Білімділік: Адам ?міріне ?ауіп ту?ызатын жа?дайлар к?п. ?р бала?а одан са?тану жолдарын жас кезден бастап білу міндет екенін ??ындыру. Отбасыны? адам ?мірінде алатын орны. Отбасында?ы татулы?тар, отбасы м?шелеріні? ?арым–?атынасы туралы ??ымдармен таныстыру.
Білімділік: Адам өміріне қауіп туғызатын жағдайлар көп. Әр балаға одан сақтану жолдарын жас кезден бастап білу міндет екенін ұғындыру. Отбасының адам өмірінде алатын орны. Отбасындағы татулықтар,
отбасы мүшелерінің қарым–қатынасы туралы ұғымдармен
таныстыру.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, қоғам, отбасы мүшелеріне деген құрметке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: « Қоғам, отбасы» суреттер жиынтығы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Базалық білім:
Өрт.
Тұрмыс техникасы, оның пайдасы және қауіпті жағы.
Газ. Электр, су, керекті заттарды пайдалана білу, сақтай білу.
Жаман ниетті адамдардан сақтану.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Кіріспе әңгіме.
Отбасыңда кімдер бар?
Сабаққа дайындалғанда қасыңда кімдер болады?
Үлкендердің сендерге қандай көмегі бар?
Өздерің қандай іске көмек бере аласыңдар?
Үйде жалғыз қалған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
Адам жоқта тамақты қалай ысытып жейсіңдер?
Үйлеріңде қандай техникалық құралдар бар?
Оларды пайдална білесіңдер ме?
Қауіпті деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Қандай заттар қауіпті?
Оқулықпен жұмыс
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Қауіптен қалай сақтана аламыз?
Ол үшін:
– ұқыпты болу керек.
– Ата–ана жоқта газға т.б. затарға жоламау керек.
газ шүмегінің жабық болуын қадағалау
Сырттан үйге келгенде иісті байқау.
Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.
Газ неге қауіпті, ойлан?
Суды үнемдеудің не қажеті бар?
Электрдің пайдасын айт
Осы жұмыстарды орында
«От – тілсіз жау» дегенді қалай түсінесің?
Өзіңнің отбасыңа күнделікті қамқорлығың жайында әңгімеле.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу