kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему "??старды? ?ыс?ы тіршілігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «??старды? ?ыс?ы тіршілігі!»

Ма?саты: ??старды? ?ыс?ы тіршілігі ж?не ?ыстайтын ??стар туралы т?сінік беру. Балаларды? логикалы? ойлауын, тілін, с?здік ?орын, есте са?тау ?абілетін дамыту. ??старды ?ор?ау?а, ?ясын б?збау?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Интерактивті та?та.

Барысы: ?йымдастыру кезе?і.

Ала?анды ашайы?,

К?нні? н?рын салайы?,

Таза ауадан салайы?,

Ж?рек жылуын салайы?,

Мейірім шо?ын салайы?,

Жинал?ан осы шуа?ты,

Достарыма шашайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "??старды? ?ыс?ы тіршілігі"»

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

А.C.Пушкин атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:

Матишова Галия Кенжебековна

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»

Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалық ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Мейірім шоғын салайық,

Жиналған осы шуақты,

Достарыма шашайық.

Мұғалім:

Шанамен сырғып желетін

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын?

Балалар: Қыс мезгілі.

Мұғалім:

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?

-Қазір қай ай?

-Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы , жаман» деген ойын ойнайық.

Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.

Мұғалім:

-Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

-Гүлдерге су құю жаман ба?

-Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

-Құстарға ұя жасау жаман ба?

Мұғалім: Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар. Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.

Құстар екі топқа бөлінеді: жабайы құстар және үй құстары.

Жабайы құстар: сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу, бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б. Үй құстары: тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп.Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

-Ұй құстарының қандай пайдасы бар?

-Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорыпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектбіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған.

Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Сергіту сәті: 1,2,3,4 қарлығаш боп ұш,

5,6,7 қарлығаш боп шалқы,

8,9,10 қарлығаш боп қон.

Ойын: « Не артық?»

Жұмбақ:

Көлдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен,

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған,

Ол қандай құс балалар? (Аққу)


Ауыл да, қала да мекені

Жолаушы жүрсек шығарып салады,

Алдыңнан шығады

Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш )


Қорытынды: Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Сабақ ұнады ма?

Балаларды мадақтау,бағалау.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Открытый урок на тему "??старды? ?ыс?ы тіршілігі"

Автор: Матишова Галия Кенжебековна

Дата: 29.11.2015

Номер свидетельства: 259550


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства