kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему "Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Работаю учителем начальных классов, стаж работы 15 лет. Образование высшее. На уроках практикую групповую работу с целью развития коммуникативных способностей учащихся, критического мышления, умения анализирования изучаемого материала. Постоянно повышаю свой педагогический уровень, проходя курсы повышения квалификации.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері"»

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың зат есім туралы білімдерін тексеріп тиянақтау; зат есімнің түрлерін сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: зат есімнің ерекшеліктерін меңгере отырып, өздік жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (слайд № 1)
Психологиялық дайындық (слайд № 2)
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

Қызығушылығын ояту (слайд № 3)
- Бұл не?
- Бұл көз.
- Бұл не?
- Бұл гүл
- Жылқы, тауық
- Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Не?
- Дұрыс
- Не? Деген сұраққа жауап беретін қандай сөз табы?
- Зат есім
- Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?
- Зат есімнің жекеше және көпше түрлерімен таныстық.
- Ендеше балалар, біз бүгін зат есімнің жекеше және көпше түрлері деген тақырыпты жалғастырамыз.

Жаңа сабақ.
- Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз.
- Көркем жазу минуты. Балалар барлықтарың тақтаға қараңдаршы
Балалар, тақтада қандай аңды көріп тұрсыңдар?
Арыстан қандай күйде екен?

Балалар, бұл арыстанды және басқа да жануарларды, құстарды қарақшылар мына аралда қамауда ұстап отыр екен. Табиғатымызда ешбір жануар, ешбір құс қалған жоқ.
Жануарларды босатып алу үшін олар бізден мына алтын қазынаны сұрап отыр.
- Алтын қазына Түркістан қаласында жатыр екен.
Тақтаға қараймыз, бізге мына карта көмектеседі. Қазынаны табу үшін біз Түркістан қаласын табуымыз керек, ол Алматы қаласының маңында, сондықтан біздің жолымыз ұзақ. Бірақ та, жолда көптеген қиыншылықтар кездеседі сол қиыншылықтарды жеңуге дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
Ендеше жолға шығайық.
Жолымызды Ақтау қаласынан бастаймыз.
Ахмет Байтұрсыновтың тапсырмасы (тақтада: Ақтау қаласы): 1 - жаттығу. Мәтінді оқы. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді теріп жаз.

Қайың, ағаш, гүлдері, сырға, бүршіктерінен, дәрілер, бұтақтарынан, сыпырғыш, шеберлер, жеміс - жидек, себеттер, ыдыстар.

Ыбырай Алтынсариннің тапсырмасы (Ақтау -► Орал): 2 - жаттығу. Өлеңді оқы. Зат есімдерді туып, қай түріне жататынын анықта.
Ел, жал – құйрығы, төлі, құлын, түйе, бота.

Талғат Мұсабаевтың тапсырмасы (Ақтау --►Орал --► Петропавл): 3 - жаттығу. Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Ай бетінен із кескен,
Жұлдыздармен тілдескен.
Кең әлемнің қойнынан
Құпиялар іздескен
Астроном ағалар!

Сергіту сәті: Ғарышқа саяхат (интерактивті тақтадан видео көру)

Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық тапсырмасы (Ақтау --►Орал --► Петропавл --►Астана): Суреттегі зат есімдерді тауып, оны көпше түрде ата.
Абай Құнанбаевтың тапсырмасы (Ақтау –

►Ақтау - Орал --► Петропавл --►Астана --►Семей): 4 - жаттығу.
Сөйлемдерді оқы. Көптік жалғаулы сөздерді тап.
Заттарын, машиналары, діңгектерді, автокрандар, балапандарын, қамыстар, жеңімпаздар, жүлдегерлер.

Роза Рымбаеваның тапсырмасы (Ақтау --►Орал --► Петропавл --►Астана --►Семей --►Алматы): Сөзжұмбақты шешіп көр. (Тігінен зат есім сөзі шығады).
Сабақты қорытындылау:
- Сонымен балалар, біз іздеген Түркістан қаламызға да жетіп қалдық мына сұрақтарға жауап берсек сосын ғана қазынамыз табылады.
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтары?
- Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
- Ал енді балалар Түркістан қаласына жетіп алтын қазынаны таптық, алтын қазына не екен балалар?
- Ақша
- Осы ақшаны қарақшыларға береміз бе?
- Береміз
- Ал енді барлық аңдар мен құстар босатылды.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар біз жақсы іс жасадық па?
- Неге?
- Жануарлар мен құстардың пайдасы бар ма?

Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық
5 – жаттығу 156 бет. Зат есімді қайталау

Бағалау
5 болсын алар бағамыз
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Открытый урок на тему "Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері"

Автор: Раза?бердиева Шохида Алимходжаевна

Дата: 02.01.2016

Номер свидетельства: 271715


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства