Сабақтың мақсаты:Қыстағы өсімдіктер тіршілігі туралы түсінік беру. Аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру; Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Оқушылардың зейінін дамыту. адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып,оқушыларды қайырымдылыққа баулу.
Түрі:аралас
Пәнар.б/с:бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі:өсімдіктердің,аңдардың жеке суреттері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткенді қайталау.
Жыл мезгілі, күз, қыс мезгілі туралы түсініктерін ойын ойнау арқылы еске түсіріп, қайталау. Қыс мезгілі туралы әңгімелету.
Қыс мезгілінің айларын атау,өсімдіктердің қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу.
ІІІ.Жаңа сабақ.Әңгімелету:
А)Қыста өсімдіктер,аңдардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
/ Жапырақты ағаштар мен бұталар қыста жапырақсыз қалады.Олардың сабақтарын суықтан қабықтары сақтайды.Олардың бұтақтарында бүршіктері сақталады.Қылқан жапырақты ағаштар жапырағымен қыстайды.Көптеген шөптер қыста қар астында қалып, көктемге дейін жата береді.Топырақ арасында өсімдіктердің тұқымдары да сақталады./
Өсімдіктердің қысқы көрінісімен таныстыру.Ол үшін оқушыны үш топқа бөліп, оларға өсімдіктің жеке суретін таратып беру./шырша, тал, бүлдірген, қар астында қалған өсімдіктерді, олардың тұқымдары бейнеленген/
Оқушылар осы қолдарындағы өсімдіктердің қысқы тіршілігі туралы талдайды.Соңында топ ішінен бір оқушы қорытындысын айтады.
Ә)Слайд «аңдардың қысқы тіршілігі»
/мазмұнды сурет ретінде көрсету/
Б) Суретпен жұмыс:-Аңдар қысқа қарсы қалай дайындалады?
-Қандай жануарлар қысқа қор жинайды?Қандай жануарлар қыста ұйқыға кетеді?
Оқулықпен жұмыс.
А)Мәтінді оқып,түсінгендерін сұрау.
Ә)Күнделікпен жұмыс:
Шыршаны әшекейлеу.
Б)Дәптермен жұмыс.
Тапсырмаларды өз беттерімен орындату.
*Шығармашылық тапсырма.
«Бұл қандай аң? /жасырын аңды табу/
Суреттегі әр жануардың қыста қалай тіршілік ететіндігіне тоқталу.
Сергіту сәті.
В)Қосымша түсінік беру.
Қыстың шуақты күнінде кейде көбелек шыға келеді.Бұл қайдан шықты?Көбелектер көбіне қыста үйдің түрлі қуыстарына, төбедегі жарыққа тығылды.Күн көзі жақсы шыққан күні оның жылуы төбені қыздырады.Соған байланысты көбелек те оянып, далаға ұшып шығады.Ол далада аязға кездеседі де, жерге құлап түседі.Осылайша ол аяқ астында қалып өледі.
Г) Дәптермен жұмыс:аюдың қайда қыстайтынын көрсететін суретін салу.
ІV.Қорытынды.
-Өсімдік қыста қандай болады?
-Ағаш үспеуден қалай сақтайды.
-Қар астындағы шөптер неге үспейді?
Оқушылар жауабын тыңдау.
-Қай жануар қысты қалай өткізеді?/суретті пайдаланып, тұжырым жасау/