Мақсаты | Өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып,өз ойларын мағыналы түрде жеткізе білу. Жаңа мысалды талқылау. Байланыстырып сөйлеуге үйрену. Мамандық таңдау барысында оқушының пікірін біле отырып, өмірдегі өз орнын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Бірлік,ынтымақтастық ,татулық сияқты жақсы әдеттерді үйрену. |
Күтілетін нәтиже | Өлеңді өз беттерінше оқып талдайды; -Ақын туралы мағлұмат алады; -Мамандық иелеріне сипаттама береді,өз ойларымен бөліседі; -Өлеңге сүйене отырып,өз таңдауларын жасайды; -Алдына мақсат қояды,жауапкершілігін арттырады; -Өз қызығушылығын, қабілетін шыңдайды. |
Психология лық ахуал | Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз! Қонақтарды көргенде, -Сәлеметсіздер ме!-деп Сәлемдесіп аламыз! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Үй жұмысын пысықтау | - Үй тапсырмасына не берілді? - Төлеген Айбергенов кім? - Оның қандай шығармаларын білесіңдер? - Өлеңді екі оқушы бір - біріне жатқа айту. Өлеңді жатқа айтуды бағалау критерийлері: «5» — мәнерлеп жатқа айтып берсе; «4» — жатқа айтуда өз қателерін өзі түзетіп жатқа айтса; «3» — мәнерлеп оқымаса, өлеңді жатқа оқығанда қателер жіберсе; «2»- жалпы өлеңді жатқа білмесе немесе толық жатқа айталмаса. |
Мағынаны тану | 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз. Ақын туралы түсінік беру. Өтепберген Ақыпбекұлы - 8 қазанда Қызылағаш ауылы, Қадал ауданы (қазіргі Ақсу), Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған. Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын туған ауданындағы Абай атындағы кеңшарда тракторшы, клуб меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы болып бастайды. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанды. Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыс-тан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні»,. « Экологиялық әліппе », Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Қызықты әліппе», «Алдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген. 2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік. 3. Іштей оқу. 4. Топта талдау. 5. Әр шумақты оқушыларға оқыту Әр шумаққа тоқталып, слайд бойынша түсінік беру |
Сергіту сәті | Ойын: қолтырауын Бірінші болып көмекке келетін мамандық түрін жұмбақтап бір - бірінен сұрайды. 2 - топ. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табайық. Тарағы бар қолында, Кімді айтты мойымда? (шаштараз) - Қалағы бар қолында, Кімді айтты мойымда? (Құрылысшы) - Ожауы бар қолында, Кімді айтты мойымда? (Аспаз) - Күрегі бар қолында, Кімді айтты мойымда? (Диқан) |