Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев « Шынықсын денеміз»
Сілтемелері Әдебиеттік оқу оқулығы Атамұра - 2013, АКТ, суреттер, кестелер, интернет
Жалпы мақсаты: 1. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттері: 1. Оқушыларға салауатты өмір салтының бір тармағы денені шынықтыру жайлы түсінік беру.
2. Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
Өз ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуге біліктіктерін жетілдіру.
3. Табиғат тамашасына сүйсіне білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Өлең идеясын түсінеді.
Қысқы ойын түрлерін біледі.
Сыни тұрғыдан ойлана біледі.
Тапсырмалар: 1. ОЙ ШАҚЫРУ стратегиясы. Ассациация құру.
2. АВТОРДЫҢ ОРЫНДЫҒЫ стратегиясы.
3. СЕЗІМНЕН ШЫҚҚАН ӨЛЕҢ стратегиясы.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
I Ұйымдастыру Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз!
Әріптер арқылы топқа бөлу. Қ, Ы, С.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы
1. - Киген тоны -
Оңды тон,
Өңді тон. - жаңылтпашта қандай киім туралы айтылған?
2. Суретте кімдер бейнеленген?
3. Мәтіннен түсінгеніңді айтып бер.
III. Жаңа сабақпен байланыс.
Үш топқа жұмбақ жасыру.
1 - Топ: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2 - топ: Отқа жанбас, суға батпас (Мұз)
3 - топ: Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (Аяз)
ОЙ ШАҚЫРУ стратегиясы. Ассоциация құрыңдар. 1 - топ
Қыс
↓
Аяз болады
Күн қысқарады
Қар жауады
Боран соғады
Көлдерде мұз қатады
2 - топ Суретпен жұмыс
3 - топ: Балалар, аяз, жылы, қар, тепті, шаңғы, шана, сырғанақ, боран сөздерін пайдаланып, қыс туралы әңгімелеңдер.
IV. Жаңа сабақты меңгерту.
Ал балалар жазушысы әрі ақын Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» атты өлеңін оқып түсініп алайық.
Б. Соқпақбаев
↓
Жазушы, ақын
Алматы өңірінде туған
«Менің атым Қожа» атты кітап жазған
Дәптерлерін ашқызу, бүгінгі күнді жазғызамын.
Оқулықпен жұмыс
Сөздік жұмысы.
Құрыштай, құрыспай, биялай, малақай, қонышы, Кейбір сөздерді сары түспен бояп сол сөздерді суретпен сәйкестендіру.
Сергіту сәті
АВТОРДЫҢ ОРЫНДЫҒЫ стратегиясы.
1топ: Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым. (шаңғы)
2 - топ: Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (шана)
3 - топ: Табанға тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым. (коньки)