Просмотр содержимого документа
«?ткенді пысы?тау »
Сабақтың тақырыбы:Өкенді пысықтау. Білімділік: Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, карточкалар, сурет. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) Психологиялық дайындық. Қазір сендер бір - бірлеріңе есімдерінің бірінші әрпінен басталатын мінездеріне байланысты жақсылық сөзін сабаққа ұран етіп сыйлайсыңдар. Әділжан – сен қабілеттісің. Фариза – сен алғырсың. Анель – сен әсемсің. Еркеназ – сен білімдісің. Нұрбұлан – сен айбаттысың. Мерхат – сен дарындысың. Мерхат – сен ұқыптысың. 1-жаттығу. Суретте берілген заттардың аттарын көшіріп жаз. Олардың әр тобын бір сөзбен қалай атауға болатынын айт.
Бұл сөздерге қандай сұрақ қоюға болады? Олар қай сөз табы?
2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Алматыда Мәншүк Мәметова атында мектеп бар. Мәншүк сол мектепті бітірген. Оның әкесі Ахмет дәрігер болған. Анасы Әмина ұстаздық қызмет атқарды. Мәншүк тәртіпті, ұқыпты еді. Майданда ол жүректі, батыл жауынгерболды.
Жалқы есімдердің астын сыз. Бас әріппен жазылу себебін түсіндір.
3-жаттығу. Зат есімдердің жекеше түрін көпше түрге айналдырып жаз.
қыз - ... көл - …
гүл - ... тігінші - …
тау - ... оқушы - …
сызғыш - … қала - …
Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін айт. Туынды сөздердің астын сыз.
Не істеді? деген сұраққа жауап беріп тұрған сөздер қай сөз табы болады? Көп нүктенің орнына қойған сөздер ше?Сергіту сәті Бір, екі, үш Жинап алдық күш Төрт, бес, алты Біз жазамыз мықты Дәптерімізді ашайық Көрсетілген үлгіге, Әдемі етіп жазайық 5-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. 1. Аспанда жұлдыз жарқырады. 2. Айдос кітапты қызыға оқыды. 3.Көктемде малдар төлдейді. 3. Балалар құстарға ұяжасады. 5. Көл баяу толқыды.Етістіктерді тап. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Пысықтау Ойын: «Менің досым қандай?» Мақсаты: Балалар бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін айту арқылы, балаларды достыққа тәрбиелеу. Сабақты қорыту. 1. Бүгін сабақта не үйрендік? 2.Сын есімді қатыстырып сөйлем құрастырыңдаршы? Бағалау. Үйге тапсырма: «Көктем » туралы шағын әңгіме жазып,сын есімдердің астын сызу.
Семей қаласы. «№39 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Какимова Гаухар Дубековна. Қазақ тілі. 3 сынып.