kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"О?ымысты бала" та?ырыбына саба? жоспары 1-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аталмыш мектебім бойынша Атырау ?аласында?ы 3-айлы? курстан ?тіп білімімді жетілдіру ар?ылы сыныбымда?ы о?ушылармен  б?гінгі та?да ?оян ?олты? ж?мыс ат?арудамын. Е? алдымен ?з сыныбымды топ?а б?луден, топ ережесімен таныстырудан бастадым. О?ушылар б?л жа?аша т?сілді тез ме?гере бастады.  Б?л о?уды? ар?асында к?птеген саба?тарымды ?ызы?ты т?рлі ?діс-т?сілдерді тиімді пайдалана отырып саба?тарымды ?ткіздім. Саба? барысында ба?алау критериясы ар?ылы о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?тары арта т?сіп, о?ушы ?з-?зін ба?алап, бірін – бірі ба?алап, саба? со?ында кері байланыс ба?ытында  сол саба??а рефлексия жазып отырды.  Биыл?ы о?у жылынны? басында ата-аналар жиналысын ?ткізу кезіндегі та?ырыбым «Баланы?  бас ?стазы ата-ана» та?ырыбы болатын.Б?л жиналыста е? алдымен ата-аналарды топ?а б?ліп ?ш топта ж?мыс жасай білдім.Ата-аналарыма топта ?р т?рлі тапсырмалар берген болатынмын сол с?тте барша ата-аналар берілген сауалдар?а фостерге ?з ойларын жазып ортада ж?йелі ?ор?ау?а ж?мыстана білді.Сонымен ?атар ата-аналарыма тренингтер ?ткіздім. Б?л жиналысты? со?ында ата-аналарда осы жиналысты? ?на?анды?ы туралы рефлексия жазып беріп кетті.Алда?ы уа?ытта да осындай жа?ашылды?пен ж?мыс ат?ара беруіме тілек білдіре отырып,балаларды? саба?ына зор ?мітпен ?арайтындарына сенім білдірді.О?ушыларымны? ана тілі, д?ниетану саба?тарына деген ?ызы?ушылы?тары  к?ннен к?нге артып отыр.Себебі  о?ушылар ?шін топ?а б?ліну, топта еркін с?йлеу, топты бас?ару, бірін-бірі ба?алау  саба??а деген  ?ызы?ушылы?тары жо?арлай бастады.ал?а ?арай да  осындай жа?а ?діс- т?сілдерді ?тымды пайдалану ар?ылы саба?тарымды тиімді, ж?йелі ?ткізіп отырамын деп  айта аламын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"О?ымысты бала" та?ырыбына саба? жоспары 1-сынып»

М.Әуезов атындағы орта мектеебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сатыбалдиева Мейрамгүлдің

ана тілінен ашық сабақ жоспары.





Тақырып: Буын .Оқымысты бала.
Мақсаты:
1.Буынға бөліп оқыту мен буынға бөліп көшіріп жаздыру сияқты жаттығулар орындау арқылы буын жөнінде алған білімдерін тереңдету: й,ң,у дыбыстарының буынға бөлінуі жайында айту;
2.Оқушылардың дұрыс буынға бөлу дағдыларын дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жат қылықтардан баланың бойын аулақ ұстауға үйретіп, еңбекшіл әрі білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас  сабақ
Әдіс-амалдар: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Көрнекі құралдар: кесте, суреттер, буындар.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезең

Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару

1.Үй тапсырмасын тексеру 

63-жаттығу.

Жең-ге бал-дыз а-ян

жез-де жег-жат ұ-ят

сің-лі жұм-бақ ұ-ял

құр-мет
«Бәйге» ойыны.

1-Қазақ тілінде қанша әріп,қанша дыбыс бар?

2- Дыбыстар нешеге бөлінеді?Қандай болып?

3-Әріптерді не істейміз?Дыбыстарды ше?

4-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?Қандай болып?

5-Жуан,жіңішке дауыстыларды ата:

6-Жұп дауыстыларды ата:

2.Ой қозғау
Әріп жұмбақтар шешу (Бұл қандай әріптер?) БУЫН
1.Табада бар,
Танада жоқ.
Сабада бар,
Санада жоқ. (Б)

2.Дабылда жоқ,
Дауылда бар.
Далада жоқ,
Ауылда бар. (У)

3.Қылда бар,
Жүнде жоқ.
Жылда бар,
Күнде жоқ. (Ы)

4.Нарда бар,
Қарда жоқ.
Нанда бар,
Майда жоқ. (Н)

3.Сұрақ-жауап:
- Сөзде неше буын бар екенін қалай ажыратамыз?Мысал келтіру.

Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: Ат,а-ға, ша-на.

4.Буынның түрлерін атап, ережесін еске түсіру (кесте арқылы)


Буын түрлері:
↓                ↓               ↓
Ашық буын    Тұйық буын   Бітеу буын

Ашық Буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буынды айтамыз.(а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық)

2) Тұйық Буын— дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас);

3) бітеу Буын — дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт.


5.Есте сақта!
Бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды!
Мысалы :ай, ән, от, өт, оң, ін, үн, кеш, бор, тас, жүз, қыс, шөп, тас.

6.Буынға бөлу (ауызша)
Орақ, ара, көмір, мысық, алма, орман, құмырсқа, жұмыртқа.

1.Жаңа ұғым
й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады. Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.

2.Дәптермен жұмыс
Көркем жазу

Й_________________

й_________________
3.Жаттығу-65 (Жеке, жұппен жұмыс)
1.Кестедегі сөздерді буынға бөліп оқу;
2.Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазу.

О-йын-шық, қа-йың, қо-ңы-рау, же-ңіс, а-уыл, ба-уыр.

4.Дыбыстық талдау жасау.

66-жаттығу ауызша талдау.


6.Мәтінмен жұмыс

1)Автортану. М.Дулатов (топтастыру)

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы Торғай уезінің,Сарықола облысының 1 ауылында дүниеге келген.Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, саясаткер,жалынды көсемсөз шебері.Әкесі Дулат ер тұрман жасап,етік,мәсі тіккен,ал анасы әнші болған.Тойларды ән салған.Әкесі оны жастайынан оқуға бершген.Ол ауылында орыс мұғалімдерден сабақ алған.Оның көптеген шығармалары бар.Соның ішінде сіздер бүгін «Оқымысты бала» мәтінімен танысасыңдар. -Қандай адамды оқымысты дейді?
2)Мәтінді оқу

а)мұғалімнің оқуы,түсіндіруі

б)оқушыларға оқыту тізбектей.
3)Сөздік жұмыс:

Тырма – шөпті жинау үшін қолданылатын еңбек құралы

4)Сұрақ-жауап
-Бала ауылына қашан келді?
-Қаланың ауылдан айырмашылығы қандай?
-Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
-Баласы не деп жауап берді?
-Сол кезде баламен қандай оқиға болды?
- «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер? (жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық)

7. Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық және  оқу , еңбек  туралы мақал-мәтелдер айту

Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық

Оқу , еңбек


Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Оқу инемен құдық қазғандай

Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті



8.Сергіту сәті ән «Болайықшы осындай»
9.Т кестесін толтыру

1 буынды сөздер

2 буынды сөздер

Ай,күн,қыс, түс, ұл, қыз

Қа-йың, а-уыл, жа-ңа, қа-ла

10.Шығармашылық тапсырма «Адасқан буындар»
Берілген буындардан мағынасына қарай сөздер құрау:

(ба, қа, та, ша, йық, тыр, ән, үй, би, те, рек, пан, ңіз т.б.)

ІІІ.Сабақты қорыту:Рефлексия.
-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Буынның түрлерін ата

ІV.Бағалау
V.Үй тапсырмасы
«Оқымысты бала» әңгімесін оқу, мойын, жеңіл сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Есте сақта!
Бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды!
Мысалы :ай, ән, от, өт, оң, ін, үн, кеш, бор, тас, жүз, қыс, шөп, тас.

й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады.
Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"О?ымысты бала" та?ырыбына саба? жоспары 1-сынып

Автор: Сатыбалдиева Мейрамгул Бахытовна

Дата: 05.12.2015

Номер свидетельства: 262166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства