kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок " Орманны? оянуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыпты?  мазм?нын  ашып  т?сінеді. А?аштарды? ?орша?ан  орта?а  берер  пайдасы  туралы  білімдері  тере?дейді. Досты?, бірлік, ынтыма?тасты? туралы ойлары артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок " Орманны? оянуы"»

Әдебиеттік оқу

Уақыты: 14.04.2016ж

Сынып: 4

Мұғалім: Досмаганбетова М.К.

Сабақтың атауы

Орманның оянуы

SMART мақсаты



Тақырыптың мазмұнын ашып түсінеді. Ағаштардың қоршаған ортаға берер пайдасы туралы білімдері тереңдейді. Достық, бірлік, ынтымақтастық туралы ойлары артады.

Күтілетін нәтиже



Сын тұрғыдан ойлау бойынша оқиғаны талдап, салыстырады.Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойын еркін жеткізе білді. Оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады. 

Сабақтың жабыдығы

Презентация, бағалау парағы, сюжетті суреттер,флипчарт, стикер, интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер, ағаштар туралы деректер

Психологиялық ахуал

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз!

Қонақтарды көргенде,

-Сәлеметсіздер ме!-деп

Сәлемдесіп аламыз!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөліну

Ағаш суреттері арқылы топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды. Әр топқа бағалау парақшасын беру, топ басшысына бағалату.

Шырша, қарағай, емен, қайың.

Өткенді кайталау

І.Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Көкшетау суреттерінің артындағы сұрақтрға жауап береді.

-Кім оқып береді?

1. Өлең жазған ақын туралы не білесіңдер?
2. Өлеңде не туралы айтылған?
3. Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?/Көкшетау/
4. Ол тау Қазақстанның қай жерінде?
5. Осы өлең бойынша қандай сурет салар едің?
6. Қазақстан Республиканың басқа тауларын атап бер./Алатау,
7. Өлеңдегі теңеулерді оқып бер
8. Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау»өлеңі саған ұнады ма?
Ұнаса немен ұнағанын айтып бер.



Қызығушылықты ояту

- Топқа қандай суреттер арқылы бөліндік?

- Ағаштар шоғырланып өсетін жерді қалай атайды?

- Орман туралы ойларың қандай?

- Ендеше біз Жолтай Әлмашұлының «Орманның оянуы» атты әңгімесін өтеміз

Сабақтың мақсатын хабарлау

1. Жолтай Әлмашұлының өмірбаяны, шығармашылығымен танысамыз.

2. Жаңа мәтінмен топпен бірлесе отырып түсінеміз.

3. Орман да тіршілік иесі екеніне көзіміз жетеді.

4. Бірлік, ынтымақ, достық туралы ой қойғаймыз.

Мағынаны тану

Жолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1979-1989 жылдары Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989-1991 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет апараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарып келді. Бүгінде Республика Үкіметі үкіметтік басылымдарының Бас редакторы. «Балдырған» журналының жабық бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармалар бәйгесінде жүлде алған. 



Оқулықпен жұмыс

Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту

  • 1-бөлім: Екі адамның әңгімесі

  • 2-бөлім: Орманға баруы

  • 3-бөлім: Орман ішіндегі оқиға

  • 4- бөлім: Орманның оянуы

Сергіту сәті

Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады,
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарады.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау менің – сол қолым
Барлық істі атқарады.
Мынау - менің оң аяғым,
Мынау - менің сол аяғым
Жақсылыққа апарады.

Топтық тапсырма

- Осы әңгімеге ұқсайтын қандай шығарманы оқыдық?

1 топ. «Ағаштар неге ашуланды?» және «Орманның оянуы » әңгімесін салыстыр

2 топ. Ағаштар туралы мәлімет айту

3 топ. «Ағаштардың қоршаған ортаға пайдасы» дәптерге эссе жазу.

4 топ. Достық ,мейірім,жақсылық туралы мақал айту.

Ой толғаныс

Кей кезде ағаштарды кесеміз, қай уақытта кесуге болады?

Қай уақытта кесуге болмайды?

Суреттер арқылы ойларын қорытындылайды?

Үйге тапсырма

Әңгімені оқиды, 5 сұрақ дайындап келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқушы

ның

аты -жөні

Үй жұмысы

ның орында

луы

(сұрақтарға жауап беруі)


Мәтін

нің мазмұ

нын айтуы

(Толық айту-5ұ; іркіліп айту-3 ұ; жартылай айтуы-1 ұ)


Топпен жұмыста

(Көңілге жағымды-5 ұ; ой қосуы орташа-3ұ; ынтасы төмен-1 ұ)

Ойын еркін жеткізе алуы

(еркін сөйлеуі-5ұ; еркін сөйлей алмауы-3ұ; мүлде араласпай отыруы-1 ұ)

Қоры

тынды
















Кері байланыс

100%

75%



50%





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

































Дескрипторлар

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Тақырыптың ашылуы

(max 2)

2 балл

1 балл

2 балл

Мәліметтің толықтығы

(max 1)




Көрнекілігі, дизайны

(max1)




Коммуникациясы

(max 1)




Регламент сақтау

(max 1)







Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздерге қазір Lesson Study-ді бастауш сыныптарында өткізген іс тәдірибеммен бөліскім келіп тұр.

Lesson Study Бірнеше мұғалімнің (бір пәннің немесе параллель сыныптар мұғалімдерінің) бірлесе проблеманы талқылауы, сабақ жоспарлауы, бір мұғалімнің сабақ өтуі және басқаларының сабақ барысын қадағалауы, сабақтан соң, тәжірибе жайлы мұғалімдердің қайтадан пікірлесуі ... Lesson пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты пайдаланылады.

4 «В» және 4 «Г» сыныбында білім сапасын көтеру, сонымен қатар, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру, мұғалімдер және оқушылар арасындағы диалогтік әңгіме арқылы бір-бірімен қарым –қатынасты қалыптастыру, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында

4 «В» және 4 «Г» сыныбында Lesson Study тәсілі бойынша зерттеу сабағына өтті. Сынып жетекшісі М.К. Досмаганбетова, орыс тілі пәні мұғалімі Ж.О.Уалиева және бастауыш сынып мұғалімдері М.Н.Айдарбекова, З.О.Махметова бірлесіп Lesson Study өткізу жоспары құрылды. 
Не үшін осы сынып таңдалып алынды? 
Себебі, 4 «В» және 4 «Г» сыныбында оқушыларды топпен жұмыс барысын қадағалау, диалогтік әңгіме арқылы бір-бірімен ынтымақтатық атмосферасын қалыптастыру, А,В, С деңгейдегі оқушыларды зерттеу. Lesson Study өткізу үшін: «Сабақтарда Кембридж бағдарламасындағы 7 модульді қолданып, топтық жұмыс арқылы оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру» тақырыбы таңдалды . 
Lesson Study үш айналым бойынша өткізілді. 1айналым алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді. Сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды. Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды. Lesson Study жүргізу үшін А(Ермек Алмас),В(Каримжанова Фариза),С(Улугбекова Томирис) деңгейлі оқушылар анықтап алынды. Алғашқы зерттеу сабағын әдебиеттік оқыту пәні бойынша талдау барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін жұптық және жеке тапсырмалар дайындау ұсынылды. 
Бірінші зерттеу сабағын әдебиеттік оқу пәнінен Төлеген Айбергеновтың "Аппақ қыс" жоспарлау барысында қолданатын әдіс-тәсілдерді талқылап, топтарға болуды тақырыпқа сай қолдануды ұйғардық.

1.Үй жұмысын текскрген кезінде "Авторлық орындық" стратегиясы

"Суықторғай " өлеңі бойынша "Қамқорлық" тақырыбында эссе оқыды.

2. 1.Үнтаспадан өлеңді тыңдады. 

2. Іштей оқыды

3. Дауыстап оқыды

3. Топтық жұмыс:

1 топ: Сатылай кешенді талдау

2 топ: Сәйкестендіру

3 топ: Қажетті қима суреттерді таңдап жапсыру.

4 топ: Қысқы ойындар.


«А»-оқушы Алмас топтық жұмыста көбірек өзінің пікірін қолдап басқалардың пікірін тыңдамады. Мінезі тұйық болғандықтан, постергеде өз пікірін жазып отырғанын бақыладық. «В» оқушы Фариза пікірталасқа белсенді қатысып, өзінің пікірін ашық айтып отырды. «С» оқушы Томирис болса пікірталасқа да қатыспады, бірде бір тапсырманы орындамады. Сабақтан соң осы үш оқушыдан сұхбат алған кезде Алмас басқалардың пікірін тыңдамағаны себебі – басқа оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалуы мүмкін деді , Томирис берілген тапсырмаларды білдім , бірақ қате айтып қоямын деп айтпадым деді. 
Екінші сабақты әдебиеттік оқу пәнінен Ө Ақыпбекұлының " Мен таңдаған мамандық" тақырыбын жоспарлаған кезде алдыңғы сабақта жіберілген кемшіліктерді болдырмауға тырыстық. Сонымен қатар мұғалімнен оқушыларға өзіндік әрекет етуге мүмкіндік беруін сұрадық.

1. Жұптасып өлеңді айтты, критерия бойынша бағалады.

2. Өлеңді өздері оқып, топтп талдады.

3. 1 - топ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату.
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
2 - топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ.
Мамандық иелеріне байланысты өлең құрастыру

4 - топ. Берілген  мамандық аттарына байланысты сурет салу

Зерттеуші топ мүшелері келісілген «зерттелетін оқушыны» қадағалап, қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырды. Зерттеу барысында «С» оқушы Томиристің қызу пікірталасқа қатысып, топпен тапсырманы орындауға ұмтылғанын бақыладық. Ал «А» оқушы мен «В» оқушы бір топта болғандықтан Фариза белсенділік танытпады. Сонымен қатар сыныпта бірнеше көшбасшы оқушылар бар екенін байқадық. Соның бірі Бағлан есімді ұлдың басшылығы арқасында Томирис және осы топтағы оқушылар пікірталасқа нәтижелі қатысқанын көрдік. Сабақтан соң сұхбат алу барысында «В» оқушы Фариза сұхбаттасқанды ұнататынын, жауап беру

барысында өзін жақсы сезінетінін айтты.
Үшінші зерттеу сабағын әдебиет оқу пәнінен пәнінен С. Сарғасқаев. "Сынған аквариум"тақырыбын жоспарлауда сыни тұрғыдан ойлау( ашық тесттер, деңгейлік тапсырмалар), шығармашылық тапсырмаларды орындауға мән берілді. Сонымен қатар «зерттелуші оқушылар» әр топқа түсуіне және «А» оқушының спикер қызметін, ал «В» оқушының топ басшысы болуына ықпал жасалды. «С» оқушысы тобының топ басшысы болуын қадағаладық. Сабақ барысында Фариза топ мүшелерін алға жетелей алатынын, ал Томирис пікірталасқа қатысқысы келетінін анықтадық. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысып, постер жасауда, шығармашылық тапсырмаларды орындауда қызығушылық танытты. 

1. "Ұшақ" стратегиясы

Ұшақ қанатына 5 сұрақ жазады, ұшырып, келесі топ сұрақтарға жауап жазады.

2. Мәтінмен жұмыс ДЖИГСО әдісі арқылы

1) Жанұя тобында өз бөлігін оқып, жұппен, топпен талдап алады.

2) Жұмыс тобына барып, өз бөлігін айтады.

3) Топтарына орындалады.

4) "Аквариум" әдісі арқылы мәтінді толық сұрау

3. топтық тапсырма

1 - топ. Өтірік, жалқаулық туралы мақал-мәтел жинақтау

2 - топ. Күлзағира мен Шоқайға Венн диаграммасын толтыру.

3 - топ. Күлзағираға хат жазу.

4 - топ. Әңгімені аяқта


(В) оқушының бұл сабақта өз тобының жетекшісі болып, көшбасшылық қабілетін анық көрсетті, оған әсіресе, өзге топтарды бағалау қатты ұнады. 
С) оқушыда оң өзгерістер байқалды. Бұл оқушымен ауызша сұхбаттасқан кезде: «Маған  топтық және жұптық жұмыстар күшті ұнайды деді. Әр сабақтық соңында талдау жасап, сабақ барысында қолданылған 
әдіс-тәсілдердің тиімді-тиімсіздігін анықтап, келесі сабақты құру барысында 
ескеріп отырдық . 

Соның нәтижесінде зерттеудегі оқушылар төмендегідей нәтижеге қолжеткізді: 
(А) оқушы Ермек Алмас өзінің мықты, әлсіз жақтарын анықтап, өзіндік жеке пікірлері мен идеяларын ұсына алды. Өзін өзі және басқаларды бағалады. 
(В) оқушы Каримжанова Фариза басқа біреудің тұжырымдамаларына сыни пікір білдіріп, ұсыныс жасай алды. 
(С) оқушы Улугбекова Томирис өздері құрған топ ережесін ұстану арқылы топ  мүшелерінің пікірлерін құрметтеді .
Зерттеу сабақтары аяқталғасын зерттеуші топ мүшелерімен өткізген Lesson Study топтамасын қорытындылап, қорытынды шешім шығардық. 
Қорытынды: 4«В» сынып оқушыларын еркін пікірлеуге, бірін-бірі тыңдауға және бір-біріне көмектесуге үйретуге болады. Ол үшін келесі қадамдар жасалу керек: 

  1. Әдебиеттік оқу пәнінен  оқушылардың дарындылығын дамыту үшін топтық жұмыстармен қатар, шағын топпен жұмыс ұйымдастыру. 

  2. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерінің дамуына назар аудару. 

  3. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың зерігуінің алдын алу. 

  4. Нашар оқитын оқушыларға жақсы оқитын оқушылардың көмек көрсетуіне бастамашы болу. 

  5. Тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін 
    қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру. 

  6. Ата-аналармен бірлікте дарындылықты дамыту жоспарын құрып, іске асыру. 


Lesson Study барысында бірнеше қиындықтарды кездестірдік. 
1. Оқушылардың өз ойын ашық айтпауы, бірін-бірі тыңдауға үйренбегендігі 
2. Дарынды оқушыларды басқа оқушыларға көмектеспеуі 
Lesson Study жүргізудің сәтті тұстары да болды. 
1.Зерттеуші топ ынтымақтаса жұмыс атқарды, пікірлесе отырып бір шешімге келді. 

2.4 «В» сынып оқушылары сабақта белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық айтуға үйренді



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок " Орманны? оянуы"

Автор: Досмаганбетова Макпал Калихановна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства