kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему "Ма?та ?ыз бен мысы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

- Тар?ылым мені?, келе ?ой, мен са?ан мейіз беремін (мысы? келмейді)
- Келмесе?, келмей –а? ?ой, ?з обалы? ?зі?е,- деп (мейізді ?ыз жеп ?ояды)
Осы кезде ?й артынан «мяу» деген дыбыс шы?ады.
Ма?та ?ыз ы?ылдап ?н салады, мысы? шы?ады.
Ма?та ?ыз – Аружан
Мысы?ым-ау, мысы?ым,
Тар?ылы жа?сы т?сіні?.
Та?ерте? де, кеште де,
Бетін жу?ан пысы?ым.
Піш - піш десем, келе ?ой,
Айт?аныма к?не ?ой.
Ша?ыр?анда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ?ой.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "Ма?та ?ыз бен мысы?"»

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

А.C.Пушкин атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:

Матишова Галия Кенжебековна

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Қазақ ертегісін сахналау
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Сабақтың мақсаты:Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Көрнекілігі: Ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.
Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(жауап)
Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап)
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.

Мұғалім:Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз – Аружан
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Мұғалім: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық- Ерсайын:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Мұғалім: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Әлижан:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Мұғалім: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Нұртас:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашамын,
Жолыңа нұр шашамын,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Мұғалім: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар: Ләйлә, Жансұлу
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Мұғалім: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Эльвира: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Мұғалім: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық - Гүлайым:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Мұғалім: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Санжар
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: Мақта қызбен қосылып « Қошақаным» әнін айтып береді.
Мұғалім: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.

Мұғалім: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Открытый урок на тему "Ма?та ?ыз бен мысы?"

Автор: Матишова Галия Кенжебековна

Дата: 29.11.2015

Номер свидетельства: 259548


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства