Дүкенге Әлия мен Айнұр келді.Әлия нан мен қант сатып алды. Айнұр айран мен сүт сатып алды.
Мәтінді түсініп оқып шығу.
Сұрақтарға жауап беру.
Ішілетін, жейтін тамақтарды бөліп сызба құру.
Менжеймін
Мен жеймін
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы
Нан иісі
Есіңде болсын, балам,
Нан- қастерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа,
Жерге түссе,баспа,-
Дейді атам маған.
( Ә. Бостубаев)
Өлеңді мәнерлеп оқу
Тақырыбын пысықтау
-өлеңнің тақырыбы не туралы?
-нан қандай тағам?
-нанды қалай қастерлеу керек?
Ширату сәті.
1. Қардай аппақ,
Балдай тәтті-ақ а) сүт, ә) қант, б) су
2. Сырты жасыл, қатты,
Іші қызыл, тәтті а) пияз, ә) алма, б) қарбыз
3. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең, жылатады. а) қияр, ә) пияз, б)шие
4. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. а) тұз, ә) қант, б) сүт
5. Аппақ қардай,
Дәмі балдай а) сүт, ә) балмұздақ, б) айран
3- тапсырма. Көп нүктенің орнына азық- түлік атауларын қой.
Мен әкеммен дүкенге бардым. Біз .................. , ................ , .............. , ............... сатып алдық. Дүкенде ................ жоқ. Біз үйге келдік.
Жаңа тақырыпты бекіту
Азық- түліктің қандай түрлерін білеміз?
Айгүл, мұғалім, оқушы сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
Мектеп, нан, айран, сынып сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
Азық- түліктер қайда сатылады?
Үйге тапсырма
2- тапсырма.Өлеңді жаттау.
Сөздік жаттау.
«Азық- түлік дүкенінде» диалог құру.
Бағалау. Оқушыларды белсенділіктеріне қарап бағалау, мадақтау