kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасында?ы ?лтты? т?рбие

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасында?ы  ?лтты?  т?рбие

Адамны? адамшылды?ы – а?ыл, ?ылым, жа?сы ата,

                                    жа?сы ана, жа?сы ??рбы, жа?сы ?стаздан болады.

Абай 

     ". Адам?а е? бірінші білім емес, рухани т?рбие берілуі керек, т?рбиесіз берілген білім - адамзатты? ?ас жауы, ол келешекте оны? барлы? ?міріне апат ?келеді."(?л – Фараби) - дегендей бала?а ?уелі білімнен б?рын, т?рбие берілуі тиіс. Бала?а аны?тама беретін болса?:

Бала - жасы к?мелетке толма?ан, жан - жа?ты т?рбиені ?ажет ететін, болаша?ынан к?п ?міт к?ттіретін жеке т?л?а, олай болса, бала?а т?рбие берушілер жан?я, ата–ана ортасы, жолдастары, мектеп м??алім
Осыны? ішінде б?гін ата - ана, жан?я т?рбиесіне то?талып ?тсек.

     Отбасы – адам баласыны? алтын ді?гегі. ?йткені адам е? ал?аш шыр етіп д?ниеге келген с?тінен бастап, осында ер жетіп, отбасыны? т?рбиесін алады. Сонды?тан да отбасы – адамзатты? аса ?ажетті, ?рі ?асиетті алтын мектебі. Отбасыны? адамзат ?рпа?ына деген ы?палы мен ?сер к?шін ?мірдегі бас?а еш н?рсені? к?шімен салыстыру?а болмайтындай. ?йткені ата-ананы? бала?а деген  т?рбиесіні? орнын ешн?рсе толтыра алар емес. «Ел болам десе?, бесігі?ді т?зе» – деген на?ыл с?з отбасы т?рбиесіні? ма?ызын ай?ындатып т?р емес пе? Ата?ты  ?аза?  а?ыны  ?асым  Аманжолов ?зіні? жарына арна?ан бір ?ле?інде: «Отбасы–ша?ын мемлекет, Мен–президент,сен–премьер» дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір ша?ын мемлекет. ?р мемлекетті? ?зіне т?н ?ндірісі мен ?нім б?лісі, сырт?ы ж?не ішкі саясаты, кіріс-шы?ыс бюджеті, ?астерлеп ?станатын р?міздері, т.б. болатыны сия?ты, ?р отбасы болмыс-тіршілігіні? де со?ан ??сас жа?тары бар, оны? жаратылысы да басшылы? пен ?осшылы?ты ?ажет етеді. Сонды?тан отбасыны? ??рылымына зор ма?ыз беріліп, м?нін ?ор?а?ан, отбасыны? ар-намысын са?тау?а, сырын шашпау?а, м?шелерін бір-біріне ?атысты адалды??а т?рбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген с?зді? м?нісі де осында. Ата-ана ?з отбасын ны?айта отырып, сонымен бірге оны? бала?ат?а тол?ан м?шелерін ?й болу?а, ?з ша?ыра?ын к?теруге ?зірлеуі басты ?рі ?те жауапты міндет болып саналады. Жас отауды? т?тіні т?зу шы?ып, махаббат пен тату-т?ттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ?я?а айналуы, боса?асы берік, болаша?ы н?рлы болуы к?біне-к?п жас ж?байларды? ?лкен ?йде ал?ан т?рбиесі, к?рген ?негесіне байланысты. Боса?асы берік отбасында ?рбір адам ?зара ?ам?орлы? пен татулы??а, ?й іші ж?мыстарын ж?мыла кірісіп орындау?а, жа?сы мен жаман туралы пікірлерін орта?а салып ?штастыру?а, ?аражатты д?рыс б?ліп т?тыну?а, е?бекпен табыл?ан а?ша ??нын ба?алап, ?адірлеуге ?йренеді. Отбасында?ы тіршілікті? д?рыс ?йымдастырылуы балаларды? е?бек?ор болуы, ?р н?рсеге жо?ары жауапкершілік сезіммен ?арау, адамды ??рметтеу сия?ты адамгершілік ?асиеттерді? ?алыптасуына м?мкіндік ту?ызады. Баланы? адамдармен ?арым-?атынас жасауы, ?о?ам?а енуі отбасынан басталады. Сондай-а?, отбасыны? баланы? дамуы мен ?алыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында т?рмысты? белгілі жа?дайлары жасалады, м?дени орта ?алыптасады, сезімдік к?йлер орны?ады. 
«?ядане к?рсе?,  ?ш?анда, соны ілерсі?», «Анасына ?арап, ?ызын ал», - деп, халы? б?рін бастан кешіп, сына?тан ?ткізгендіктен айт?ан. ?аза? отбасында ?уелі ?ке, содан кейін шеше, б?лар – жан?я мектебіні? ?стаздары болады. ?ке мен шешені? баласына ?оятын е? бірінші басты талап-тілектері – баланы? «?депті бала» болып ?суі. Сонды?тан ?аза? жан?ясы ?рдайым: «?депті бол, т?рбиесіздік етпе, к?ргенсіз болма» деген сия?ты с?здерді балаларыны? ??ла?ына ??йып ?сірген. ?аза? отбасында ?з баласын мейірімділікке, имандылы??а баулып ?сірген. ?немі жан?ясында осылай т?рбие к?рген бала а?ырында, ?здігінен тіл ал?ыш, адал, тияна?ты, ??ыпты болып шы?а келеді. Т?рбие басы ?дептілік деп білген ата-ана ?уелі баласына ?здерін сыйлап-??рметтеуді, ?згелерге, ?сіресе ?лкендерге, сыпайылы? танытуды, ешкімді м??атпауды ?йреткен. Сонымен ?атар, балаларыны? ер-азамат болып, хал?ына е?бек етулерін басты міндет етіп ?ой?ан. Отбасыны? ?йыт?ысы, берекесі, мейір-шапа?ат к?зі - ?йел. ?йелді? б?л р?лі ота?асыны? жама?атына, бала-ша?аны? ана?а деген с?йіспеншілігімен, ?ам?орлы?ымен, ана жанын ?ас-?аба?ынан, жанарынан таны?ышты?пен ны?ая, биіктей береді. Б?л жа?ынан аналарды? балалар?а: «?ке?мен а?ылдас», «?ке? біледі», «?ке?ні? айт?анын істе» т.б. сия?ты д?ст?рімізде бар с?здерді айтып отыруы ?андай ?анибет! Ата?ты «Абай» эпопеясында хал?ымызды? осы?ан орайлас ?адірлі д?ст?рін танытатын мынадай бір та?ылымды эпизод бар. «.Семей ?аласында ?ш жыл о?ып, жайлауда?ы ?ке ?йіне к?н кешкіре жеткен, 13 жасар ш?кірт бала – Абай аттан т?скен бетте, амандасу ?шін, шешеге ?арай ж?реді. Сонда а?ылды да байсалды ана ?лжан: «?й балам, анда ?ке?дер т?р,?ке?е барып, с?лем бер!» – дейді. Бір с?тке балалы? сезім же?іп, ?ателік жіберіп ал?анын т?сінген жас Абай кілт б?рылып, ортасында ?кесі ??нанбай бар шеткерірек т?р?ан о?шау топ?а ?арай адымдай ж?неледі». ?лы жазушы М?хтар ?уезов м?ны халы?ты? ж?рекке жылы осындай тамаша д?ст?рінен хабардар ету ?шін ?ана емес, оны? т?рбиелік зор ма?ызын жо?ары ба?ала?анды?тан да келтіріп отыр?аны аны?. Ата-ананы? бір-біріні? ?адір-?асиетін осылайша арда?тап, беделін ?сіруі, араларында ?кпе-наз, кикілжі? туа ?ал?анда, оны балалардан о?ашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылы?, ?дептілік.Сайып келгенде, ?о?амда ?деп-инабат ?лшемдеріні? тере? тамырланып, ке? жайылуында отбасыны? ма?ызы орасан зор. ?рбір ?яны? ?ос тіреуі – ерлі-зайыптылар ?здеріне ?атысты ?деп-адамгершілік талаптарын, ???ы?тары мен міндеттерін м?лтіксіз орындаса, б?кіл ?о?амда, елде бейбіт те берекелі т?рмыс?а негіз ?аланба?, демек, ?рпа?тарына ??тты ?оныс, жайлы болаша? ?амтамасыз етілмек!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасында?ы ?лтты? т?рбие»

Отбасындағы ұлттық тәрбие


Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай 

".... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл – Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс. Балаға анықтама беретін болсақ:

Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға, олай болса, балаға тәрбие берушілер жанұя, ата–ана ортасы, жолдастары, мектеп мұғалім
Осының ішінде бүгін ата - ана, жанұя тәрбиесіне тоқталып өтсек.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы–шағын мемлекет, Мен–президент,сен–премьер» дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында. Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады. 
«Ұядане көрсең,  ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр,әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Отбасында?ы ?лтты? т?рбие

Автор: Мырзатова Камшат Мурзатовна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274007


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства