Просмотр содержимого документа
«открытый урок по казахскому языку на тему "Хайуанаттар ?лемінде"»
Сабақ тақырыбы: «Хайуанаттар әлемінде» 4 сынып
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен сөйлем құрауда дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойын дамыту, іздемпаздық, тапқырлық қасиеттерге жетелеу.
3. Пәнге, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау, сөйлем құрау, топқа бөлу, ойын.
Сабақ көрнекілігі: аңдардың суреттері, кестелер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
3.Сабаққа даярлықтарын тексеру
-Сәлеметсіңдер ме?
-Отырындар
-Бүгін нешесі?
-Сабақта кім жоқ?
- Аптаның бүгін қай күні?
-Жылдың қазір қай мезгілі?
-Бүгін күн қандай?
ІІ Сабақтың мақсаты мен барысын айту
Кіріспе сөз:
-Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Хайуанаттар әлемінде» деп аталады.
-Сабақтың мақсаты:
оқушыларға сөйлемді дұрыс құруға үйрету;
түрлі тапсырмалар арқылы ойын дамыту;
тілге деген қызығушылықтарын арттыру;
- Балалар жануарлар нешеге бөлінеді? (оқушылар үй жануарлары және жабайы аңдар туралы айтады)
-Олай болса балалар бүгінгі сабағымыз жабайы аңдар туралы болмақ, ал біз қандай жабайы аңдарды білеміз?-Жарайсындар, сендер білесіңдер осы аңдардың көбі жоғалып бара жатыр, сол үшін Қазақстанда көптеген қорықтар ашылған. Ендеше айтындаршы, біз қандай қорықтарды білеміз? Ал, Риддерде қандай қорық бар? Бұл қорықтар не үшін керек? (интерактивті тақта арқылы қорықтарды көрсету)
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға тақырып бойынша алдын-ала тапсырма беріледі. Ұнаған аңның суретін салып,сол аңға байланысты 4 шумақ тақпақ жазу.
ІҮ Пысықтау
а) Дәптерлеріне күнді жаздыру
ә)Балалар бүгінгі сабағымыз жабайы аңдар туралы болғандықтан орындайтын тапсырмаларымыз да жабайы аңдармен байланысты және бұл тапсырмаларды топпен, әрі ойын ретінде орындаймыз. Олай болса сәт сапар.......
1-тапсырма: «Ол не?» ойыны.
шарты: жұмбақ тәрізді сұрақтар қойылады, қандай аң туралы айтылғанын табу керек немесе жануар сияқты дыбыстау керек.(сипаттау ойын арқылы ұйымдастырылады)
-Өзі ірі, салмағы ауыр, мұрны ұзын. Ол не?
-Бойы биік, аяғы ұзын. Ол не?
-Қасқырлар қалай ұлиды?
-Жолбарыстар қалай ырылдайды?
-Арқасында тауы бар, өзі өте төзімді. Ол не?
-Аю қалай ақырады?
-Бойы кішкентай өзі қу. Ол не?
-Жылан қалай ысылдайды?
-Арқасында тасы бар, өзі жайбасар. Ол не?
2-тапсырма: «Жәрмеңке ойыны»
шарты: топтық жұмыс, кестеде берілген граматикалық тапсырманы орындау арқылы мұғалім дайындаған сыйлықты білімдерімен сатып алулары керек.
Алдымен қазақ тіліндегі төрт жалғауды еске түсіру жұмысын жүзеге асырамыз.
1 топ – көптік жалғау 3 топ – септік жалғау
2 топ – тәуелдік жалғау 4 топ – жіктік жалғау
3-тапсырма: «Хайуанаттар әлемінде»
Диограммалық жұмыс. Кесте арқылы сұрақ-жауап жұмысын орындау. Кестедегі берілген сөздерден бір топ сұрақ дайындаса, екінші топ жауап дайындайды.
4-тапсырма: «Жабайы аңдарды тап» ойыны
шарты: жабайы аңдарды үй жануарларынан айыра білу,аңдарды араластырып оқимын, жабайы аңдарды естіген кезде оқушылар шапалақтау керек.