К?рнекілігі: ?Р Конституциясы, Бала ???ы?ы туралы Конвенция, т?рлі суреттер, плакат, бояулар.
Барысы:
І. ?йымдастыру б?лімі.
?аза?та «?ке – ас?ар тау. Ана – сар?ылмас б?ла?. Бала – жа?асында?ы ??ра?» деген ма?ал бар. Сол ма?алда айтыл?ан тауды? т?сі ?о?ыр, б?ла?ты? т?сі к?к, ??ра?ты? т?сі жасыл. Т?стер бойынша ?има ?а?аздарды та?дап, ?о?ыр т?с та?да?андар «?келер» тобы, к?к т?с та?да?андар «Аналар» тобы, жасыл т?с та?да?андар «Балалар» тобы болып б?лінейік.
Топ ережесін еске т?сіру
- Бір-бірін ты?дау, ?атысу;
- Уа?ытты ?немдеу, ?атысу;
- Ойды еркін айту;
- Та?ырыптан ауыт?ымау;
- Б?се? с?йлеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отбасында?ы ???ы?ты? нормалар »
Тақырыбы: Отбасындағы құқықтық нормалар.
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері және қоғамдық топтар жайлы түсінік қалыптастыру;
Іздену, ойлау, топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту,іс –әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;
Отбасы мүшелерін қадірлеуге үлкенді сыйлауғатәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Бала құқығы туралы Конвенция, түрлі суреттер, плакат, бояулар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Қазақта «Әке – асқар тау. Ана – сарқылмас бұлақ. Бала – жағасындағы құрақ» деген мақал бар. Сол мақалда айтылған таудың түсі қоңыр, бұлақтың түсі көк, құрақтың түсі жасыл. Түстер бойынша қима қағаздарды таңдап, қоңыр түс таңдағандар «Әкелер» тобы, көк түс таңдағандар «Аналар» тобы, жасыл түс таңдағандар «Балалар» тобы болып бөлінейік.
Топ ережесін еске түсіру
- Бір-бірін тыңдау, қатысу;
- Уақытты үнемдеу, қатысу;
- Ойды еркін айту;
- Тақырыптан ауытқымау;
- Бәсең сөйлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кестені толтыру.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында әр топқа сұрақтар беріледі. Солардың жауаптарын кестеге толтырып, дұрыс жауабын айтады.
Отбасы деген не?
Отбасы мүшелері кімдер?
Отбасы мүшелерін не біріктіреді?
Отбасының татулығы неге байланысты?
Отбасы мүшелерінің бір –біріне көмегі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
«Бәріміз бірге!» ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
Отбасына кімдер кіреді? -Әке, ана, балалар.
Отбасында жұмыс істейтін кім?- ата-ана.
Отбасында оқу оқып, білім алатын кім?- балалар.
Отбасындағы үнемі ақыл айтып отыратын үлкендер кімдер? –ата-әже.
2. Мағынаны тану. - Балалар, өздерің айтқандай отбасы туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Олар бір-бірін сыйлайды, бір-біріне көмектеседі.
А) Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу, топпен талдау.
1- топ «Әкелер» тобы әкенің отбасылық міндеттерін,
2-топ «Аналар» тобы аналардың отбасылық міндеттерін,
3-топ «Балалар» тобы балалардың отбасылық міндеттерін зерттеп, талдайды.
Ә)Тыныштық сәті. /баяу ән/ (Оқушылардың ой - қиялын дамыту) - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. - Көздерімізді жұмамыз. - Терең демалайық. - Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші. - Бұл бақыт, қуаныш жарығы. - Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді. - Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді. - Қандай әдемі. - Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. - Бұл сендердің аталарың әкелерің, әжелерің, аналарың. - Бұл гүлдің ортасындағы дөңгелек сенсің. Бұл жай гүл емес. - Ол – сүйіспеншілік гүлі деп аталады. Сендер - жап - жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша! - Балалар, көз алдарыңа не елестеді? - Қандай сезімде болдыңдар? - Ойды тиянақтау. Б) Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Бала құқығы туралы заңмен таныстыру.
-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген. Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
Әр топ жауап береді. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы.
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.
«Біліп жүрейік!» 1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні 10-желтоқсан – адам құқығы күні 10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады 1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды 1979ж – халықаралық балалар жылы өтті 20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды 28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды. 8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті 30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.
1993 жылдан бастап 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып аталады.
3. Ойтолғаныс.
Әр топ өздері бір бақытты жанұя туралы жарнамалайды.
1-топ: Әке мен баланың,
2-топ: әже мен немеренің,
3-топ: Ағайынды екі баланың қарым-қатынасы туралы айтады.
ІҮ. Қорытынды.
Сонымен балалар әр отбасының мүшелерінің атқаратын өз міндеттері болады.
— Бүгінгі сабақта не түсіндік?
— Отбасы –шағын қоғам. Отбасы өзін –өзі қамтиды, асырайды. Отбасы адамдары әрқашан үлкен сүйіспеншілікпен тату, бір –біріне қамқоршы, көмекші болуы керек.