kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары. Ма?саты: 1.Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары туралы т?сінік беру. 2.?р т?рлі ?сімдіктерді? ?сіп-?ну уа?ытын аны?тау?а,олар?а сипаттама беру ар?ылы ой-?рістерін ке?ейту.?сімдік топтары мен ?су орта ерекшелігін аны?тап,?орытынды жасау?а баулу.С?йлеу,ойлау,іздену ?абілеттерін дамыту. 3. «?ызыл кітап?а» енген ?сімдіктер мен жануарларды,таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу. Саба? типі: аралас саба? К?рнекілігі: суреттер, интерактивті та?та. ?дісі: т?сіндіру, ??гімелеу,с?ра?-жауап, талдау,жина?тау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары. »





Тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: 1.Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру.

2.Әр түрлі өсімдіктердің өсіп-өну уақытын анықтауға,оларға сипаттама беру арқылы ой-өрістерін кеңейту.Өсімдік топтары мен өсу орта ерекшелігін анықтап,қорытынды жасауға баулу.Сөйлеу,ойлау,іздену қабілеттерін дамыту.

3. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарларды ,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау,жинақтау.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

Псиологиялық дайындық:

Қоршаған орта әлемі ,

Не деген көркем әдемі .

Сол сұлулықты сақтайық,

Мадақтайық, мақтайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Балалар қазір қай мезгіл? /Қыс/

Қыстан кейін қай мезгіл?/көктем/

Көктемде адамдар аулаларына не отырғызады?/ағаштар,гүлдер/

Ендеше ,бізде өзіміздің мектебіміздің ауласына алуан түрлі ағаштар мен гүлдер отырғызайық.Ол үшін үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.

1.Еліміздің қай аймақтарындағы далалардың топырағы құнарлы және ол жерде нелер өседі?

2.Суармалы дақыл «Күріш »туралы не білесіндер?

3. «Мақта» туралы кім әңгімелейді ?

4. «Жүгері» туралы не білесін?

5. «Жүзім» қандай өсімдік?

6.Мал шаруашылығының қандай түрлері бар?

7. «Еділбай қойы» туралы не білесін?

8.Қазақтың арқар-меринос қойы туралы айт.

9.Қазақтың ақбас сиыры туралы әңгімеле.

10.Дала мен шөлді аймақтағы жылқы малы туралы айт.

11. «Түйе»малы туралы әңгімелеу.

2. Дәптерлерін тексеріп шығу.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?



Жұмбақ жасыру:

Тоқылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап.

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті жазалап.

/тоқылдақ/


Ағаш басы мекен.

Секірумен өтеді



/тиін/

Бұлар қай жерде мекендейді?/орманда/


ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Кіріспе: орман-тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді ?

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.


Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті,топырағы құнарлы,ылғалы мол,топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды.Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар. Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі.

Қайың –ақ түсті қабығымен ерекшелінетін әдемі ағаш.Өмір сүру ұзақтығы-100-150 жыл.Ол көктемде ерте бүршік жарып,кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшелінеді.Табиғатта қайыңның 140 түрі бар.Ең көп тараған түрі-кәдімгі қайың немесе аққайың.Қайыңның бүршігі мен жапырағында және ағашы мен шырыныңда емдік қасиеттері бар.

Іле Алатауында өсетін 15 түрі бар.

Терек-тез өсетін ағаш,биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80жыл,тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді.Табиғатта 110-ға жуық түрі бар.

Жарық жақсы түсетін ,топырағы құнарлы ,ылғалы мол орман ішінде

Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде ,топырағы құнарлы,ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат,долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл,балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек.қарағай,шырша ,қайың сияқты өсімдіктер көп.

Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа »енген.Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Балшытыр (Pulmonarіa) – айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы

Еуразияның қоңыржай белдеулерінде өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы өңірінде өсетін бір түрі – жұмсақ Балшытыр (P. mollіssіma) бар. Оның биіктігі 15 – 35 см, жіңішке, қырлы, тік сабақты. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Ерте көктемде балшытырдың құрамында бал шырыны мол болады. Балшытырды сәндік гүл ретінде де өсіреді.

Айдаршөп (Corуdalіs) – көкнәр тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта (мысалы, ірі гүлді айдаршөп).

Жетісу өңірінде және Қазақстанның басқа аймақтарында 19 түрі өседі (оның ішінде көп кездесетіні — Ледебур, Галлер айдаршөбі. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді.

Жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алып, Қазақстанның “ Қызыл кітабына”

енгізілген.

Мойыл (Padus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар. Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – кәдімгі мойыл (Padus racemosa).

Оның биіктігі 10 – 17 метр, бұтақ шоғыры қалың, жайқалып тұрады. Жапырағы сопақша, кезектесе орналасқан, жиегі ара тісті.

Гүлдері ұсақ, ақ, кейде қызғылт түсті, 8 – 12 см-дей болатын шашақ гүлшоғырына топтанған. Жемісі сүйекті, қоңыр, қызғылт, қара түсті.

Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде–тамызда жеміс салады. Мойылдан бояуыш зат және дәрілік препараттар алынады.

Балды және әсемдік өсімдіктер. Сүрегі мықты, ағаш өңдеу шауашылығында қолданылады. Жемісімен құстар қоректенеді.

Мәдени түрде де өсіріледі

Ұшқат (Lonіcera) — ұшқаттар тұқымдасына жататын шырмалған бұта, кейде ағаш. Қазақстанның тау беткейлерінде, кейде шыршалы ормандар арасында, тастақты жерлер мен өзен жағалауларындағы тоғайда өсетін 21 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15—200 см. Ұшқаттың: Іле ұшқаты,

Қаратау ұшқаты (L. karatavіensіs) — өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Жамансары, ақсары (лат. Buteo buteo) — сұңқар тәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Солтүстік Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларының орманды алқаптарын мекендейді.. Ақсары — жыл құсы. Тамыз — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Азия, Африкада қыстайды. Наурыз — мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен т.б. жәндіктермен қоректенеді.

Кәдімгі мысықторғай (лат. Oriolus oriolus) – торғайтәрізділер отрядына жататын сайрағыш құс. ормандарда кездеседі.. Жыл құсы. Сәуір – мамыр айында келіп, ұясын қайың, тал, алма ағаштарының бұтақтарына аспалы тор сияқты іліп қояды. Мысықторғайлар орман мен бақ ағаштарына зиян келтіретін жәндіктер мен олардың дернәсілдерін жеп пайда да келтіреді. Қыркүйектің басында қыстау үшін жылы жаққа ұшып кетеді.

Сілеусін (лат. Lynx lynx) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 – 31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Борша тышқан, бұрындық (лат. Eutamias sibiricus) — кеміріштер отрядының тиін тұқымдасына жататын жануарАғаш тұқымын, бүрін, саңырауқұлақ, жидек, астық дәнін жеп қоректенеді. Қысқа қарай қор жинайды. Кәсіптік маңызы шамалы, ауланбайды. Борша тышқан кене энцефалиті мен туляремия ауруларының қоздырғышын таратады.


Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында ,кішігірім көл жағалауында

ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі.

Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады.

Тоғайда тер ек,тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі.


Жануарлары да ағашты ,бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт,қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл,жасылдау болады.Сілеусін, борша тышқан, тиін—жануарлары, тоқылдақ,көкқарға, шымшық, жапалақ—орман қамқоршылары.Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік,қасқыр,түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.

Суреттерін көрсетіп түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Емдік қасиеттері өсімдіктер


Қайың

Жапырағы:

Ауру тудыратын бактерияларды өлтіреді.

Ағаш майы:жара мен күйікті жазады.

Шырыны:ағзаны шынықтырады.

Жөке

Гүлі:ыстықты түсіреді,тоңазығанда қалыпқа келтіреді.

Ағаш көмірі:уланғанда көмектеседі.

Итбүлдірген

Жапырағы:ыстықты түсіреді,қабынуды басады,жөтелге ,жүрек ауруының алдын алады.

Қалақай

Жапырағы:ыстықты түсіреді ,қабынуды басады,жөтелге,бүйрек ауруына көмектеседі,қан кетуді тыяды.


VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Балалар ,бүгін сонымен не білдік?

Орман-тоғайда қандай өсімдіктер мен жануар мекендейді?

Қандай емдік шөптерді білдік?

-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 93-95-беттерді оқу, мазмұны

Дәптерге “ Қызыл кітапқа” енген жануарлар мен

өсімдіктерді жазып келу





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары.

Автор: Абилова Гульмира Сесембаевна

Дата: 20.10.2015

Номер свидетельства: 242072


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства