Аяулы Г?лдана?а неге та??алды? ( Ол ертегіні тез ??ып ал?анына та??алды, ертегіні жал?ыстырып айтып берді)
?же ертегісін ты?дау ?шін Аяулы?а не ?ажет еді? ( т?зімділік,шыдамдылы?, бар зейінін сала білу керек еді, ы?ылас ?ойып ты?дай білу керек)
Сонымен, балалар, ?ткен саба?ымызда адамгершілік ?асиеттерді? бірі т?зім, я?ни шыдамдылы?, сабырлы? керек екенін білдік.Ал, енді, жа?а саба?ымыз?а кірісейік,д?птерді ашып,б?гінгі к?нді жазайы?.
І. Ұйымдастыру кезеңі. –Саламатсыздар, балалар, отырыңыздар.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, себебі сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Сабағымызды бастайық,
Ешбір асып-саспайық,
Біліктілік көрсетіп,
Әдептілік сақтайық!
Балалар бүгінгі сабағымыздың мақсатына назар аударайық! (Интертақтадан мақсаттарын айту)
ІІ. Өткен сабақпен байланыс. Үй жұмысын сұрау.
Мәтінді оқыту; (жеке оқушымен жұмыс)
Мазмұнын айтқызу;(жеке оқушымен жұмыс)
Сұрақ-жауап (жалпылама сұрау)
-Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады? ( Кейбір сөздерін түсінбегендіктен, есіл-дерті далада болды, ойы басқада болып, ертегіні тыңдағысы келмеді.)
-Гүлдана ертегіні қалай тыңдады? ( басынын аяғына дейін тыңдады, ертегіні қызыға тыңдады, Аяулы сияқты әжесінің сөзін бөлген жоқ.)
Аяулы Гүлданаға неге таңғалды? ( Ол ертегіні тез ұғып алғанына таңғалды, ертегіні жалғыстырып айтып берді)
Әже ертегісін тыңдау үшін Аяулыға не қажет еді? ( төзімділік,шыдамдылық, бар зейінін сала білу керек еді, ықылас қойып тыңдай білу керек)
Сонымен, балалар, өткен сабағымызда адамгершілік қасиеттердің бірі төзім, яғни шыдамдылық, сабырлық керек екенін білдік.Ал, енді, жаңа сабағымызға кірісейік,дәптерді ашып,бүгінгі күнді жазайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ауызша жаттығайық, жаңа ережелермен танысайық. 65-жаттығуға назар аударайық.немесе интерактивті тақтаға қарайық.
Сөздерді буынға бөлу
Қа-йың,сөзіндегі екі дауысты дыбыс ,яғни а мен ы ортасында келеді, екінші буын осы дыбыстан басталып тұр.
Мыны сөздерді буынға бөліп жаттығайық : О-йын-шық, қа-йың, зе-йін-ді,мо-мын, кө-
бей-еді, сү-йін ші .
Жа-ңа сөзінде ң дыбысы қандай екі дауысты дыбыстан кейін келеді? ( ереже шығару)
Мына сөздерді буынға бөліп көрейік:Жаңалық, қоңырау, қоңыр, жаңылтпаш, жеңіс, теңіз, жеңіл.
Та-уық сөзінде у дыбысы қандай екі дауысты дыбыстан кейін келеді?
Мына сөздерді буынға бөлейік ауа,ауыл,дауыл,дауыс,сауыншы,қауын, сауысқан,бауыр.
Жаттап алайық: й,ң у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады: қа-йық, жа-ңа,та-уық.
Жазбаша жаттығайық:
Оқулықта қарамен жазылып көрсетілген сөздерді буынға бөліп, дәптерге жазайық.