kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? о?у ?атілетін дамыту ар?ылы білім сапасын арттыру тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зулфия Кочкарова

Бастауыш сынып м??алімі                                                  

Ж.Б?рібаев атында?ы орта мектеп

      ?арасай ауданы

Алматы облысы

О?ушыларды? о?у ?абілетін  дамыту ар?ылы білім сапасын арттыру тиімділігі

            ?азіргі білім беру саласында?ы о?ытуды? озы? технологияларын ме?гермейінше сауатты, жан-жа?ты маман болу м?мкін емес. Инновациялы? технологияны ме?геру м??алімні? интеллектуалды?, к?сіптік, адамгершілік, рухани, азаматты? ж?не бас?а да к?птеген адами келбетіні? ?алыптасуына игі ?серін тигізеді, ?зін-?зі дамытып, о?у-т?рбие ?рдісін тиімді ?йымдастыруына к?мектеседі.

          Б?гінгі ?ылым мен техниканы? ?арыштап даму заманында мектепте д?ст?рлі о?ыту  о?ушыларды? ?ылым негіздерін мемлекеттік стандарт де?гейінде толы? ме?геруіне кепілдік бермей отыр. Б?л о?ушыларды? білім жетістіктеріні? н?тижелерінен к?рінуде. Сонды?тан о?у-т?рбие ?рдісін жандандыруды? ?азіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны к?нделікті саба?тарда тиімді ?олдану ар?ылы білім сапасын жо?арлату?а болады.

Б?гінгі та?да мектептерде о?у-т?рбие ?рдісінде т?рлі инновациялы? педагогикалы? технологияларды? ?олданылып ж?ргені м?лім. Сонды?тан, мектептегі ?рбір п?нді ?тымды ме?гертуде о?ыту технологиясын та?дап, іріктеу ж?не оны іс-?рекеттік т?р?ыда жетілдіру ар?ылы о?ушыны? ?рекеті-технологияны ?абылдауы, о?ан деген ынтасы, ??штарлы?ына м??алім тарпынан к??іл б?лінуі тиіс.

         Елімізді? барлы? о?у мекемелерінде білімні? жа?а ж?йесі енгізіліп жатыр. М?нда?ы негізгі ма?сат – жа?андану заманында білімні? б?кіл?лемдік ке?істігіне ену. Осы?ан орай, білімні? мазм?ны да, о?ан ?ойылатын талаптар да ?згереді. Сол себепті ?азір барлы? мектептерде  о?ытуды? инновациялы? технологиялары  ?олданыла бастады. Инновациялы? (озы?) білім беру дегеніміз - т?л?аны? ба?дарлы ??з?арасы, білімдегі д?лдікті, шы?армашылы? бастауды, сонымен бірге жа?а технологиялы? ма?л?маттарды игеруін айтады. Сол себепті бізді? мектеп м??алімдеріні? басым б?лігі де  инновациялы? ж?йе негізінде ?з біліктіліктерін арттырып отыр.  М??алімдер о?ушыларыны? белсенділігін арттыру, ?зіне сенімділігін ?алыптастыру, танымды?-шы?армашылы? ?абілетін дамыту оларды? белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалы? ?діс-т?сілдермен аны?тау?а, саба?та, саба?тан тыс уа?ытта ?з ойын еркін жеткізе білуге ?йретуге, ?о?амда болып жат?ан о?и?алар?а ?атысты к?з?арастарыны? болуына, инновациялы? т?ртіп нормаларын, белгілерін, к?рсеткіштерін аны?тау?а к?мегін тигізеді.

          ?з т?жірибемде о?у-т?рбие ?рдісінде ?олданып, айтарлы?тай н?тиже беріп ж?рген  ?діс-т?сілдеріммен б?ліспекпін. Мысал ретінде 4- сынып ана тілі саба?ымда о?ушыларды жа?а та?ырып?а байланысты ?й ??старыны? суреттеріні? ?иындысын ??растыру ар?ылы  топ?а б?лдім. Б?л ?дісті? ма?саты о?ушыларды шы?армашылы?пен шапшанды??а баулиды. Саба?тарда о?ыту мен о?уды? жа?а ?діс-т?сілдерін пайдаланып та?ырып?а байланысты т?рліше топ?а б?ліп отыру?а болады. Мысалы математика саба?тарында геометриялы? пішіндер ар?ылы, сандармен, ту?ан к?ндеріні? сандарымен ж?не ?аза? тілі п?нінен с?з таптарыны? т?рлерімен, сюжетті сурет ?иындысымен, смайликтермен, т?сті ?а?аз ?иындыларымен, д?ниетану саба?тарында есе жанурларды?,?сімдіктерді? т?рлерімен, жыл мезгілдерімен,

тірі ж?не ?лі таби?ат денелерімен  топ?а б?лінуге болады.

               Ана тілі саба?ында ?й тапсырмасын тексеру кезе?інде “Кейіпкерге хат”?дісін ?олдандым. Б?л ?дісте ?тілген та?ырып кейіпкеріне о?ушы ?з ойларын ашып хат жазады. О?ушы ??гіме кейіпкеріні? орнына ?зін ?ойып, нені? д?рыс, нені? б?рыс екендігіне шешім ?абылдайды. Мен  о?ушыларды? пікірлерін бір ой арнасына жетелей отырып, «?арама-?айшы пікірлер бекеті» ?дісін пайдаланып, проблемалы? с?ра? ?ойдым, я?ны «Ба?ытжанны? б?рыс жол?а т?суіне кім себепші?»-деп топ арасында пікірталас ?йымдастырдым. ?аза? тілі саба?ында « Кубизм» ?дісін, Венн диаграммасын, математика саба?тарында «С?йкестендір», «Жылдам ойлап айт», «Кім тап?ыр?» сия?ты ?дістерді ?олдану?а болады.

         Жа?а саба??а дайынды? кезе?інде “Ойы?ды д?лелдеп к?р” ?дісін кіріктіріп, жа?а та?ырып ?теш туралы бол?анды?тан ?й ??старыны? дауысы жазыл?ан бейнежазбаны ты?даттым. Б?л жерде мен «?лгермейтін о?ушы» саба?тарда ауыз ашпайтын Айшолпан?а «Т?рткі болу, с?ра? ?ою, ?айта ба?ыттау ар?ылы» ?й ??старыны? дауысынан ажыратып т?рін с?радым.  Ол ма?ан т?рлерін атап берді. Оны ?айта ба?ыттау ма?сатында с?ра?ты к?рделендіре т?стім. ?й ??старыны? адам?а пайдасы бар ма, болса атап айт, деп с?йлеу ?абілетін дамуына, топ арасында ?ысылмай жауап бере білуге ?йреттім. Саба?ты? сол кезе?інде д?ниетану саба?ында «Автор орынды?ы», «?лемге саяхат» ?дістерін ?олдану?а болады.

       Топ?а б?лу кезінде о?ушылар ??растыр?ан сурет ?иындыларын постер ?а?аз?а суретті б?тіндеп ??растырып жапсыруды с?радым. ??растырып бол?ан с??:

«??растырыл?ан  ?й ??сы туралы ?андай м?лімет білесі?дер?»-деп о?ушылардан алдын ала дайындап келген м?ліметтерді с?радым. О?ушылар та?та?а шы?ып топтарымен ?з ойларын б?лісті. Ма?ан мысалы «?аз» тобыны? жауабынан ?азды? майы таптырмас ем екендігі ж?не оны к?йік шал?ан адамны? терісіне жа?са тез жазылып кететіндігі туралы айтыл?ан пікірлер ?те ?нады. ?рбір саба?та о?ушылар ?зін-?зі, ж?бын ж?не топтарды сын к?збен ?арай отырып, ?діл ба?алай алу?а ?йретуіміз керек. Сол ма?сатта мен о?ушылар?а топты ба?алау кезінде мынадай ба?алау критерийлерін ??рып ба?алау?а болатынын ?сындым.

1.М?ліметті? толы? жиналуы.

2.Мазм?нды м?нерлі жеткізе алуы.

3.М?ліметті  ?мірмен  байланыстыра алуы.

«3»балл

«2»балл

«1»балл

О?ушылар б?л тапсырманы орындап бол?ан со? жа?а саба??а к?пір ретінде неге сендер ?й ??старыны? т?рлерімен топ?а б?лінді?іздер ж?не олар туралы ?осымша м?ліметтер жинады?дар?-деп болжау жасатамын. Содан со?

Джесси-Джентильді?  «Ойлан-ж?птас-б?ліс» ?дісін ?олданып: кітаппен ж?мыс ж?ргіземін.

??гімені  топтар?а б?ліп беру.

Б?лікті топ ішінде тал?ылау.

Кезектесіп мазм?ндау.

Боліктерге ат ?ою.

Д?птермен ж?мыс

С?здік ж?мыс.

?и?ым – б?л жерде:  киімнен кесіп алын?ан кішкентай ?иынды.

Б?л ?дісті? ма?саты о?ушылар жа?а та?ырып мазм?нын ?з беттерімен о?ып,тал?ылайды. ??гіме мазм?нынан о?ушылар ?скербекті? бойында аяушылы?, мейірімділік ?асиеттерді? барына к?здерін жеткізіп, сол ?асиеттерді ?з бойларына сі?іру керектігін ??ынады.

Енді о?ушыларды? жа?а саба?тан ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана білу да?дысын ?алыптастыру ма?сатында «Ая?талма?ан тезис» ?дісін ?олдандым.

1-топ: Сыныпта ?скербекті?   мінезіне ??сас  о?ушы  бар, ол.

2-топ:  ?скербекті? бойында  адами ?асиеттер бар, ол.

3-топ: ?скербекті? ?рнында мен болсам.

4-топ: ?скербекті? ?кесі  ойынан айныды,  ?йткені, ол.

Б?л тапсырманы орындап бол?ан со? о?ушыларды? тартіп б?зу?а бейім о?ушылар?а “Кейіпкерлерді салыстыр” ?дісін ?олданып:

?тілген та?ырып кейіпкері Ба?ытжаннан ?лгі алуымыз?а бола ма?

Ал, ?скербектен  ше?

Екі кейіпкерді?  мінез-??л?ын салыстыра отырып, ойын д?лелдетемін.

Саба?ты? ?орытындылау кезе?інде я?ни жина?тауда «Т?йін кесте» ?дісі бойынша  ойларын кестеге т?сіру.

Та?ырып

 «?скербекті? ?теші»

Авторы

  Роза Абыл?адырова

М?тінні? т?рі

 ??гімелеу

С?йлеуді? т?рі

 Мазм?ндау

Кейіпкерлер

 ?скербек, Ба?ытжан

М?тінні?  негізгі идеясы

 «Кішкентай ж?регі?ні? дар?ан мейірімінен»  ?ыбырла?ан жан-жануар?а да ?ам?орлы? жасау керек, мейірімді болу керек.

?орытынды

 ?скербекті? бойында?ы адами  ?асиеттерді ?з бойымыз?а сі?іруіміз керек.

             Саба? барысында о?ушыларды? ?зін-?зі ба?алауы ж?не топты? ?орытынды ба?асын шы?ару ?шін ба?алау пара?ын пайдаландым. О?ушы саба?ты? ?р бір тапсырмасын орында?анда ?зіне ?діл ба?асын ?ойып, ?з де?гейін біліп отыруы керек. Топта отыр?ан о?ушыларды? жина?ан ?пайынан топты? ?пайы келіп шы?ады. Сыныпта бір саба? барысында ?лгермейтін о?ушылармен ж?мыс, дарынды о?ушылармен ж?мыс та бір уа?ытта ж?ріп отырады. Н?тижесінде: О?ушыларды? о?у ?абілетін  дамыту ар?ылы білім сапасы  артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? о?у ?атілетін дамыту ар?ылы білім сапасын арттыру тиімділігі»







Баяндама тақырыбы:

Оқушылардың оқу қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру тиімділігі



















Бастауыш сынып мұғалімі: З.Я.Кочкарова



08.01.2015ж


Тақырыбы: Оқушылардың оқу қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру тиімділігі.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлатуға болады.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір барлық мектептерде оқытудың инновациялық технологиялары  қолданыла бастады. Инновациялық (озық) білім беру дегеніміз - тұлғаның бағдарлы қөзқарасы, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Сол себепті біздің мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі де инновациялық жүйе негізінде өз біліктіліктерін арттырып отыр. Мұғалімдер оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.

Өз тәжірибемде оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген әдіс-тәсілдеріммен бөліспекпін. Мысал ретінде 4- сынып ана тілі сабағымда оқушыларды жаңа тақырыпқа байланысты үй құстарының суреттерінің қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлдім. Бұл әдістің мақсаты оқушыларды шығармашылықпен шапшандыққа баулиды. Сабақтарда оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып тақырыпқа байланысты түрліше топқа бөліп отыруға болады. Мысалы математика сабақтарында геометриялық пішіндер арқылы, сандармен, туған күндерінің сандарымен және қазақ тілі пәнінен сөз таптарының түрлерімен, сюжетті сурет қиындысымен, смайликтермен, түсті қағаз қиындыларымен, дүниетану сабақтарында есе жанурлардың,өсімдіктердің түрлерімен, жыл мезгілдерімен,

тірі және өлі табиғат денелерімен топқа бөлінуге болады.

Ана тілі сабағында үй тапсырмасын тексеру кезеңінде “Кейіпкерге хат”әдісін қолдандым. Бұл әдісте өтілген тақырып кейіпкеріне оқушы өз ойларын ашып хат жазады. Оқушы әңгіме кейіпкерінің орнына өзін қойып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігіне шешім қабылдайды. Мен оқушылардың пікірлерін бір ой арнасына жетелей отырып, «Қарама-қайшы пікірлер бекеті» әдісін пайдаланып, проблемалық сұрақ қойдым, яғны «Бақытжанның бұрыс жолға түсуіне кім себепші?»-деп топ арасында пікірталас ұйымдастырдым. Қазақ тілі сабағында « Кубизм» әдісін, Венн диаграммасын, математика сабақтарында «Сәйкестендір» , «Жылдам ойлап айт», «Кім тапқыр?» сияқты әдістерді қолдануға болады.

Жаңа сабаққа дайындық кезеңінде “Ойыңды дәлелдеп көр” әдісін кіріктіріп, жаңа тақырып әтеш туралы болғандықтан үй құстарының дауысы жазылған бейнежазбаны тыңдаттым. Бұл жерде мен «үлгермейтін оқушы» сабақтарда ауыз ашпайтын Айшолпанға «Түрткі болу, сұрақ қою, қайта бағыттау арқылы» үй құстарының дауысынан ажыратып түрін сұрадым. Ол маған түрлерін атап берді. Оны қайта бағыттау мақсатында сұрақты күрделендіре түстім. Үй құстарының адамға пайдасы бар ма, болса атап айт, деп сөйлеу қабілетін дамуына, топ арасында қысылмай жауап бере білуге үйреттім. Сабақтың сол кезеңінде дүниетану сабағында «Автор орындығы», «Әлемге саяхат» әдістерін қолдануға болады.

Топқа бөлу кезінде оқушылар құрастырған сурет қиындыларын постер қағазға суретті бүтіндеп құрастырып жапсыруды сұрадым. Құрастырып болған сөң:

«Құрастырылған үй құсы туралы қандай мәлімет білесіңдер?»-деп оқушылардан алдын ала дайындап келген мәліметтерді сұрадым. Оқушылар тақтаға шығып топтарымен өз ойларын бөлісті. Маған мысалы «Қаз» тобының жауабынан қаздың майы таптырмас ем екендігі және оны күйік шалған адамның терісіне жақса тез жазылып кететіндігі туралы айтылған пікірлер өте ұнады. Әрбір сабақта оқушылар өзін-өзі, жұбын және топтарды сын көзбен қарай отырып, әділ бағалай алуға үйретуіміз керек. Сол мақсатта мен оқушыларға топты бағалау кезінде мынадай бағалау критерийлерін құрып бағалауға болатынын ұсындым.

1.Мәліметтің толық жиналуы.

2.Мазмұнды мәнерлі жеткізе алуы.

3.Мәліметті өмірмен байланыстыра алуы.

«3»балл

«2»балл

«1»балл

Оқушылар бұл тапсырманы орындап болған соң жаңа сабаққа көпір ретінде неге сендер үй құстарының түрлерімен топқа бөліндіңіздер және олар туралы қосымша мәліметтер жинадыңдар?-деп болжау жасатамын. Содан соң

Джесси-Джентильдің «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолданып: кітаппен жұмыс жүргіземін.

Әңгімені топтарға бөліп беру.

Бөлікті топ ішінде талқылау.

Кезектесіп мазмұндау.

Боліктерге ат қою.

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс.

Қиқым – бұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.

Бұл әдістің мақсаты оқушылар жаңа тақырып мазмұнын өз беттерімен оқып,талқылайды. Әңгіме мазмұнынан оқушылар Әскербектің бойында аяушылық, мейірімділік қасиеттердің барына көздерін жеткізіп, сол қасиеттерді өз бойларына сіңіру керектігін ұғынады.

Енді оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Аяқталмаған тезис» әдісін қолдандым.

1-топ: Сыныпта Әскербектің мінезіне ұқсас оқушы бар, ол.....

2-топ: Әскербектің бойында адами қасиеттер бар, ол.........

3-топ: Әскербектің өрнында мен болсам........

4-топ: Әскербектің әкесі ойынан айныды, өйткені, ол......

Бұл тапсырманы орындап болған соң оқушылардың тартіп бұзуға бейім оқушыларға “Кейіпкерлерді салыстыр” әдісін қолданып:

Өтілген тақырып кейіпкері Бақытжаннан үлгі алуымызға бола ма?

Ал, Әскербектен ше?

Екі кейіпкердің мінез-құлқын салыстыра отырып, ойың дәлелдетемін.

Сабақтың қорытындылау кезеңінде яғни жинақтауда «Түйін кесте» әдісі бойынша ойларын кестеге түсіру.


Тақырып

«Әскербектің әтеші»

Авторы

Роза Абылқадырова

Мәтіннің түрі

Әңгімелеу

Сөйлеудің түрі

Мазмұндау

Кейіпкерлер

Әскербек,

Мәтіннің негізгі идеясы

«Кішкентай жүрегіңнің дарқан мейірімінен» қыбырлаған жан-жануарға да қамқорлық жасау керек, мейірімді болу керек.

Қорытынды

Әскербектің бойындағы адами қасиеттерді өз бойымызға сіңіруіміз керек.


Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтың қорытынды бағасын шығару үшін бағалау парағын пайдаландым. Оқушы сабақтың әр бір тапсырмасын орындағанда өзіне әділ бағасын қойып, өз деңгейін біліп отыруы керек. Топта отырған оқушылардың жинаған ұпайынан топтың ұпайы келіп шығады. Сыныпта бір сабақ барысында үлгермейтін оқушылармен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс та бір уақытта жүріп отырады. Нәтижесінде:Оқушылардың оқу қабілетін дамыту арқылы білім сапасы артады.


Инновациялық технологияларды педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі ерекше, атап айтсақ:

- ойын технологияларын қолдану

- дискуссия сабақтары

- интеграциялық сабақ

- топпен жұмыс

- панорама сабағы

- рольдік ойындар

- Сыни ойлауға үйрету

- «Ойлаудың алты қалпақ» әдісі

Инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

- Лекция – семинар сабақтары

- Проблемалық оқыту әдісі

- «Миға шабуыл» әдісі

- Джесси-Джентильдің «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

- Әңгіме әдісі

- Қашықтықтан оқыту технологиясы

- Дөңгелек үстел

- Дебат сабақтары

- Саяхат сабақтарын ұйымдастыруға болады.

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.

Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық педтехнологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, білімінің нәтижесін алдындағы оқушысынан көре алады. Міне бір сабақ мұғалімнен қаншама ізденісті қажет етеді. Біз мұғалімдер тек қана ашық сабақтарымыз үшін ізденіп қоймай күнделікті сабақтарымызды түрлендіріп, қызықты етіп ұйымдастырсақ оқушылардың оқу қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз.

 











Әдебиет:

 

1.      Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2010. + 30 қаңтар.

2.      Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2003. - №8. - 20 б.

3.      Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика. – 1989.

4.      Поташник М.М. Инновационные школы России: становление и развитие. - М., Новая школа, 1996. - С. 320.

5.      Әмір Ш.. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары // Қазақстан мектебі. – 2000. - № 5. - 13 б.

6.      Камзина Б.М. Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шеберлігі // Бастауыш мектеп. – 2001. - №1-2.

7.      Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

8.      Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск. - 1999.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? о?у ?атілетін дамыту ар?ылы білім сапасын арттыру тиімділігі

Автор: Кочкарова Зулфия Янгибаевна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314321


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства