kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасым-бақыт мекенім.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың отбасы,жанұя туралы білімдерін шыңдай тусе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасым-бақыт мекенім.»

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18орта мектеп мемлекеттік мекемесі.

Бастауыш сынып мұғалімі Баскараева Бибатпа Найзабековна.



Тақырыбы: Отбасым - бақыт мекенім.
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

    Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтүрі:сынып сағаты        

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

              Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі.

Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы.



Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.



Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол

қаша береді.



«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», - деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр.



Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.



Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер.



Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.



Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.



Үйленуге барсаң, үйретуге барма.



Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.



Бірақ жанды алдамау керек, ол - бала.



Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда екенін айтады.



Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген

қонаққа да қарап өседі.



Сәбидің Алласы - анасы.



Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты.



Болар бала босағадан.



«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.



Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете

береді.



Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.



Ерке бала есік таңдамайды.



Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.     



 Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.



 Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып жасай да,

 жырлана да береді.



 Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады.



 Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында сынады, жасып сынған  

 асыл жоқ.



 Балалы үйдің есігіне құлып керегі жоқ.



 Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады.



 Жаман қатын қабаған иттей, жаман ер мияулаған мысықтай, екеуіне де кезіге көрме!



 Жаман қатын туысын балағаттар.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Отбасым-бақыт мекенім.

Автор: Баскараева Бибатпа Найзабековна.

Дата: 06.05.2017

Номер свидетельства: 413502


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства