kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?мір - сен ма?ан ?ымбатсы?!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а «?мір», «ба?ыт» ??ымдарына тере?ірек ??ілуге ы?пал жасау; ?зінде бар ??ндылы?тарды ба?алай ж?не ??рметпен ?арай білуге ?йрету; Ба?ыт?а ?ол жеткізе алатынына сенім ту?ызу ар?ылы ?зіне сенімді ?рпа? т?рбиелеу; ?мірге деген ??штарлы?тарын арттыру; Адам кез келген ма?сат?а ?ол жеткізе алатыны туралы ма??лматтар беру, тек со?ан ерінбей е?бек ету керек екенін т?сіндіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?мір - сен ма?ан ?ымбатсы?!"»

«Өмір, сен маған қымбатсың!»

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын.
Оқушылар: Біз де!
Шаттық шеңбері:
Мұғалім: Сабағымызды жылулық шеңберінен бастайық!
Мұғалім: - Балалар, адам үшін ең қымбат не деп ойлайсыңдар? (балалардың жауабы)
- Барлық жауап дұрыс. Соның ішінде ең қымбаттысы - өмір.
- Өмір деген - ол бір нәзік тіршілік,
Таң сыйлайды
Нұр сыйлайды күн шығып.
Қадіріне жете алмасаң желдіріп,
Саған қарсы ұмтылады жұлқынып.

Мұғалім: Өмір туралы эссе кім дайындап алып келді
1- топ:
Өмірдің мәні (эссе)
Өмір шіркін күннің сәулесі секілді жарқ етіп өтеді де кетеді. Сондықтан да біз осы уақытқа дейін не үшін өмір сүргенімізді, не істейтінімізді ойлануымыз қажет. Біз өмірге келеміз, ата - анамыз бізге тәрбие беріп, бізді аяғымызға тік тұрғызады. Кейін білім алып, жоғары оқу орнына түсіп, жақсы жұмысқа орналасамыз. Бірақ соның барлығы не үшін екенін түсінбейміз. Барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ ол мақсатты орындағаннан соң не болады?
Алла тағала бізге бұл өмірді сыйлады. Сондықтан да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз керек. Артымызда із қалдырып, тарихта атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да қажет секілді. Тіпті сен жақсы жерде оқымай, дүниеден тапшылық көрсең де сен туралы жақсы сөз айтылатын болса, ол сенің өмірді құр өткізбегенің.
Адам кез келген мақсатқа қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе болды. Мен де өмірімнің мәні болсын, бұл өмірден алар еншімді ала өтсем деп өмір сүремін. Еліме елеулі, халқыма қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам деген үкілі үмітімнің үзілмеуін қалаймын, және сол үшін күресемін. Жалғанда қалмай, жаныма жарық түсірер мақсат қою адамды алға жетелейтін секілді. «Шіркін!»- дейсің тек қана, жаһанға жар салып, барша адамзатты да осы ізгі ниетімнің жолына салсам ғой,- деп қиялдаймын. Мен өмірге ғашықтығымды

осылай дәлелдесем деймін. Мен өмірге ғашықпын. Тек ӨМІРГЕ ғана!!!
2 - топ: Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарасы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқармен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдилы да болмайды. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп - қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.

«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг.
Мақсаты:
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру;
Құрал - жабдық: қағаз, қалам
Ойын ережесі

  • бір - бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым – қатынас

  • жағымды эмоция тудыру
    Барысы:
    Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
    Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
    Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау»
    -«ешқашанда білмеймін демеу»
    -«қасындағыларға көмектесу»
    -« Биік шыңға ұмтылу»
    Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
    Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады (парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
    Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
    Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...
    Ашық айтқанда, маған ұнамайды...
    Ашық айтқанда, мен қуанамын...
    Мұғалім:
    - Біз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
    - қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?
    Аутогенді жаттығу.
    Тренингке барлық оқушы қатысады.
    Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
    Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір - бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
    Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылғаны ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды.
    Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
    Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір - бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз. Оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.















































КММ «№ 7 ЖОББ мектеп-лицейі»



Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Өмір, сен маған қымбатсың!»

Өткізген: Шакабаева З.К.

2 «А» сыныбы


Семей – 2015 жыл



КММ «№ 7 ЖОББ мектеп-лицейі»

Тәрбие сағаты

«Өмір, сен маған қымбатсың!»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"?мір - сен ма?ан ?ымбатсы?!"

Автор: Шакабаева Зура Кабдрашимовна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272719


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства