Білімділігі: Оқушылардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Ұқыплылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Тамаша ғой қыс деген»
Музыка ойналады.
Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды. Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
III.Оқулықпен жұмыс.
«Тамаша ғой қыс деген» өлеңді мәнерлеп оқу.
Топ басшыларыны оқыту.
Топтастыру стратегиясы.
Қар жауады
Жаңа жыл
болады Күн суық болады.
Қыс
Адамдар жылы Айнала аппақ болады
киінеді
Балалар шаңғы тебеді
Сұрақтар:
1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
2.Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Салқын болады, беті – қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады,суық, аяз болады.
Қыста біздер қалай киінеміз?
Жылы киімдерімізді киеміз.
3.Жұмбақ шешейік:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
4.Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр?
Қар басып тұр.
5.Қар қайдан жауады?
Аспаннан жауады.
6.Қардың түсі қандай?
Аппақ мамықтай.
Қар күннің жылы, аяз болмаған кездерінде жапалақтап жауады. Ал суық, аязды күндерде қиыршық түрінде жауады. Аяз күндері аяқ астындағы қар сықырлайды.
7.Қыста күннің көзі шығып тұра ма?
Ия, шығады.
8.Неге онда жерді жылытпайды?
Қыс мезгілі суық болғандықтан жылытпайды.
Жазда күн ұзарып, ұзақ болады, ал қыста қысқарып күн қысқа болады, кеш тез түседі.
9.Ал сендер қандай қыстық ойындар білесіңдер? Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.
Сергіту сәті
Балалар,ендеше,орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
1 – тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.(жұптық жұмыс)
Суретпен жұмыс: Тақтада қыс мезгілінің суреттері ілулі тұрады.
Сұрақтар қойылады:
-Балалар ненің суретін көріп тұрсыңдар? Бұл қай мезгіл?
-Өте жақсы балалар.Сендер суретпен жақсы сөйлем құрастырыңдар.
Енді үнтаспадан дыбыс тыңдайық,бұл ненің дыбысы екенін айтыңдар.
Балалар боранның дыбысын тыңдайды,у-у-у-деп боранның дыбысын салады.