан Б) судың көп булануынан

Ә) дауылдың соғуынан В) жиі жауған жаңбырдан

8. Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?

А) 900 л Б) 200 л

Ә) 700 л В) 500 л

9. Аралдан кейінгі ірі көл.

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Зайсан В) Ыстықкөл

10.Аралдан жылына қанша метр су буланады?

А) 2м Б) 3м

Ә) 1м В) 0м

Жауап тақтаға ілініп, оқушылар өздері тексереді.

2. Қорытынды сөз: (Әр оқушы 1 сөйлемнен өз ойларының түйінін айтады)

1-оқушы: Суды қадірлеп, ықтияттап, бағасын түсініп, орнымен қолданып әрі аялай білуіміз керек.

2-оқушы: Суды аялай алмағанымыздан Аралымыз тартылып кетті.

3-оқушы: Неше түрлі тоспаларды жасап жүріп, теңізімізден айырылдық.

4-оқушы: Бұл – адамзаттың қолымен жасалған қасірет.

5-оқушы: Ендеше, суға қатысты айтылатын әрбір тыйым сөздің астарында өзіндік мән бар.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Өзен және көл. Түсініп оқу, мазмұндау. Өзен көлдердің атауларын жаттап картадан көрсету.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?зен ж?не к?л

Автор: Досанова Ботагоз Жапаровна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179728


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства